Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет24/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117
Төлес  мәдениеті.  Қазақстанның  батыс  ӛңірінде  таралған  тағы  бір 

археологиялық  мәдениттің  бірі  –  тӛлес  мәдениеті.  Ойықты  мәдениетінен 

тӛлес мәдениетінің  тас индустриясының айырмашылығы сол, соңғы аталған 

мәдениетке тән қҧралдар мен дайындамалардың кӛлемі кішірек болып келеді, 

кей  жағдайда  кескіш  опырынды  дәстҥрі  жоғала  бастайды,  «шағын 

кескіштер»,  «мҥйізді» және  асимметриялық трапециялар,  екі  жағы  ӛңделген 

жебе  ҧштары  кездесе  қоймайды.  Бҧл  археологиялық  мәдениеттің  де  негізгі 

ескерткіштерінің  бірқатары  Солтҥстік-Шығыс  Каспий  маңы  мен  Маңғыстау 

жерінен  зерттелінген.  Олардың  арасындағы  ең  негізгісі  Ақтау-1  қонысы. 

Аталған  ескерткішті  зерттеу  барысына  баспана  аршылып,  одан  неолит 

заманындағы кӛптеген бҧйымдар жинастырылған.  

Маңғыстаудағы Сауысқан  қҧмдарынан  да шартты  тҥрде Ҥштаған-1 деп 

аталған  тҧрақтан  тӛлес  мәдениетіне  келіңкірейтін  кӛптеген  заттар 

жинастырылған.  Бҧл  тҧрақтан  527  дана  шақпақ  тастан  бҧйымдары,  500-дей 

қыш ыдыстар сынықтары, ҧлутас-қабыршақтар жиыстырылған.  

Туесу қҧмдарындағы Сенек ауылы маңынан оншақты тҧрақтар ашылған. 

Ескерткіштердің  бір  бӛлігі  тақырлар  маңынан  табылса,  келесі  тобы  шағын 

қазаншҧңқырлар жанынан анықталған. Әсіресе Сенек-10 тҧрағынан біршама 

қомақты  материал  жиыстырылған.  Археологиялық  зерттеулер  барысында 

тҧрақтан  шақпақ  тастан  жасалған  391  дана  бҧйым,  30  шақты  қыш  ыдыстар 

сынықтары, ҧлутас-қабыршақтар алынған. Екінші қайтар  ӛңделген қҧралдар 

жиынтығы 23 дана затты қҧрайды. 

Сондай-ақ  Сағыз  ӛзені  алабындағы  Бекбеке-1,  3-4  тҧрақтарының 

материалдары  (тас  индустриясы,  қыш  ыдыстары)  да  соңғы  мәліметтер 

бойынша тӛлес мәдениетіне жатады. 

Жалпы  алғанда,  тӛлес  мәдениетінің  Каспий  маңындағы  неолиттегі 

орнына  келер  болсақ,  ол  ойықты  мәдениетің  соңғы  кезеңіндегі  нҧсқасы 

іспеттес.  Оның  дамуына  географиялық  орта  тіклей  әсерін  тигізген. 

Мәдениетті  қалдырушылар  маусымдық  мезгілде  кӛшіп-қонып  жҥруі  де 

мҥмкін  сияқты.  Ӛйткені  тӛлес  мәдениетінің  кейбір  ескерткіштері  теңізден 

алыста жатқан аймақтардан да табылып отыр. 

Тӛлес  тҧрақтарының  жас  мӛлшерін  анықтау  кҥрделі  мәселелерің  бірі. 

Табылған келтеминарлық типтегі жебе ҧштарына сҥйенер болсақ, ол б.з.б. Ҥ 

мыңжылдық екінші жартысы мен б.з.б. ІІІ мыңжылдықты қамтиды. Тӛлестік 

қыш  ыдыстарының  бір  бӛлігі  Тентексор  тҧрағына  (С

14

 



әдісі  бойынша  б.з.б. 

5600  жылдар  шамасы),  ал  «шырша»  тәрізді  ою-ӛрнектілері  келтеминар 

мәдениетінің жанбас кезеңіне жақын келеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет