Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет5/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
басталған Қазақстан археологиясының дамуындағы бұл үшінші кезеңді 1960 

жылы  жарық көрген  «Археологическая  карта  Казахстана»  жинағы  өзінше 

бір  қорытындылап  өтті,  ол  көп  жылдарға  созылған  кең  ауқымды 

археологиялық  жұмыстардың  қорытындысын  жасады  және  оның  ең 

перпективалы бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.  

       Қазақстан  археологиясының  келесі  төртінші  даму  кезеңі  60-70 



жылдарды  қамтиды.  Бұл  кезеңге  жаңа  ескерткіштерді  тауып,  оларды 

сипаттаған  зерттеулер  ауқымының  кеңдігі  ғана  емес,  сонымен  қатар  ірі 

ғылыми  проблемаларды  тереңдете  шешу  үшін  көпжылдық  стационарлық 

қазба жұмыстарын ұйымдастыру да тән еді.  

       Ә.Х.Марғҧлан,  кейіннен  М.Қ.Қадырбаев,  С.М.Ақынжанов  басқарған 

Орталық  Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  бҧрынғыдай  қола  ғасыры 

мен  ерте  темір  дәуірі  ескерткіштерін  зерттеуді  алдарына  басты  мақсат  етіп 

қойды. 

        Нәтижесінде 

тасмола  мәдениеті  мен  андронов  мәдени-тарихи 

қауымдастығының  қорымдары  зерттелді.  Осы  уақыттары  қола  дәуірінің  30-

дай қоныстары зерттелінді. Олардың арасында Атасу, Ортау, Бҧғылы, Ақсу-

аюлы, Байбола, Жамантас, Тағыбайбҧлақ секілді ескерткіштер бар. 

       Бетпақдаланың  солтҥстігінен  Ақсай,  Сартабан  қорымдары,  Атасу 

аңғарынан  Қараӛзек  қорымы,  сондай-ақ  кен  орындары  зерттелінді. 

Қарқаралы және Баянауыл тауларының аудандарынан кӛптеген андроновтық 

ескерткіштер  табылып,  зерттелді.  1966  жылы  Орталық  Қазақстан 

археологиясына  арналған  Ә.Х.Марғҧлан,  К.А.Ақышев,  М.Қ.Қадырбаев, 

Ә.М.Оразбаев  дайындаған  іргелі  зерттеу  жҧмысы  жарыққа  шықты. 

Кейінірек,  1979  жылы  Ә.Х.Марғҧлан  50-60  жылдары  шоғырланған 

материалдарды  пайдалана  отырып  Сарыарқаның  жарқын  феномені  болып 

табылатын 

беғазы-дәндібай 

мәдениетіне 

арналған 

монографиясын 

жариялайды. 

        Солтҥстік  және  Орталық  Қазақстанда  кең  кӛлемді  қазба  жҧмыстарын 

жҥргізген 

Г.Б.Зданович 

алынған 


материалдарды 

мҧқият 


талдап, 

ескерткіштердің  жаңа  кезеңдестірілуі  мен  хронологиясын  жасап  шықты. 

В.В.Евдокимов  қола  дәуіріндегі  Орталық  Қазақстан  тҧрғындарының 

экономикасы мен демографиясына қатысты сауалдарды зерттеді. 

        Қазақстанның 

оңтҥстігінде,  Қаратау  шатқалдарында,  Сырдария 

алабында  Х.А.Алпысбаев  тас  дәуірі  ескерткіштерін  қарқынды  тҥрде 

зерттеумен  шҧғылданды.  Мҧндағы  жҧмыстарының  кейбір  қорытындысы 

Бӛріқазған,  Кемер,  Қызылрысбек,  Тоқалы,  Дарбаза  секілді  ескерткіштердің 



 

31 


материалдары  берілген  оның  1979  жылғы  монографиясында  кӛрініс  тапты. 

Солтҥстік  балқаш  маңының  орталық  бӛлігіндегі  палеолиттік  ескерткіштерді 

А.Г.Медоев  басқарған  отряд,  Орталық  Қазақстан  палеолит  дәуірі 

ескерткіштерін  М.Н.Клапчук  зерттеді.  Бҧл  жылдары  тас  дәуірінің 

ескерткіштері  Батыс Қазақстаннан, Маңғыстаудан табылып, зерттелді.  Ертіс 

алабындағы,  Павлодар  облысындағы  неолиттік  тҧрақтарда  Л.А.Чалая 

басқарған экспедиция нәтижелі жҧмыстар жҥргізді. 

       Ӛткен ғасырдың 60-жылдары Жетісудағы сақ және усунь ескерткіштерін 

зерттеу де ӛз жалғасын  тапты. Іле алқабындағы сақ және усунь мәдениетіне 

арналған  монографияларында  К.А.Ақышев  сақтар  мен  усуньдердің  шығу 

тегін  қаузады,  жебе  ҧштарының  хронологиялық  сыныптамасын  жасады,  ал 

Г.А.Кушаев  Жетісудағы  усунь  мәдениетінің  кезеңдестірілу  этаптарын 

айқындап берді. 

       Әлемдік  маңызы  зор  Қазақстан  археологиясындағы  елеулі  жаңалық 

«Есік» обасының ашылуы болды, ол сақ мәдениетін, олардың мифологиясын, 

ӛнерін,  жазуын,  әлеуметтік  қҧрылысын  зерттеуге  жаңа  серпін  берді. 

Ғылымда  бҧл  олжа  «Алтын  адам»  деген  атпен  кеңінен  белгілі.  Оның  алтын 

әшекейлерін,  киімін,  бас  киімін,  қару-жарағын,  керамикалары  мен 

ыдыстарының  біріндегі  жазуын  зерттеу  сақ  эконмикасы,  олардың  мәдениеті 

мен  мифологиясы  жайлы  таным-тҥсініктерді  ӛзгертті.  Оған  байланысты 

отандық  және  әлемдік  ғылымда  ҥлкен  резонанс  туғызған  К.А.Ақышев  пен 

Ә.К.Ақышевтің бірнеше мақалалары жарық кӛрді. 

       Орталық  Қазақстандағы  ескерткіштері  «тасмола  мәдениеті»  деген  атау 

иеленген  сақ  мәдениетін  М.Қ.Қадырбаев  зерттеді.  Ғалым  бҧл  мәдениеттің 

ӛзіндік  ерекшелігін  кӛрсетіп  берді,  кезеңдестірілу  сауалдарын  айқындап, 

ежелгі тайпалардың шаруашылығына талдау жасады. 

       Сармат  уақытының  қҧнды  олжалары  Батыс  Қазақстандағы  Лебедевка 

қорымынан  табылды,  одан  ауқатты  сарматтар  мен  ортағасырлық 

кӛшпенділердің жерлеу орындары аршылған. 

       Сырдарияның  тӛменгі  ағысында  орналасқан  Жусалы  ауданындағы 

жетіасар  мәдениетінің  ескерткіштерін  Хорезм  археологиялық-этнорафиялық 

экспедициясының  мҥшелері  С.П.Толстов,  Л.М.Левина,  Б.А.Андриановтар 

зерттеді.  Жетіасар  шатқалындағы  жҧмыстар  ӛз  жалғасын  тауып,  одан 

кӛптеген  қоныстар  мен  қорымдар  анықталды.  Жаңа  мәліметтер  мен 

материалдар  негізінде  б.з.  І-мыңжылдығындағы  керамикаға  арналған 

монография  дайындалды.  Арыс  ӛңіріндегі  отырар-қаратау  мәдениетінің 

қоныстарын зерттеуді Н.П.Подушкин, кейіннен А.Н.Подушкин жҥргізді. 

       70-жылдары 

Қазақстан  археологиясының  тағы  бір  бағыты  – 

петроглифтерді  зерттеу  айқындалды.  Егер  бҧрын  осы  археологиялық  дерек 

кӛздерін  зерттеу  ретсіз  және  жҥйесіз  тҥрде  жҥргізіліп  келсе,  енді  олар 

М.Қ.Қадырбаевтың,  А.Н.Марьяшевтің,  А.Г.Медоевтың  арнайы  зерттеу 

нысанына айналды. Қаратау сілемдері, Маңғыстау және басқа аймақтардағы 

жартас  суреттеріне  арналған  қорытындылаушы  ірі  еңбектер  солардың 

есімдерімен тікелей байланысты.      



 

32 


        1969  жылы  ҚазКСР  ҒА  Отырар  археологиялық  экспедициясын 

ҧйымдастырды,  ол  1971  жылы  Оңтҥстік  Қазақстан  кешенді  археологиялық 

экспедициясы (ОҚКАЭ) болып атауын ӛзгертті. Оны К.А.Ақышев басқарды. 

Отырар  шҧраттарындағы  Отырар,  Қостӛбе,  Кӛк-Мардан,  Мардан-Кҥйік, 

Қҧйрықтӛбе;  Қаратаудың  солтҥстік  беткейіндегі  Тҥркістан,  Раң  және 

Кҥлтӛбе  қалалары  кӛп  жылдық  тҧрақты  қазба  жҧмыстарына  негізгі  нысан 

етіп  алынады.  Қалалар  мен  қоныстардың  орындарына  қоса,  экспедиция 

мҥшелері  тҥрлі  дәуірдің  обаларын,  соның  ішінде  белгілі  және  бҧрын 

зерттелген Бӛріжар обасын, Шағаны, Кӛк-Марданды да зерттеді.  

       Отырар-тӛбе  қаласының  орнындағы  ХVІ-ХVІІІ  ғасырлар  қабаттарының 

деңгейінде  кең  кӛлемді  қазба  жҧмыстары  ҧйымдастырылды.  Кӛптеген 

тҧрғын  махаллалары,  қыш  және  кірпіш  кҥйдіру  шеберханалары,  қоғамдық 

қҧрылыстар  –  мешіттер,  кесенелер,  моншалар  қазылып  аршылды.  Ауқымды 

қазба  жҧмыстары  б.з.  І-мыңжылдық  бірінші  жартысындағы  Кӛк-Мардан 

қонысында  да  жҥргізілді,  одан  да  махаллалар,  ҥйлер  мен  ғибадатханалар 

аршылған болатын.   

     Қҧйрықтӛбе қаласының  ішкі  қамалында  VІ-ІХ ғасырлар деңгейінен сарай 

қҧрылысы  аршылды,  оның  салтанатты  залынан  қҧдайлардың  бейнелері  мен 

ақсҥйектер  кӛрінісі  қашап  жасалған  бірегей  тақталар  табылы.  Қала 

шахристанынан  VІ-ҤІІІ  ғасырлардың,  ІХ-ХІ  ғасырлардың,  ХІІ  ғасыр 

қҧрылыстарының  кешендері,  ХІІІ-ХІV  ғасырларға  жататын  темір  соғатын 

шеберханалар  және  Х-ХІ  ғасырларда  жҧмыс  істеп  тҧрған  алқалы  мешіт 

аршылады.  

      Бӛріжар  қорымын  қазған  кезде  жерлеу  ғҧрпына  және  ертедегі,  орта 

ғасырлардағы  тҧрғындардың  діни  кӛзқарастарын  кӛрсететін  қызықты 

материалдар  алынды.  Экспедиция  тобы  Отырар  шҧраттарында,  Қаратаудың 

оңтҥстік  және  солтҥстік  беткейлерінде,  Сауран  маңында  ирригациялық 

зерттеу жҥргізді, кейінгі орта ғасырлардағы кәріздер жҥйесін тапты.  

       Солармен  қатар  палеоэтнографиялық  зерттеулер,  атап  айтқанда, 

қазақтардың  отырықшылану  ҥрдістерін  анықтау  мақсатында  қазақ 

қыстауларын қазу жҧмыстары жҥргізілді (С.Ж.Жолдасбаев). 

      Оңтҥстік 

Қазақстан 

кешенді 


археологиялық 

экспедициясының 

жҧмыстары  республикалық  археологияны  жаңа  деңгейге  кӛтерді,  соның 

нәтижесінде  бірқатар  жаңа  ғылыми  бағыттар  белгіленді.  Жҧмыс 

қорытындылары  бойынша  К.А.Ақышев,  К.М.Байпақов,  Л.Б.Ерзакович, 

В.А.Грошев дайындаған бірнеше монография жарыққа шықты. 

        Тараздағы  жҧмыс  нәтижелері  осы  қала  жайлы  жазған  Т.Н.Сенигова 

монографиясында  кеңінен  баяндалды.  Сырдариядағы  Шардара  ГЭС 

қҧрылысы аймағында 1959-1963 жылдары қазақстан-ресейлік археологиялық 

экспедиция  жҧмыс  істеді.  Материалдарын  Г.А.Максимова,  М.С.Мерщиев, 

Б.И.Вайнберг, Л.М.Левина жариялады.  

       60-жылдардың  орта  шенінде  Р.З.Бурнашева,  В.Н.Настич  есімдерімен 

байланысты  қазақстандық  нумизматика  дами  бастайды.  Отырарды, 

Қҧйрықтӛбені  қазу  барысында  ауқымды  мәнеттік  (монеталық)  материалдар 

жинақталды.  Бҧл  бірен-саран  олжалар  ғана  емес,  кӛмбе  қоймалары  да 



 

33 


болатын. Мәнеттер тарихи мерзімді анықтайтын материал ретінде, сондай-ақ 

орта  ғасырлардағы  Қазақстанның  саяси  және  экономикалық  тарихын,  оның 

сауда  және  мәдени  байланыстарын  зерттеуге  арналған  дереккӛзі  ретінде  де 

зерделенді.  Нәтижесінде,  Қазақстандағы  Отырар,  Испиджаб,  Тҥркістан, 

Женд,  Сығанақ,  Тараз,  Алматы  қалаларында  мәнет  сарайларының  жҧмыс 

істегендігі анықталды. 

       Бҧл кезеңдегі археологиялық жҧмыстардың қорытындылары «Қазақ ССР 

тарихы» атты бестомдық еңбектің екі томында (Алматы, 1977, 1979) тҥзілді, 

онда  археологиялық  дереккӛздері  талданып,  ежелгі  және  ортағасырлық 

Қазақстандағы тарихи ҥрдістер динамикасы кӛрсетілді. 

       Кезекті,  бесінші,  Қазақстан  археологиясы  тарихының  кезеңі  өткен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет