Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Маңғыстау  энеолиті.  Маңғыстау  тарихындағы  энеолит  шартты  тҥрде 

алынған,  кӛп  жағдайда  жалпы  кезеңдестіруге  сай  келе  бермейді.  Б.з.б.  Ҥ 

мыңжылдық  соңы  мен  б.з.б.  ІҤ  мыңжылдық  бас  кезінде  бҧл  аумақтың 

жергілікті  тҧрғындары  кӛршілерімен  мәдени  байланысқа  тҥскендігі  анық, 

сірә,  солтҥстіктен  және  оңтҥстік-шығыстан  келген  тайпалар  легі  ӛзіндік 

мәдени  әсерін  тигізген.  Алғашқы  лек  шебір  типіндегі  ескерткіштерден 

байқалады,  ол  Еділ-Жайық  ӛңірінде  кеңінен  таралған  энеолиттік  хвалын 

мәдениетіне жатады.  

Энеолит  заманының  тҧрақтары  мен  жекелеген  олжалары  Бозашы 

жартыаралынан,  Маңғысаудың  орталығынан  және  жағалауларынан  кӛптеп 

ашылған. Ең кӛрнекті тҧрақ Бозашыдағы Шебір кенті маңындағы қҧмдардан 

табылған.  Бҧл  жерден  шақпақ  тастар  мен  қыш  ыдыстар  сынықтарының  екі 

ҥлкен шоғыры анықталған. Шоғырлардың ӛте тығыз орналасуы жер бетінде 

сақталмаған  қҧрылыс  орнына  тән  шекараны  да  байқатса  керек.  Телімнің 

мәдени  қабатын  тазалаған  кезде  шаруашылық  шҧңқырлары,  қызыл  бояулы 

қҧммен толтырылған және 105 дана ҧсақ тас жаңқалары мен тас тіліктері бар 

ғҧрыптық мақсатқа пайдаланылған шҧқыр аршылған. 

Шебір  типіндегі  шақпақ  тас  топтамасы  ірі  тас  тіліктері  мен  олардан 

жасалған  қҧралдарымен  дараланады.  Қҧралдар  жиынтығы  жергілікті  неолит 

тҧрақтарынан алынған бҧйымдарға ҧқсас. Бірақ тері ӛңдеу ҥрдісін анағҧрлым 

жылдамдата  тҥсетін  бҥйірлі  қырғыштар  кӛбірек  ҧшырасады.  Қашау  тәрізді 

қҧралдар, бір жҥзді пышақ, иықты бҧрғы пайда бола бастайды. Тҧрақтардан 

геометриялық 

микролиттер 

ҧшыраса 

қоймайды. 

Жебе 

ҧштары  


табылмағанымен,  оны  пайдаланбауы  мҥмкін  еместігі  белгілі,  себебі  қҧрамы 

кҥрделі  олжалар  жеткілікті  дәрежеде  кездеседі.  Еңбек  қҧралдары  мен  қару-

жарақ жасауда жергілікті шикізат кӛздері пайдаланылғандығы анықталған. 

Қыш ыдыстары қолдан жасалды. Ыдыстарға жҧмыртқа секілді дӛңгелек-

конус  тәрізді  пішін  берілді.  Оның  шеті  ірі  ернеуінен  тҧрды.  Ою-ӛрнектер, 

қабыршақтарының  қабырғаларынан  дайындалды.  Моншақтардың  шеттері 

мҧқият тҥрде жалтыратылды, ал тесігі қарсы бҧрғылау әдісімен тҥсірілді. 

Шебір тҧрағынан шағын металл біз табылған. Оны Хвалын қорымынан 

алынған металл бҧйымдарға ҧқсас деуге болады.  

Маңғыстауға  келген  тҧрғындардың  екінші  легі  орта-азиялық  қосӛзен 

аңғарынан келген. Ол Маңғыстаудағы Қошқар-ата ойпатынның жағалауында 

орналасқан ескерткіштерден байқалады және де келтеминарлық олжалармен, 

соның  ішінде  Дингильдже-6  сынды  нысандармен  байланыста.  Тҧрақтың 

шақпақ  тас  қҧралдары  арасынан  бҥйірі  ойық  тас  тілікшелі  жебе  ҧштары, 

асимметриялы  ойықтары  бар  қашаулар,  сырты  доғалданған  және бҥйір  шеті 

негізінен,  тарақ  штамппен  тҥсірілді.  Қарапайым  геометриялық  ӛрнекпен 

ыдыстың  жоғарғы  және  тӛменгі  бӛліктері  кӛмкерілді.  Ыдыстың  іші  сол 

тарақпен  тегістелді.  Саз  балшыққа  ҧлутас-қабыршақ  бӛліктері  де  қосылды. 

Ыдыстар жіп тәрізді әдіспен, қабырғасы жҧқа етіп жасалды және де олардың 

сыйымдылығы 6-7 литрге жетті. 

Шебір  тҧрғындары  ӛздерімен  бірге  жаңа  әшекейлер  –  теңізде  тіршілік 

ететін  моллюскілерден  жасалған  ірі  моншақтар  және  диаметрі  3-6  мм  




 

101 


цилиндр  тәрізді  ҧсақ  моншақтар  алып  келді.  Соңғылары  теңіз  ҥшкірленген 

қыстырма,  шеті  ҥш  бҧрышты  бҧрғы  мен  шағын  бҧрғыларды  атап  кетуге 

болады.  Бҧл  қҧралдар  келтеминар  мәдениетінің  дамыған  және  кейінгі 

кезеңдеріне тән. 

Хронологиялық  тҧрғыдан  Маңғыстаудағы  хвалын  және  келтеминарлық 

әсердегі  ескерткіштер  замандас.  Қошқар-ата-4  тҧрағының  қыш  ыдыстары 

келтеминарлық  кейіпте  болғанымен  шебірлік  ыдыстарға  да  тән  екендігі 

байқалады, айырмасы – тек олардың тҥбі жалпақ болып келеді. Ӛз кезегінде 

бҧл мәдениеттер ойықты және тӛлес сынды жергілікті мәдениеттермен қатар 

ӛмір  сҥреді,  мҧны  шебір  типіндегі  қыш  ыдыстары  бар  Қосқҧдық  тҧрағы 

секілді археологиялық нысандар материалдары растап отыр. 

Б.з.б. ІҤ мыңжылдықтағы тарихи ҥрдістерді танып-білу Шығыс Каспий 

аумағында орын алған ӛнім ӛндіру экономикасымен (мал шаруашылығымен) 

тығыз  байланысты.  Егер  бҧрын  бҧл  ӛңірге  таяушығыстық  мәдени  ошақ 

аудандарынан  қойдың  таралуына  себепкер  болған  деген  басымдық  берілсе, 

соңғы уақыттарда бҧл пікір М.И.Итина мен В.А.Алекшин тарапынан теріске 

шығарылуда.  Олар  орта-азиялық  қосӛзен  аңғарына  мал  шаруашылығы 

солтҥстік  далалы  аймақтардан  келу  мҥмкіндігі  мол  екендігін  айтып  отыр. 

Келтеминар  мәдениетінің  жоғарғы  шегінің  хронологиялық  тҧрғыдан 

кешуілдеуі  және  кейіннен  Орта  Азиядаға  ӛнім  ӛндіру  шаруашылығының 

солтҥстікке  қарай  ауысуы  (б.з.б.  ІІІ-ІІ  мыңжылдықтарда)  Еділ-Жайықтық 

хвалын  тайпаларында  б.з.б.  Ҥ-ІҤ  мыңжылдықтарда  кӛшпенді  (жылжымалы) 

мал  шаруашылығы  біршама  дамығандығын  нақты  кӛрсетеді.  Осы  кездері 

хвалындықтар Маңғыстауға да келе бастайды. 

Сӛйтіп,  Маңғыстау  тҥбегіндегі  энеолит  бас  кезіндегі  археологиялық 

кезеңдестірілу 

мҧнда 

жылжымалы 



мал 

шаруашылығы 

қалыптаса 

бастағандығын  аңғартады.  Белсенді  қимыл  жасаған  келімсек  тайпалардың 

жергілікті  неолиттік  тҧрғындарымен  араласуы  кейінірек  Маңғыстауда  қола 

дәуірінде  жаңа  мәдениеттердің  қалыптасуына  алып  келді.  Дегенмен  бҧл 

кезеңдердегі  уақыт  шеңбері  әлі  нақты  емес.  Оны  келешектегі  далалық 

ізденістер нақтылайтындығы белгілі. 

Энеолит  дәуіріне  жататын  ескерткіштер  Сарыарқа  өңірінен  де  кӛптеп 

табылған.  Мҧндағы  ескерткіштердің  кӛпшілігі  бҧлақтардың  жанында,  ӛзен 

жағалауларында  жиі  орналасқандығы  байқалады.  Бірнеше  мәдени 

қабаттардан тҧратын Қарағанды қаласының маңындағы, Екібастҧз ӛңіріндегі 

тҧрақтар  материалдары  энеолит  мәдени  қабаттарының  неолиттік  кезеңдегі 

қабаттармен  тығыз  байланысты  екендігін  аңғартады.  Кӛбіне  энеолиттік 

ескерткіштер  неолиттік  археологиялық  нысандардың  тасасында  қалып  кетіп 

жатады.  Себебі  мыстан  жасалған  бҧйымдардың  сирек  ҧшырасуы, 

зерттеушілердің  кӛптеген  энеолиттік  ескерткіштерді  неолитке  жатқыза 

салуына  алып  келген.  Әрі  екі  кезең  ескерткіштерінің  бір  орында  ҧшырасуы 

нақты бӛліп кӛрсету мҥмкіндігін шектейді. Сондықтан да Орталық Қазақстан 

неолиті  әлі  де  болса  нақтылай  тҥсуді  қажет  етеді.  Дегенмен,  бірқатар 

зерттеушілер  тарапынан    Сарыарқаның  кейбір  энеолиттік  ескерткіштеріне 

азды-кемді талдау жасалғандығын атап кету керек. 




 

102 


Екібастҧз  ӛңіріндегі  энеолитті  толымды  тҥрде  кӛп  қабатты  Шідерті-3 

тҧрағының  материалдары  да  сипаттап  береді.  Бҧл  ескерткіштің  энеолиттік 

мәдени қабатынан еңбек қҧралдары кӛптеп алынған.   

Қорыта  айтқанда,  қазіргі  таңда  энеолит  ӛтпелі  мәдени-тарихи  кезеңіне 

жататын Есіл ӛңірінде 6 қоныста кең кӛлемде қазба жҧмыстары жҥргізілген. 

Торғай ойпатынан 32 ескерткіш анықталған. Жҥздеген ескерткіштер Орталық 

Қазақстан  аумағынан  белгілі  болып  отыр.  Арал  ӛңірінен  ондаған 

ескерткіштер табылған. Басқа ӛңірлерде энеолиттік ескерткіштерді айқындау 

әлі кҥнге дейін кенжелеп келеді. 

 



 

103 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет