Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет6/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
ғасырдың  80-жылдары  басталды.  Ол  ұйымдастыру  жұмыстарындағы 

өзгерістермен  сипатталынады.  Облыстарда  археологиялық  орталықтар 

қалыптасады, археологиялық жҧмыстар кеңейе тҥседі. Археологияның ӛзекті 

проблемаларына  арналған  кӛптеген  мақалалар,  монографиялық  жҧмыстар 

жарыққа 


шығады, 

археологияның 

жаңа 

бағыттары 



қалыптасады, 

археологияда  жаратылыстану  ғылымдарының  әдістері  қолданыла  бастайды. 

Айталық,  1981  жылы  Алматыда  Қазақстан  мен  Орта  Азия  ортағасырлық 

қалаларына  арналған  бҥкілодақтық  жиын  ӛтеді.  Онда  кейінгі  орта  ғасырлар 

археологиясы сынды жаңа бағыт дараланған еді. 

        1987  жылы  Алматыда  кӛшпелі  және  отырықшы  мәдениеттердің  ӛзара 

байланысына  арналған  Халықаралық  симпозиум  ӛтті.  Кӛшпенділер  мен 

отырықшы  елдердің  ӛзара  байланысын  зерттеу  оған  қатысты  ілімнің 

шоғырлануынан  және  де  осы  проблемаға  қатысты  бҧрынғы  стереотипті 

бҧзуға  бағытталған  ғылымның  дамуынан  туындаған  еді.  Осы  кездері 

тарихтың  тҥрлі  кезеңдеріндегі  мәдениетаралық  байланыстарды  және  де  бҧл 

процестің  жалпы  да,  белгілі  бір  ӛңірге  (региондық)  тән  негізгі 

заңдылықтарын  айқындауға  деген  сҧраныс  кҥннен-кҥнге  артып  келе  жатқан 

болатын. 

         Осы  кездері  республика  аумағындағы  барлық  ескерткіштердің  ғылыми 

тізімдемесі  –  «Қазақстан  тарихы  мен  мәдениеті ескерткіштерінің  Жинағын» 

жасау  оның  негізгі  міндеттеріне  айналды.  Мҧндай  энциклопедиялық 

басылым  археология  саласындағы  стратегиялық    зерттеулерге  негіз  болуға, 

сондай-ақ мәдени мҧраны сақтау ісін жақсартуға қызмет етуі тиіс еді.       

       Ежелгі  және  орта  ғасырлардағы  Қазақстанның  тау-кен  ісі  мен 

металлургиясын,  мал  шаруашылығы  тҧрпаттарының  барлық  кезеңдерде 

дамуын,  қолӛнер,  сауда  және  ақша  айналымын,  ауыл  шаруашылығы  мен 

ирригациясын  қамтитын  палеоэкономикалық  зерттеулер  де  кең  қанат  жая 

бастайды. 

        Осы  жылдары  Қазақстанның  далалы  аймақтарында  жарқын  ашылулар 

болды.  Мәселен,  В.Ф.Зайберт  бастаған  археологтар  Ботай  қонысын  ашып, 

энеолитке  жататын  ботай  мәдениетін  бӛліп  кӛрсетті.  Қазіргі  таңда  бҧл 

қоныстың  кейбір  мәдени  қабаттары  неолит  дәуіріне  жататындығы  да 

анықталып  отыр.  Сонымен  қатар  қола  дәуіріндегі  мал  шаруашылығы  мен 

малшылық-егіншілік  ӛркениеттердің  Қазақстан  мен  Оралдың  сыртқа 



 

34 


жағында  болғандығын  айқындайтын  байырғы  қала  (протогород)  типіндегі 

кешендер негіздемесін кеңейту мен тереңдетудің де сәті тҥсті.  

      Шҥлбі  ГЭС  қҧрылысы  аймағында  1980-1983  жылдары  алғашқыда 

А.Г.Максимова,  ал  кейіннен  С.М.Ақынжанов  жетекшілік  еткен  Шҥлбі 

археологиялық  экспедициясы  жҧмыс  істеді.  Кең  ауқымды  археологиялық 

ізденістер тас, қола, ерте темір, ортағасырлық кӛшпелілер ескерткіштеріндегі 

қазба  жҧмыстарын,  петроглифтерді  зерттеу  ісін  қамтыды.  Оның  қҧрамында 

Ж.Қ.Таймағамбетов,  З.С.Самашев,  Ю.И.Трифонов,  А.С.Ермолаева,  т.б. 

жҧмыс істеді. 

        Қимақтар  мен  қыпшақтардың  жерлеу  ескерткіштеріне  қатысты 

материалдар  отандық  тарихнамада  алғаш  рет  С.М.Ақынжановтың 

монографиясында толымды тҥрде кӛрініс тапты. 

        Тас  дәуірінің  ескерткіштерін  зерттеу  Қазақстанның  географиялық 

жағдайы  мен  аумағының  ауқымдылығы  палеолиттік  мәдениеттер 

эволюциясы  мен  ежелгі  миграциялық  ҥрдістер  ҥшін  маңызды  екендігін 

кӛрсетіп берді. Айталық, Қаратау палеолит ескерткіштері Орта Азия, Қытай, 

Пәкістан,  Ҥндістан,  Моңғолия  секілді  іргелес  және  алыс  жатқан  ӛңірлердегі 

тҧрақтармен  ҧқсастығы  бар  екендігі  анықталды.  Бҧл  ҧқсастық  кӛне 

мәдениеттердің даму жолы бір екендігін кӛрсетеді. 

        Қазақстан палеолитін одан ары тереңдете зерттеу мақсатында әрі сенімді 

хронологиялық  жатыстыру  ҥшін  стратиграфиясы  сақталған,  мәдени 

қабаттары  бҧзылы  қоймаған  Ш.Ш.Уәлиханов  атындағы  тҧрақ  (Оңтҥстік 

Қазақстан),  Шҥлбі  (Шығыс  Қазақстан)  ескерткіші  секілді  кешендердің 

маңызы  зор  екендігін    Х.Алпысбаев,  Ж.Таймағамбетов  ізденістері  кӛрсетіп 

берді.  

       Бҧл  зерттеулердің  нәтижелері,  жаңадан  алынған  материалдар  Қазақстан 

аумағын  алғашқы  адамның  қоныстану  уақыты  мен  жолдарын  жаңадан 

қарастыруға мҥмкіндік берді. 

       Орталық Қазақстан мезолиті Қарағанды-ХV және Әкімбек тҧрақтарының 

материалдары  бойынша  ӛрбітіледі.  Қазақстан  неолиті  мен  энеолиті  ҧзақ 

уақыт  бойы  аз  зерттелініп  келді.  Жиыстырылған  материалдар  іргелес 

аумақтарда  орналасқан  ескерткіштердің  оған  ҧқсас  бҧйымдарымен  қатар 

қарастырылды.  Ӛңірдегі  неолит  ықшамаудандарын  бӛліп  кӛрсету,  неолиттік 

индустрияның  салыстырмалы-типологиялық  сипаттамасы  мен  талдауының 

жасалуы атбасар секілді археологиялық мәдениетті бӛліп кӛрсетуге жетеледі. 

Орал-Ертіс  ӛзендері  аралығындағы  энеолит  сан  алуан  шаруашылық-мәдени 

типтер  арқылы  бағамдалып,  мал  шаруашылығы  (жылқы  шаруашылығы) 

басым болған кӛп салалы шаруашылық ретінде сипатталынды. 

       Айтылып  отырған  кезеңдегі  андроновтық  зерттеулер  байырғы  қала 

мәдениетін  кең  тҥрде  қарастыру  және  социум,  идеология  мен 

палеоэкономика  арқылы  зерделеулер  бойынша  дамыды.  Ӛз  кезегінде  оған 

Еуразия қола мәдениеттерін зерделеуге жаңадан тың серпін берген Арқайым, 

Сынташты (Синташта), Кент секілді ескерткіштердің ашылулары да себепкер 

болған еді.        




 

35 


      Ғылыми  айналымға  солтҥстік  Бетпақдалада  орналасқан  қоныстар  мен 

қорымдардың  жаңа  мәліметтері  енді.  М.Қ.Қадырбаев  пен  Ж.Қ.Қҧрманқҧлов 

монографияларында  Атасу-1,  Мыржық,  Ақ-Мҧстафа,  Ақмая  секілді 

ескерткіштердің  материалдары  бір  жҥйеге  тҥсірілді  де,  ғылыми  талдаудан 

ӛтті, археологиялық нысандардың орналасу заңдылықтары анықталды. 

       Аумағы  15  мың  шаршы  м  жерді  алып  жатқан,  қоланы  балқытатын  және 

одан  қола  бҧйымдар  жасайтын  орталыққа  айналған  Атасу-1  ірі  қонысынан 

алынған нәтижелердің маңызы ӛте зор. Қоныс аумағынан металл балқытатын 

кешендер мен шҧңқыр-пештердің қалдықтары табылған. 

      Сонымен  қатар  Жетісу  қола  дәуірі  бойынша  да  материалдардың 

шоғырлану  ҥрдісі жҥріп жатты,  андронов  мәдени-тарихи  қауымдастығының 

ірі  орталықтарының  бірі  болғандығын  айғақтайтын  бҧл  аймақтан  ондаған 

қоныстар мен қорымдар табылды (А.Н.Марьяшев, А.А.Горячев). 

       Батыс Қазақстан қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу барысында қызықты 

нәтижелерге  қол  жеткізілді.  Г.А.Кушаевтың  айтуынша,  Батыс  Қазақстанға 

андронов  және  қима  мәдени-тарихи  қауымдастықтарының  тоғысуы  тән,  бҧл 

қауымдастықтардың шекарасы Ор және Елек ӛзендерінің аралығынан ӛткен. 

       Ерте  кӛшпенділердің  ескерткіштерін  және  сақ,  сармат,  усунь,  кангюй, 

хуннулар  мәдениетінің  проблемаларын,  әлеуметтік-экономикалық  ӛмірін 

зерттеу дәстҥрлі тҥрде Қазақстан ғылымында маңызды орын алған. 

       Айталық,  К.А.Ақышев  ізденістерінде  Алакӛлден  Таласқа  дейінгі  ӛңірде 

патша  қорымдарын  картаға  тҥсірген  материалдар  негізінде  Жетісу  сақтары 

қоғамының бейнесін айқындаған тезис одан ары дамытылды. 

       Сақ (скиф) ӛнерінің шығу тегі де қарастырылды. А.К.Ақышев пікірінше, 

қҧлан  бейнеленген  алтын  сырғалардың  табылуы  «аң»  стилінің  жергілікті 

негізі бар екендігін нақты дәлелдейді. 

        Скифтердің  шығуы  сауалдарына  арналған  ізденістер  де  пайда  болды. 

Мәселен,  оған  қатысты  еңбек  жазған  Р.Б.Исмагиловтың  жазуынша,  Қара 

теңіз  жағалауындағы  «патша»  обалары  кейбір  белгілеріне  қарағанда 

Жетісудағы сақ мәдениетін қалдырған кӛшпенділер тобының миграциясымен 

байланысты. 

       Сарматология  саласындағы  мәнді  жетістіктердің  бірі  Г.А.Кушаевтың 

«Этюды  древней  истории  степного  Приуралья»  атты  еңбегі  деуге  болады. 

Онда  аса  қҧнды  материалдар  жҥйеленген,  соның  ішінде  кӛп  жылдар  бойы 

қазылған  ескерткіштер  негізінде  олардың  исседон  және  сарматтармен 

этникалық атрибуциясы нақтылана тҥскен, сармат тарихы ҤІІІ ғасырға дейін 

ӛз жалғасын тапқан. 

       Тҥз  тағыларының  сҥйек  қалдықтарын  зерттеу  энеолит  пен  қола 

дәуірлеріндегі  аңшылықтың  дамуы  бейнесін,  мейлінше  кӛп  ауланған  жан-

жануарлар  қҧрамын  бӛліп  кӛрсетуге  мҥмкіндік  берді  (Л.А.Макарова, 

Т.Н.Нҧрымов). 

       Керамикалық  кешендерге  жасалған  технологиялық  зерттеулер  қола 

дәуірі  кезінде  Орталық  Қазақстандағы  қҧмырашылықтың  даму  дәрежесін, 

тҧрғындар арасындағы тҥрлі байланыстарды, тайпалар миграциясын біршама 

пайымдауға жол ашты (В.Г.Ломан). 



 

36 


       Бҧл  кезеңде  петроглифтерді  зерттеу  де  зор  қарқынмен  дамыды.  Жоңғар 

Алатауының 

батыс 

сілемдері 



саналатын 

Ешкіӛлмес 

жотасынан 

хронологиялық  белгілері  бойынша  қола,  ерте  темір  дәуірлері  және  орта 

ғасырлар  сынды  ҥш  топқа  бӛлінетін  жартас  суреттерінің  шоғыры  табылды. 

Алғашқы  топтағы  суреттердің  стилдік  ерекшеліктері  Ешкіӛлместі  мҧндай 

ескерткіштер 

қатарынан 

дараландырады. 

Зерттеушілер 

Ешкіӛлмес 

петроглифтерінің культтық сипатын атап кӛрсетеді. 

      З.С.Самашев  Ертістің  жоғары  ағысындағы  петроглифтерді  зерттеді.  Ол 

ғылыми айналымға кӛптеген ескерткіштер кешенін енгізді. 

      Тҥрлі  ӛңірлердегі  арбалар  суретін  зерттеу  нәтижесінде  б.з.б.  ІV 

мыңжылдық  соңы  мен  ІІІ  мыңжылдықта  Еуразия  аумағында  доңғалақты 

(дӛңгелекті) кӛліктің таралу бағыттары нақтыланды (В.Новоженов).  

      Қосӛзен аңғары мен далалы аймақ секілді дӛңгелекті кӛліктің шығуының 

екі орталығы туралы концепция жасалынды. Екінші орталықтың қалыптасуы 

бҧл  автордың  (В.Новоженовтың)  пікірінше,  майкоп  мәдениетін  қалдырған 

мал ӛсіруші тайпалардың миграциясымен байланысты болуы ықтимал. 

       Маңғыстауда 

кеңінен  таралған  ҧлутастан  жасалған  қабір  ҥсті 

ескерткіштеріндегі қазақтардың суреттерін зерттеу бағыты да дами бастады. 

Олар  қазақтардың  заттай  және  рухани  мәдениеті  жайлы  ақпарат  беріп  қана 

қоймайды, сонымен қатар ерте жартас суреттеріндегі дәстҥр жалғастығын да 

айқындайды (З.С.Самашев, Ж.Жетібаев). 

      Бҧл кезеңде «Ҧлы Жібек жолы: мәдениеттер диалогы» атты халықаралық 

бағдарлама маңызды шаралардың бірі болды. Ол Қазақстанда дәстҥрлі тҥрде 

қарастырылып  жатқан  ежелгі  және  орта  ғасырлардағы  кенттендіруге 

(урбанизацияға),  қала  мен  даланың ӛзара  байланысына  қатысты  сауалдарды 

қамтыды.  Бҧл  бағытта  К.А.Ақышев,  Л.Б.Ерзакович,  К.М.Байпақов, 

У.Х.Шәлекенов, Е.А.Смағҧлов, Т.В.Савельева, С.М.Ақынжанов, В.А.Грошев, 

М.Е.Елеуов, С.Ж.Жолдасбаев, А.Н.Подушкин белсене жҧмыс істеп жатты.  

      Кенттендіру,  ортағасырлық  қалалардың  топографиясы,  егіншілік  пен 

ирригация,  отырықшылар  мен  кӛшпенділер  қарым-қатынасы,  қҧмыра  жасау 

ісі,  қолӛнер  мен  зергерлік,  қалалар  баспаналары,  архитектуралық 

қҧрылыстар,  сауда  мен  палеоэкономика,  этномәдени  тарих,  қалалардың 

дамуы, т.б. сауалдар Қазақстан археологтарының ҥнемі назарында болды. 

       Жетісу  қалаларын  зерттеу  барысында  жаңа  нумизматикалық  мәліметтер 

алынады.  Зерттеушілердің  ойынша,  Қостӛбеден  алынған  VІІ-VІІІ 

ғасырлардағы  мәнеттер  (монеталар)  Жамҧқаттың  Шашпен  байланыс 

орнатқанын  дәлелдейді,  Шаштың  ӛз  кезегінде  Талас  алқабындағы  саудаға 

ҥлкен ықпалын тигізіп тҧрғандығы анықталды (Р.З.Бурнашева, С.М.Аитова).  

       Бҧл  кезеңдегі  Қазақстан  археологиясындағы  жаңа  бағыт  археологиялық 

сәулет  ӛнерін  зерттеу  болды.  Алғаш  рет  архитектура  тарихы  бойынша 

монументтік  қҧрылыстар  мен  қарапайым  баспаналар  зерделене  бастады. 

Олардың  арасынан  Кедер  мен  Жамҧқат  сынды  ерте  ортағасырлық 

қалалардың сарай кешендерін, Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісудың ғҧрыптық 

ислами архитектурасын айтуға болады (З.Ж.Шарденова). 




 

37 


      Сонымен қатар Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу қала мәдениетінің ӛзіндік 

ерекшелігі  туралы  тҧжырым  жасалды  әрі  оның  Орталық  Азия 

мәдениеттерімен байланысы кӛрсетілді (У.Х.Шәлекенов, М.Е.Елеуов). 

       Қазақстандағы Жібек жолының тарихы, оның негізгі бағыттары мен олар 

бойынша  тасылған  тауарлар,  таралған  мәдени  ҥлгілер  мен  діндер  жайы 

толымды тҥрде сипатталынды (К.М.Байпақов). 

       Қазақстан тас мҥсіндері жайлы, тҥріктердің ғибадатханалары мен жерлеу 

ескерткіштері жайлы мақалалар жарияланды (Э.А.Новгородова).  

       Ежелгі  тҥріктерге  қатысты  археологиялық  материалдар  қимақ  және 

қыпшақтар  бойынша  жазба  дереккӛздерін  зерттеуге  байланысты  ерекше 

ӛзектілікке ие болды (С.М.Ақынжанов). 

        Қазақстан  археологиясы  тарихнамасындағы  жаңа  маңызды  да  мәнді 

шаралардың  бірі  ежелгі  және  ортағасырлық тарих  пен  архаологияны  талдап 

қорыту болған еді. 

         «Қазақстан  Республикасы  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінің 

жинағы»  сериясы  бойынша  бірінші  том  –  «Шымкент  облысы»  дайындалып, 

жарыққа шықты.  

        Қазақстан  археологиясы  әлемдік  ғылымды  жарқын  ашылуларымен 

байытып  қана  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  ежелгі  және  ортағасырлық 

Қазақстандағы қоғам дамуының негізгі кезеңдерін анықтап берді. 

       Археология  ғылымындағы  дамудың  алтыншы  кезеңін  Қазақстан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет