Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет48/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   117
қорымының обаларынан б.з.б. ІІІ-І ғасырларға жататын бай қабір аршылған. 

Мҧндағы  кӛшпенді  ақсҥйек  киімі  жҥздеген  алтыннан  жасалған  кӛркем 

тоғалармен  сәнделген,  соның  ішінде  жабын  киген  салт  атты  бейнесі  де  бар. 

Осы  жерден  алтынмен  қапталған  және  мол  тҥрде  әшекей  салынған  аса  таяқ 

секілді  істікше  немесе  тҥйреуіш  табылған.  Одан  басқа  қола  айна,  алтын 

қаңылтырмен әшекейленген ағаш қобдиша да шыққан.  

       Теңліктен  алынған  қапсырмадағы  ат  бейнесі  жергілікті  жылқы  жынысы 

туралы  ой  тҥюге  мҥмкіндік  береді.  Оған  қарағанда  жергілікті  жылқылар 

ірілігімен  ерекшеленген,  олардың  кеудесі  ҥлкен,  ірі  басты  және  жуан 

мойынды  болып  келген.  Бҧл  бейнелер  Еуразия  аумағынан  табылып  кеңінен 

танымал болып отырған жылқы бейнелерінен біршама ӛзгеше. 

       Жетісудың  басқа  аудандарынан  да  усунь  кезеңінің  ескерткіштері  кӛптеп 

ҧшырасады.  Олар  тіпті  кӛрші  мемлекеттердің  аумағынан  да  молынан 

зерттелген  (Бернштам,  Абетеков,  т.б.).  Мәселен,  Шу  аңғарындағы  Тоқмақ 

қаласынан  (Қырғызстан)  оңтҥстікке  қарай  орналасқан  Бұрана  қорымынан 

б.з.б.  ІІІ-І  ғасырларға  жататын  қызықты  материалдар  алынған.  Қырғыз 

Алатауының солтҥстік етегінде орналасқан тӛрт қорымнан 70 шақты обалар 

қазылған.  Мҧндағы  жерлеу  ғҧрпы  мен  алынған  материалдар  (әшекейлер, 

керамика,  т.б.)  Қазақстан  аумағындағы  ескерткіштерге  кӛп  жағдайда  ҧқсас 

болып келеді. 

       Талас  аңғарындағы  молаларға  ақіреттік  ас  ретінде  қой  еті  қойылған. 

Табылған  қабір  саймандары  жҧпыны:  бірен-саран  темірден  дайындалған 

бҧйымдар (пышақтар, тҥйреуіштер), әшекейлер мен керамика ғана алынады. 

Қараша  қорымындағы  обалардың  бірінен  рельефті  ӛрнегі  бар  саздан 

жасалған  мӛр  табылған,  ол  да  Талғар  қорымынан  алынған  мӛр  секілді  жеке 

меншік мҥліктерін таңбалауға арналған. 

       Усунь  мәдениетінің  ескерткіштері  Талас  ӛзені  аңғары  мен  Қаратау 

ӛңірінен  де  зерттелінген.  Қаратаудың  солтҥстік-шығыс  беткейлеріндегі 

Берікқара қорымынан обалардың 30 астам тобы анықталған, олардың жалпы 

саны  450-дей.  Бҧл  жерден  1938-1939  жылдары  А.Н.Бернштам  40-тан  астам 

оба аршыған. Мҧндағы ҥйінділер кӛлемі бойынша жіктелінеді: ірі обалардың 

диаметрі  50  м-ге,  орташа  обалардың  диаметрі  25  м-ге,  кіші  обалардың 

диаметрі 4-12 м-ге дейін жетеді. Ҥйінділерде сақина, жарты ай немесе сҥрлеу 

тҥріндегі  тас  қаландылары  қаланған.  Молалар  қатты  тас  аралас  топыраққа 

ойылып  жасалынған.  Олар  батыстан  шығысқа  қарай  созылып  жатыр. 

Мҥрделер  шалқасынан  жатқызылған,  басы  батысқа  қаратылған,  кейде 

солтҥстікке  қарай  аздап  ауытқушылық  та  байқалады.  Тонау  нәтижесінен 

олжалар аз шыққанымен, табылған қҧрал-саймандар әрқилы болуымен кӛзге 

тҥседі. 


       Қабірлердің екі хронологиялық тобы жіктелінеді: ең ерте (І) – б.з.б. ІV-ІІІ 

ғасырлар  және  тым  кейінгі  (ІІ)  –  б.з.б.  ІІ  ғасыр  мен  б.з.  І  ғасыры  аралығы, 




 

187 


соңғысына  зерттелген  обалардың  басым  бӛлігі  жатқызылған.  Ерте  топ  ең 

алдымен қыш ыдыстар тҥрлері бойынша жіктелінген, олардың арасында тҥбі 

дӛңгелек  тостағандар,  ҧстағышты  саптыақтар  мен  шҥмекті  шәйнек  тәрізді 

ыдыстар  басым.  Бҧл  топқа  жататын  қабірлерді  мерзімдеуде  аузында  қҧс 

тістеп  тҧрған  арыстан  бедерленген  қола  айылбас  олжа  негізге  алынған. 

Берікқара қорымындағы ерте кезең хронологиясы б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар болуы 

мҥмкін екендігі анық. 

      Б.з.б.  ІІІ-І  ғасырлардағы  материалдар  Қаратаудың  солтҥстік  беткейіндегі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет