Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет108/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   117
 

 


 

388 


Қосымшалар  

Археология ғылымында қолданылатын негізгі терминдер сӛздігі 

 

Аверс – тиынның оң беті; монетаның, медальдың беткі жағы. 

Австралопитек  –  «оңтҥстік  маймылы»  -  адамның  ең  ежелгі  және  жабайы 

тҥрі. Африкадан табылған. Мерзімі шамамен 5,5-1 млн. жылдар аралығында. 



Айван/айуан – ҥлкен текше ойығы кҥмбезбен жабылған қасбет. 

Ақинақ – екі жҥзді скиф-сақ қанжары. Ҧзындығы әдетте 40-50 см шамасында. 

Аллювий  (лат.  Alluvіo  —  шайма,  тосқын)  —  ӛзен  аңғарларында  тау 

жыныстары ҥгінділерінің жиналуынан пайда болатын борпылдақ шӛгінділер 

(малтатас, қиыршықтас, қҧм, т.б.). 

 Амфора – екі ҧстағышты мойынды келген ыдыс. Әдетте тҧрқы ҥлкен, бҥйірі 

кең, мойыны тар болып келеді. 



Ангоб  –  ыдысты  жҧқа  саз  балшықпен  бетін  тегістеу  және  эстетикалық 

кейіпке салу ҥшін жабу. 



Антропогендік  кезең  —  адам  пайда  болып,  оның  шаруашылық  әрекеті 

табиғаттың бейнесін ӛзгерте бастаған тӛрттік дәуір. 



Антропоморфты  (адам  бейнелі)  –  әлдебір  тіршілік  иесінің  немесе 

жануарлардың  суреті,  онда  адам  кейпі,  жан-жануарлардың  келбеті,  сҧлбасы 

қосыла бейнеленеді. 

Аң  стилі  –  ерте  темір  дәуіріндегі  жан-жануарлар,  хайуанаттар  бейнелерін 

шаруашылық-тҧрмыстық бҧйымдарға, т.б. салу немесе тҥсіру.  



Ареал (лат. area — жер, кеңістік) — жер бетінің жануарлар мен ӛсімдіктердің 

белгілі  бір  тҥрлері  тіршілік  ететін  аймағы.  Археологияда  ежелгі  адамзат 

мекен еткен аймақтар мен ӛңірлерге де қолданылады. 

Аридтік  климат  (лат.  arіdus  —  қҧрғақ)  —  атмосфера  ылғалдылығы 

жеткіліксіз  жағдайда  (қуаң,  шӛлді  және  шӛлейтті  ӛңірлерде)  қалыптасатын 

климат. 

Артефакт — адамзат қолымен жасалған зат, бҧйым. 

Археологиялық кешен – археологиялық нысандардың жиынтығы. 

Ассимиляция  –  бір  халықтың  ӛзге  халық  тілін,  мәдениетін,  әдет-ғҧрпын 

меңгеріп,  қҧрамына  сіңісіп  кетуі.  Археологияда  кӛбіне  бір  мәдениет 

белгілерін басқасының ығыстырып шығаруы немесе ӛзара кірігуі. 

Бадраб, бадрап – ортағасырлық қалаларда қоқыс тӛгілетін орын. 

Бифас — екі шеті ӛңделген қҧрал. 

Бойтұмар – зҧлым кҥштерден қорғайды, тылсым кҥшке ие деп есептелінген 

қасиетті зат. 



Глазурь – керамикалық бҧйымдар мен әшекейлерге жағылатын шыны тәрізді 

жабын, ол заттың беріктігін арттырған, ылғалдан сақтаған. 



Голоцен  —  геологиялық  кезең.  Шамамен  осыдан  12-10  мыңжылдық  бҧрын 

плейстоценнен кейін қалыптасқан тӛрттік бҥгінгі тҥзілімдер. 



Граффити  –  жартасқа,  баспана  қабырғасына,  қыш  ыдыстарына  салынған 

фигуралар, суреттер немесе жазулар. 



Дандана – қырынан бір қатар етіп қойылған кірпіш қаландысы. 

Дастархан – саз балшықтан кҥйдіріліп, дӛңгелек етіп жасалынған жозы.  


 

389 


Дәнүккіш – бидайды, т.б. дақылдарды ҧнтақтауға арналған қҧрал. 

Дәстүр  –  артефакт  тҧрпатының  сипатына  қарай  идентификациясы 

жасалатын тҧрақты технологиялық немесе мәдени қҧрылым.  



Денудация – тау жыныстарының бҧзылу процестерінің жиынтық атауы және 

табиғи кҥштер (су, жел т.б.) әсерінен олардың тӛмен сырғуы, жылжуы. 



Дефляция  –  тау  жыныстарының  табиғи  кҥштер  әсерінен  бҧзылуы,  ҥнілуі, 

ӛзгерістерге  ҧшырауы.  Қуаң  аймақтардағы  ескерткіштердің  жас  шамасын 

анықтауда  палеолиттанушылар  тас  қҧралдарының  сыртқы  қабатындағы 

ӛзгерістерге сҥйенеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет