ғасырға қарай оның аумағы бір га-дан сәл-ақ асты, барлық қала тіршілігі
375
қоймаған. Айталық, П.П.Иванов Сайрам қарттарына жҥргізген сауалдарының
негізінде қаланың орталық бӛлігіндегі, яғни қорғануға жеңіл бҧрынғы
цитадель мен шахристан аумағында тҧрғындар тығыз қоныстанғандығын
жазады.
Ӛңірдің
ХVІ-ХVІІ
ғасырлардағы
саяси-экономикалық
ӛмірінде
Сырдарияның сол жағалауындағы Аркӛк, Қҧжан, Аққорған, Ҥзгент қалалары
маңызды рӛл атқарды. Қаратаудың солтҥстік беткейіндегі Сайрамның
маңызы артады. Ясы-Тҥркістан бҥкіл Оңтҥстік Қазақстанның дәрежесіне
дейін тез арада кӛтеріледі.
Мҧнда Әмір Темірдің бҧйрығы бойынша Ахмет Ясауи қабірінің ҥстінен
кесене тҧрғызылып, қала аймақтың ресми идеологиялық орталығына
айналғаннан кейін қаланың қауырт ӛскені байқалады. Сол кезден бастап қала
ӛлкенің Темір ҧрпақтары, Шайбани ҧрпақтары әкімдерінің орталығына, ал
сонан соң қазақ хандарының астанасына айналады.
Қаланың астаналық жағдайын ХVІ ғасырдың 60-жылдарында теңгелер
соғуды қайта жаңғыртқан Тҥркістан теңге сарайының белсенді жҧмысы да
айқын кӛрсетеді.
Соңғы орта ғасырлар қалаларының топографиясында «хисар» - қаланың
дуалмен қоршалған орталық бӛлігі мен қала тӛңірегіндегі аудандар айқын
аңғарылады. Г.А.Пугаченкованың анықтауынша, хисар – «қаланың халық
тығыз тҧратын, ҥкіметтік ҥйлер, казармалар, кҥмбезді мешіт, басты базарлар
мен қолӛнер шеберханалары, қаланың негізгі топтарының тҧрғын ҥйлері
шоғырланған бекіністі бӛлігі». Кейде хисардан қосымша бекінісі бар
цитадель – қала айқын байқалады. Мҧндай бекіністер Ясы-Тҥркістан,
Сығанақ, Қараспан, Сҥткент, Аққорған топографиясына да тән еді. Дуал,
хисар сыртындағы қҧрылыс іздері бар аумақ қала тӛңірегі, ауылдық ӛңір
болған және кейінгі этнографиялық материалдардың дәлелдегеніндей, оның
ӛмірі хисардың ӛмірінен, қаланың ӛз ӛмірінен кҥрт ерекшеленген.
Оңтҥстік Қазақстанның соңғы орта ғасырлардағы қалаларына кӛбінесе
дӛңгелек сипаттағы, монғолдарға дейінгі жоспарлау негізге алынып отырған.
Ал дәстҥр бойынша тік бҧрышты етіп жоспарланған қалалар оны кейінгі
кезде де сақтап қалған; бҧл мысалы Сайрамда сақталған.
Жазбаша деректемелердің авторлары парсыша «қала» деген «шаһар»
терминін Қазақстан қалалары жӛнінде сирек қолданады, ол термин
уәлаяттың әкімшілік орталығына, дуалмен қоршалған ірі елді мекенге қоса
қолданылатын. Мҧндай термин Сайрам мен Ясы-Тҥркістанға қатысты ғана
қолданылған. Уәлаят орталықтары ҥшін Ясы, Сайрам, Отырар, Сауран,
Сығанақ, Созақ ҥшін «қала» термині пайдаланылған. Неғҧрлым шағын елді
мекендер Аркӛк пен Қҧжан да кейде нақ сол терминмен аталған. Барлық
қалаларға «қалашық», «шағын мекенді» білдіретін «балада»; «орын»,
«егіншілік қонысты» білдіретін «маузи» терминдері де қолданылған.
Шығыс шығармалары авторларының белгілі бір елді мекендер жӛнінде
терминдерді қҧбылтып қолданғанына қарамастан, олар сол мекендердің
сауда-саттық маңызын, қолӛнердің, мешіттердің болуын атап кӛрсетеді.
376
Қалалардың әрқайсысы тарихи-мәдени аудан ҥшін: Сайрам – Талас
Алатауының етегі ӛңірі ҥшін, Отырар – Арыстың тӛменгі ағысы ҥшін,
Сауран – Сырдарияның орта ағысы ҥшін, Сығанақ – Сырдарияның тӛменгі
ағысы ҥшін, ал Созақ – Қаратаудың теріскей беткейлері ҥшін дәстҥрлі
орталық болған. Басқалары қалашықтар статусын иемденді. Жазбаша дерек
кӛздеріне қарағанда сол уақыттардағы қалалар да, қалашықтар да аграрлық
сипатта болған. Сонымен бірге оларды ауылдық (селолық) қоныстар деп
есептеу дҧрыс емес, себебі оларға қолӛнер мен сауда тән еді. Тіпті аумағы ең
шағындары да кӛшпелілермен мәдени – экономикалық байланыстардың
ӛзіндік орталығына айналған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: