Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет88/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   117
     Қалалар  функциясы.    Сауда-қолӛнер  орталығы  ретінде    қалалардың 

дамуы    қолӛнердің  ауыл  шаруашылығынан  бӛліну  ҥрдісімен    ҥстем  тапқа  

негізінен қызмет кӛрсетуші қолӛнер ӛндірісінің мейлінше дамуымен тікелей 

байланысты болды. 




 

354 


     Әзірге  ғалымдардың  қолында    ерте  ортағасырлық    қалада  қолӛнердің 

дамуы  туралы  мәлімет  аз,  ең  алдымен  ол  бізге  жеткен    -  қыш  ыдыстар, 

металл, сҥйек пен тас  бҧйымдар секілді  дайын ӛнімдер  арқылы ғана белгілі. 

Тоқымашылық,  тері,  жҥн,  киіз  ӛндіру    ісі  жайлы  мәліметтер  одан  да 

мардымсыз.  Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу қалаларындағы  қолӛнердің бҧл 

салалары жайлы жазба дерек кӛздерінде айтылғанымен, олар біршама кейінгі 

уақыттарға жатады. 

     Қыш  ыдыстарды  ӛндіру    қолӛнердің  басты  бағыттарының  бірі  болды. 

Кӛкмардан  қазбасынан,  Қҧйрықтӛбе  мен  Отырардың  VІІ-VІІІ  ғасырлардағы  

мәдени    қабаттарынан    шот,  пышақ,  орақ  жинастырылған,  табылған  темір 

крицалар оның осы жерде ӛндірілгендігін айғақтайды.  Мыс  ӛндірісі де осы 

жерде  ӛндірілгендігін  дәлелдейді.  Мыс  ӛндірісі  Жетіасар  қаласының  

жоғарғы  мәдени  қабаттарынан  табылған  мыс  тоғалар  мен    белбеу  

айылбастары  арқылы да белгілі.  Зергерлік ӛнер  шыңын  киім киген еркек 

пен    әйелдің  бейнесі,  табаны  кӛтерілген  тҥйе  мҥсіндері  бедерлі  алтынмен 

апталғын    нәзік  қола    тоғалар,  сырға,  білезік  бойынша  да    пішіп-кесуге 

болады. 

     Сҥйектен  жасалынған    жебе  қапсыры,    жанурлар  сҥйегінен  дайындалған 

тҧмар,    кесілген  марал  мҥйізі  табылды.  Тас  қашаушы  шеберлер    диірмен,  

дәнҥккіш жасады. 

      Сауда  мен  ақша  айналымы  қалалар  дамуындағы    аса  маңызды  

факторлардың  бірі  болды.  Қала  материалдық  игілікті    ӛндіріп  қана    қойған 

жоқ,  сонымен    бірге  сауда  да  жасады, бҧл  орайда  оның екінші  міндетін  сол 

заман  ҥшін  ең  маңызды  деп  санауға  болады.  Қалалар  тауар  айырбасының  

негізгі ҥш бағыты:  елдер арасындағы, қала  мен  оның тӛңірегі арасындағы 

және  қала мен кӛшпелі дала арасындағы  бағыттары осында тоғысып жатты. 

Сол  кездегі  халықаралық керуен  жолымен сауда  жасау кеңінен ӛріс алды,  

оның дамуында  соғдылар мен  тҥріктер маңызды рӛл атқарған болатын. Ҧлы 

жібек  жолының    солтҥстік  тармағы    Қазақстанның    оңтҥстігі  мен  Жетісу 

арқылы  ӛткен.  Оның  Суяб,  Тараз  және  Испиджаб  қалалары  арқылы  ӛтетін 

телімдерінің  кӛп  рет  суреттелгені мәлім.  Испиджабта    одан  солтҥстік-батыс  

жақтағы  Фарабқа,  Шауғарға  және    одан  әрі    Сырдарияның    тӛменгі  ағысы  

мен  Орталық Қазақстан  даласына  кететін тармақтары шыққан. 

        Сауда  тҥрік  ақсҥйектеріне    едәуір  пайда    келтірді  және  де  нақты  атап 

айтқанда,  қолға  тҥсірілген    олжаны  сатуға  мҥмкіндік  берді.  Сол  себепті  де 

567  жылдың  ӛзінде-ақ  Иштеми-қағанның  сауда  ісін  жолға  қою  ҥшін  Иранға 

екі  рет  елші  жібергені  кездейсоқ  емес  еді.  Елшілік  табыс  әкелмеді.  Сонда  

қаған  Византияға да елші жіберді,  бҧл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, 

екі мемлекет арасында сауда-саттық қатынас жолға қойылды. 

        Қытайдан  жібек,  қағаз,  айналар  әкелінді.  Орта  және    Таяу  Шығыстан, 

Византиядан  Қытайға  опа-далап,  бабылдық  кілемдер,  асыл  тастар,  інжу-

маржандар, шыны, маталар жеткізіліп отырды. 

      Соғдылықтар  кҥміс  бҧйымдар,  тҥрлі-тҥсті  шынылар,  дәрі-дәрмек  және 

бояу  заттарын,  кілемдер  шығарып,  сатумен  айналысты.  Византиядан, 

Соғдыдан,  Қытайдан  және  басқа  елдерден  шыққан  әсемдік  заттарының  бір 



 

355 


бӛлігі тҥрік шонжарларының ордаларында, қала  тҧрғындарының  ҥйлерінде  

қалып отыратын.  

       Жетісудағы    археологиялық    олжалар  арасынан  византиялық  таңбалар 

басылған кҥміс қҧмыраларды, византиялық және оларға еліктеп жасалынған 

алтын мәнеттер, қытай айналарын ерекше бӛліп кӛрсетуге болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет