Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет37/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117
V-тарау 

 

САҚ, УСУНЬ, КАНГЮЙ, ХУННУ, САВРОМАТ ЖӘНЕ 

САРМАТТАРДЫҢ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 

 

Скиф-сақ проблемасы 

 

Ҧшы-қиыры  шексіз  еуразиялық  шӛлді  және  шӛлейтті  аймақтарда  б.з.б. 



ІІ-І-мыңжылдықтар  шегі  мен  б.з.б.  І-мыңжылдық  бас  кезінде  мал 

шаруашылығының  кӛшпелі  формасы  мен  темір  металлургиясының  таралуы 

сынды маңызды оқиғалар орын алғандығы белгілі. 

Мал шаруашылығына  тән жаңа формалардың кеңінен  таралуы бірқатар 

факторлардың  ӛзара  әрекетінен  туындаған  еді.  Олардың  арасынан 

зерттеушілер  табиғи-климаттық  жағдайды;  мал  шаруашылығын  жҥргізу 

тәсілдерінің  жетілдірілуін;  шӛлді  және  шӛлейтті  аймақтарға  бейімделген 

малдың  тҥрлік  қҧрамының  қалыптасуын  ерекше  атап  кӛрсетеді.  Бҧл 

байлықтың  кӛзі  болған  мал  санын  кӛбейтуге  және  айырбас  жасауға 

ҧмтылудан  келіп  шыққан  мҥліктік  және  әлеуметтік  дифференциацияның 

ӛсуіне байланысты туындаған әлеуметтік қатынастардың жаңа деңгейі де еді. 

Осы  кездері  арбалы-жекпелі  кӛлік  тарала  бастады;  жылқы  шаруашылығы 

одан  ары  дами  тҥсті;  «қатал»  сулық  пайда  болды  және  атты  салт  міну 

қалыптасқан еді.  

Қалыптаса бастаған кезден және ерте орта ғасырларға (б.з. Ҥ ғ.) дейінгі 

кезеңдегі  кӛшпелі  қоғамдарды  ерте  темір  дәуірі  немесе  ерте  кӛшпенділер 

дәуірі деп атау орын алған. Ол белгілі бір аумақтарда ӛткен дәуірлік ҥрдістер 

мәнін ашып кӛрсетеді, сондай-ақ тайпалық және этникалық қҧрылымдардың 

ӛздеріне  тән  заңдылықтары  бойынша  тарихи  дамуын  сипаттайды.  Кӛшпелі 

мал  шаруашылығын  зерттеген  мамандар  кӛшпеліліктің  кҥрделі  екендігіне, 

оның  шығу  тегі  мен  эволюциялық  ҥрдістері  бір  сарынмен  жҥрмегендігіне 

баса назар аударған. 

Еуразия  тҧрғындарының  жаппай  және  тез  арада  отырықшылықтан 

кӛшпелілікке 

ӛтуіне 

кҥмән 


келтірген 

сақтар 


мәдениетінің 

ірі 


зерттеушілерінің бірі С.И.Руденко пайымдаулары қызықты. Оның пікірінше, 

ҥнемі  қозғалыста  жҥрген  таза  кӛшпелілер  ӛте  сирек,  ӛйткені  малшылардың 

басым  бӛлігі  белгілі  бір  дәрежеде  отырықшылықпен  және  егіншілікпен 

байланыста  болған,  мҧның  ӛзіне  географиялық  факторлар  септігін  тигізген. 

Зерттеушінің  «мал  табындары  мол,  ең  алдымен  қой  мен  жылқы  ӛсірген  бай 

және  ӛте  бай  малшылар»  ғана  кӛшіп-қонып  жҥрді  және  бҧл  олардың  артық 

дәрежелілігі (айрықша қҧқығы) болды деген пікірі де қызықты.  

Б.з.б.  І  мыңжылдықтың  алғашқы  ғасырларында  халықтың  бір  бӛлігінің 

кӛшпелі  ӛмір  салтын  ҧстануы  жаңа  археологиялық  мәдениеттердің 

қалыптасуына  алып  келді.  Ӛзіндік  ерекшеліктеріне  қарамастан  олардың 

барлығы бірқатар жайттардан тҥзілген белгілі бір тҧтастықты қҧрайды. 

Бҧл бірқатар жайттар – ҧқсас ӛмір сҥру ортасы мен осыған орай біркелкі 

тіршілік жағдайлары, алыс аумақтармен тез арада мәдени байланыс орнатуға 



 

155 


дайын  тҧрған  жылдам  қозғалушылық,  әлеуметтік-экономикалық  дамудың 

жақын  деңгейі,  және  де,  қима-андронов  мәдени  қабатына  апаратын  жалпы 

генетикалық  негіз  еді.  Мәдениеттер  арасындағы  ҧқсастық  бірнеше  біркелкі 

емес  «скиф-сібір  тҧтастығы»,  «скиф-сібір  қауымдастығы»,  «скиф  әлемі» 

секілді  терминдер  арқылы  таңбаланады.  Соңғы  «скиф  әлемі»  термині 

біршама  бейтарап,  сондықтан  да  ол  кӛп  қолданылады.  Мәдениеттердің 

жақындық  сипаты  ертескифтік  дәуірде  қалыптасады,  бірақ  оның  жекелген 

бастаулары  мен  тамырларын  қола  дәуіріндегі  ежелгі  мал  ӛсірушілердің 

мәдени байланыстары мен қарым-қатынастарынан да кӛруге болады. 

Дәл  осы  қола  дәуірінде  Еуразия  далаларына  еуропеоидты  (еуропа 

пішіндес)  антропологиялық  тип  тарала  бастайды,  ол  әсіресе  кейіннен 

скифтер  заманында  басымдық  танытқан  еді.  Дунайдан  Моңғолияға  дейін 

қоныстанған  еуразиялық  кӛшпенділер  қауымдастығының  ең  жарқан 

мәдениеті бҧл тайпалардың скиф триадасында кӛрініс тапты, оның қҧрамына 

ӛзара  жақын  қару-жарақтың  типтері,  ат  әбзелдері  мен  ӛзіндік  скиф-сібір  аң 

стилі кіреді. Бірақ скиф-сібір әлеміндегі кӛшпелі мәдениеттер мазмҧны одан 

да кең. Оған скиф қазандары, ішінара монументтік ӛнер ескерткіштері – бҧғы 

тастар, петроглифтер, кей жағдайлардағы жерлеу орындарының қҧрылысы де 

кіреді.  

Шығыс  Еуропа  ерте  темір  ғасыры  мәдениеттері  ҥшін  алғашқы 

кезеңдестіру  Қара  теңіздің  солтҥстік  жағалауындағы  скиф  ескерткіштерінің 

негізінде  жасалды.  Кейінірек  шығыс  кӛшпенділерінің  археологиялық 

мәдениеттері скиф ескерткіштеріне сәйкестендірілді.  

Соңғы  уақыттарға  дейін  скиф  мәдениетінің басталған  мерзімі  б.з.б.  VІІ 

ғасыр екінші жартысы деп саналып келді. Бірақ қазіргі кезде скиф кезеңінің 

басталуы б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлар деген кӛзқарас жиірек айтылып келеді. 

Қазақстан  мен  Орта  Азия  ҥшін  сақ  және  савромат  мәдениеттерінің 

ерекшелігі  ежелгі  мемлекеттердегі  отырықшы-егінші  халықпен  кӛршілес 

орналасудан  және  олармен  белсенді  тҥрде  араласудан  кӛрінеді.  Солтҥстік 

сатраптары  ішінара  кіріп  жатқан  Ахемен  әулеті  державасына,  дайлардың 

кӛшпелі 

тайпалары 

қҧруға 

қатысқан, 

сонымен 

қатар 


билеуші 

династияларыың негізін қалаған Парфия мемлекетіне жақын болу, сондай-ақ 

кӛшпелі  тайпалардың  Грек-Бактрия  патшалығын  кҥйретуге  қатысуы 

қазақстандық  тайпалардың  материалдары  мен  рухани  мәдениетінде  кӛрініс 

таппай  қоймады.  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  кӛшпелі  және  отырықшы 

қауымдастықтары біртҧтас экономикалық, тіпті саяси қҧрылымдар да қҧрды, 

олар бір-біріне тҧтастай тәуелді болып, ӛзара ҥнемі араласуға мҥдделі болды. 

 

Сақтар 

 

Қазақстан аумағын б.з.б. І-мыңжылдықта жинақтап алғанда «сақ» деген 



кӛптеген тайпалар мекендеді. Сақ тайпалары  Солтҥстік Қара теңіз ӛңірі мен 

Днепр  бойын  мекендеген  скифтердің  және  Еділдің  тӛменгі  ағысы  мен 

Оңтҥстік  Орал  маңында  тіршілік  еткен  савроматтардың,  Кир  және  І  Дария 

уақытындағы  парсылардың,  Александр  Македонский  дәуіріндегі  гректердің 




 

156 


замандастары  болды.  Ахемен  (ахеменидтер)  сына  жазуларынан  тҧратын 

дереккӛздерде  сақтардың  хаумаварга-сақтар  (хаома  сусынын  дайындайтын 

сақтар),  тиграхауда-сақтар  (шошақ  бӛрік  киетін  сақтар),  парадрайа-сақтар 

(теңіздің ар жағындағы сақтар) секілді ҥш топқа бӛлінгендігі айтылады. 

Сақтар  тарихын  білу  ҥшін  ежелгі  парсы,  элам  және  аккад  тілдерінде 

жазылған Дарий мен Ксеркс секілді патшалардың жазбалары, сонымен қатар 

«Авеста»  деп  аталатын  ежелгі  ирандықтардың  зороастриялық  дінінің 

кітаптар  жинағы  едәуір  қызығушылық  туғызады.  І  Дарийдің  Бехистун 

жазуындағы  бесінші  бағана,  Накши-Рҥстемдегі  «а»  жазуы,  Персепольдағы 

«е» мәтіні және де Ксеркстің «дәулер туралы жазуы» да ерекше маңызды. 

Грек  және  латын  тілдеріндегі  антикалық  дереккӛздері  де  ӛте  қҧнды. 

Олардың  арасынан  Геродоттың  еңбегі  («Тарих»)  айрықша  дараланады. 

Қазақстан тарихы ҥшін Еуразия кӛшпенділері туралы толымды мағлҧматтар 

беретін  оның  тӛртінші  кітабының  маңызы  аса  зор.  Ахемен  әулеті  билік 

қҧрған  уақыттағы  тарих  жайлы  бірқатар  қҧнды  мәліметтерді  Ксенофонт, 

Ктесий  және  де  кейінгі  авторлар  –  Арриан,  Полиен,  Диодор,  Полибий, 

Плиний, Птоломей, Страбон қалдырған. Бірақ олардағы Қазақстан аумағында 

ӛмір  сҥрген  сақтар  туралы  нақты  ақпараттар  аса  кӛп  емес  және  де  кӛбіне 

ҥзінділерден тҧрады. 

Ең  ерте  кездердегі  ежелгі  парсы  сына  жазбаларындағы  мәтінде 

Қазақстанды мекендеген тайпалар  «сақ» деген  жалпы атаумен берілген. Бҧл 

термин,  авесталық  «тур»  атауына  қарағанда  иран,  грек-латын,  кейіннен 

қытай дереккӛздерінде кеңінен таралды. 

Геродот  та  басқа  кӛптеген  грек  авторлары  секілді  сақтарды  скиф  деп 

атады, кейде оған «азиялық скифтер» терминін қосып та отырды. Бірақ грек 

дереккӛздерінде  ахемен  әулеті  сына  жазбаларында  кездесе  қоймайтын 

массагет,  савромат,  аргиппей,  аримаспы,  ассии,  пасиан,  сакараука  сынды 

атаулар да бар. 

Жоғарыда  аталған  тайпаларды  ежелгі  парсы  және  антикалық 

дереккӛздерінің  негізінде  қазіргі  Қазақстан  мен  Орта  Азия  картасына 

орналастыру  сауалдары  тҥпкілікті  шешілген  жоқ.  Соңғы  уақыттарға  дейін 

теңіздің  ар  жағындағы  сақтарды  орналастыруда  екі  кӛзқарас  қалыптасқан 

болатын. Біріншісі бойынша, олар  Арал теңізі маңынан шығысқа, сондай-ақ 

Әмудария  мен  Сырдарияның  тӛменгі  ағысында  орналасты.  Бҧл  сауалдың 

негіздемесіне  І  Дарийдің  сақтарға  жасаған  жорығының  бағыты  туралы 

баяндаған  Бехистун  жазуындағы  бесінші  бағана-жолдың  екінші  бӛлігін 

қалпына  келтіру  алынған  еді.  Қалпына  келтірілген  Бехистун  мәтіндерінің 

бӛлігін,  сонан  кейін  Накши-Рҥстем  мен  Персеполь  жазуларын  антикалық 

дереккӛздерінің  мағлҧматтарымен  салыстыру  теңіздің  арғы  жағындағы 

сақтар  мен  «Соғдының  арғы  жағындағы»  сақтарға  массагеттер,  дайлар, 

каспийлер сай келетіндігі жӛнінде пайымдау жасалды. 

Сақ-парадрайалар  деп  Қара  теңіз  аумағын  мекендеген  еуропалық 

скифтерді атау қажет деген де кӛзқарас айтылды. 

Ахеменидтер  патшалары  Дарий  мен  оның  алдындағы  ІІ  Кирдің  сақтар 

мен  массагеттерге  қарсы  жорығы  тарихи  тҧрғыдан  дәлелденген  факт  болып 



 

157 


табылады.  Бҧл  оқиғаларды  толымды  тҥрде  сипаттап  жазған  Геродот 

массагеттер  жерін  «Аракс  ӛзенінен  ары  шығысқа  бағыттағы»  Каспий 

теңізінен  шығысқа  қарай  орналастырады.  Кир  мен  Дарийдің  жҥріп  ӛткен 

жорық  жолдары  тарихнамада  дау-дамай  туғызып  келеді.  Ғалымдардың  бір 

бӛлігі  Дарий  алдындағы  патшаның  жолымен  қайталап  жҥріп,  сақтарды 

Әмударияның сыртында, Арал теңізінің жанында кезедстірді десе, басқалары 

Кир  массагеттермен  Ҥзбой  ӛзенінің  бойында  (Әмударияның  қазір  кеуіп 

кеткен  тармағы)  шайқасты,  ал  Дарий  сақтардың  жеріне  Әмударияның  орта 

ағысынан  ӛтті  деп  пайымдайды.  Кӛзқарастар  алшақтығына  қарамай-ақ,  бір 

нәрсе белгілі, ол – екі жорық та сақтар мен массагеттерге қарсы бағытталған 

еді.  Географиялық  тҧрғыдан  алғанда  бҧл  ӛңір  Каспийдің  шығысы  мен 

Ҥзбойдан  Сырдария  ӛзеніне  дейінгі  аймақ  пен  Арал  маңы  болып  табылады. 

Массагеттер  одағы  дербик,  абии,  апасиак  секілді  тайпаларды  да  біріктірсе 

керек. 


Сонымен  қатар  тиграхауда-сақтары  Шаш,  Тянь-Шань  мен  Жетісуда  

тіршілік еткен деген де кӛзқарас бар. 

Страбонның  сӛзіне  қарағанда,  массагеттерден  солтҥстікке  қарай, 

«Меотидадан  жоғары»  даи  тайпалары  қоныстанған.  Антикалық  авторлар 

оларды  бҧрын  Геродот  жазып  кеткен  массагеттер  иемденген  жерге 

орналастырады.  Бҧл  айалғандардың  бәрі  де  даилардың  алғашқыда 

массагеттерден  солтҥстікке  қарай  жатқан  облыстарды  мекендегені,  немесе 

олардың  конфедерациясына  кіргендігі  туралы  баяндайды.  Б.з.б.  ІІІ  ғасыр 

орта  тҧсында  даилар  (дахтар)  Каспийдің  оңтҥстік-шығыс  жағында,  Парфия 

шекарасында  пайда  болып,  массагеттердің  тарих  сахнасындағы  орнын 

басады.  

Ежелгі  парсы  сына  мәтіндерінде  сақтардың  солтҥстігінде  ӛмір  сҥрген 

тайпалар  мен  халықтар  туралы  ештеңе  айтылмайды,  тек  Авестада  ғана 

сайрим  атауы  аталып  ӛтеді.  Толымды  ақпарат  беретін  ежелгі  грек 

дереккӛздерінде  савроматтар  туралы  айтылады,  бҧл  тайпалар  сайримдермен 

байланысуы да мҥмкін. 

Геродот  скифтерден  солтҥстікке  қарай  ӛмір  сҥргендер  қатарында 

аргиппейлерді жатқызады.  

Исседондар  тайпаларын  Геродот  агриппейлерден  шығысқа  қарай 

орналастырады.  Исседондардың  айтуына  қарағанда  –  деп  жазады  Геродот, 

олардан жоғарырақта аримаспылар мен «алтын қорыған самҧрық» тайпалары 

ӛмір  сҥреді.  Аримаспы  және  алтын  қорыған  самҧрық  тайпалары  мекенін 

мамандар  сол  кездері  ірі  алтын  кендері  орналасқан  Қазақстанның  шығысы 

мен  Алтай  ӛңірімен  байланыстырады.  Исседондардың  Орталық  Қазақстан 

далаларын мекендегендігін топшылауға болады. 

Б.з.б.  VІІІ-ІV  ғасырлардағы  Еуразияның  этникалық және  саяси  картасы 

ала-қҧла  болуымен  ерекшеленеді.  Бҧл  уақыттарда  жақын  және  алыс  жатқан 

тайпалар,  халықтар,  мемлекеттер  арасында  біршама  тҧрақты  экономикалық, 

саяси  және  мәдени  байланыстар  орнады,  әскери  қақтығыстар  да  болып 

тҧрды.  Қазақстан  аумағын  мекендеген  тайпалар  Орта  Азия,  Алтай,  Сібір, 




 

158 


Солтҥстік Моңғолия мен Қытайда тіршілік еткен туыстас халықтармен ӛзара 

байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. 

Оңтҥстіктегі  сақтар  ахеменидтер  заманына  дейін-ақ  «Ҥлкен  Хорезм», 

«Бактрия  патшалығы»,  Ассирия  мен  Мидия  секілді  мемлекеттік 

бірлестіктермен,  ал  б.з.б.  VІ  ғасыр  ортасында  Персиямен  тарихи 

байланыстарға тҥсіп отырған болатын.  Мәселен, Кир сақтармен одақ қҧрып, 

Лидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардың кӛмегін пайдаланды. Одақ 

жасаға  қанағаттанбаған  Кир  сақтар  мен  массагеттерді  бағындырмақшы 

болды.  Парсылардың  жаулап  алу  жорықтары  қиян-кескі  қарсылыққа  тап 

болып, Кир жорығы толығымен жҥзеге аспады.  

Кирдің  жаулап  алу  жорықтарын  І  Дарий  жалғастырды.  Ол  аз  уақыт 

болса  да  жекелеген  сақ  тайпаларын,  соның  ішінде  хаумаварга  сақтары  мен 

каспийлерді  бағындыра  алды.  Бҧл  тайпалар  Ахемен  әулеті  империясының 

ХV  сатрапиясының  қҧрамына  кірді.  Сақтар  ахеменидтер  әскерінің 

қҧрамында  қызмет  етті.  Олардың  бір  бӛлігі  тіпті  парсы  патшасының  жеке 

ҧланына (гвардиясына) да кірді. 

Б.з.б.  VІ  ғасыр  соңы  мен  V  ғасыр  бас  кезінде  ежелгі  Шығыста  грек-

парсы  соғыстарының  басталуына  орай  ірі  саяси  оқиғалар  пісіп-жетілді. 

Кейбір сақ тайпалары бҧл соғыстарда одақтастар мен жалдамалылар есебінде 

парсылар  жағында  соғысты.  Гавгамелы  маңындағы  ҧрысқа,  мәселен, 

сақтардың жеңіл атты әскері қатысты. 

Б.з.б.  ІV  ғасырдың  30-жылдары  Александр  Македонский  басқарған 

македондық-гректер  соңғы  Ахеменид,  ІІІ  Дарий  Кодоманның  армиясын 

талқандап, Орта Азияға баса кӛктеп кірді.  

Гректердің  баса-кӛктеп  енуіне  Орта  Азия  тайпалары  мен  халықтары 

табан  тіресе  қарсыласты.  Александр  Македонский  әскеріне  қарсы  кҥресте 

сол  кездері  Қазақстанның оңтҥстік  аудандарын  мекендеген  тайпалар,  соның 

ішінде  массагеттер  белсенді  қарсылық  кӛрсетті.  Әскерімен  бірге 

Сырдариядан ӛтпек болған Александр Македонский әрекеті нәтижесіз болды, 

оны  сақ  жебесі  жаралады.  Тек  ҥш  жылдай  уақытқа  созылған  қиян-кескі 

соғыстардан кейін ғана македондық-гректер Орта Азия халықтарын уақытша 

бағындыра алды. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары ӛз тәуелсіздігін 

сақтап қалды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет