Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет96/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

       Қалалар  функциясы.  Жазбаша  хабарламаларда  Шығыстың,  Орта  Азия 

мен  Қазақстанның  орта  ғасырлардағы  қалаларындағы  қолӛнердің 

ҧйымдастырылуы  туралы  мәліметтер  аз.  Ҧсақ  тауарлы  ӛндіріспен  қатар, 

натуралдық  ӛндіріс  те  сақталып,  ол  қазынаның  шеберхана  -  қарқанда  

шоғырланды. Отырар шеберханалары бірінші кезекте  дербес тауар ӛндіруші  

- ҥйінің жанындағы ӛз шеберханасында  жҧмыс істейтін  қҧмырашының жеке 

ӛндірісі  туралы  тҥсінік  береді.  Қаланың  орталық  бӛлігінде  де,  

қҧмырашылардың  жеке  қоныстары  мен  махаллалары  бар  қала  іргесінде    де  

қолӛнердің 

шоғырланғаны 

байқалады. 

Шеберханалардың 

ӛздерінің 

орналасуында бірнеше ғасырлар бойындағы сабақтастық аңғарылады, мҧның 

ӛзі қолӛнер мен ӛндірістің  ӛзіне ӛнімінен – керамикадан жақсы байқалатын 

дәстҥрлі сипат берді. Қолӛнершілер арасындағы мҥліктік бӛлініс те байқалып 

отырады.  Бҧл  шеберхана  кӛлемі,  пештер  саны,  баспана  интерьеріне 

қолданылған кҥйдірілген кірпіштер сипатынан да кӛрінеді. 

       Қалада  қолӛнершілердің  цехтық  ҧйымдарының  болуы      туралы  әңгіме 

кҥрделі  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Орта  Азиядағы  цехтар  туралы 

алғашқы  айтылған  сӛздер  ХІV-ХV  ғасырлардағы  деректемелерден 

кездестірілді. 

Алайда, 

А.Ю.Якубовскийдің 

пікірінше, 

Орта 


Азия 

қалаларының  қолӛнершілері Х ғасырдың ӛзінде-ақ цехтарға біріккен.  

     Отырар  шеберханаларының  қазба  материалдары  мҧнда  серіктестіктер  де,  

цехтық  бірлестіктер  де  болған  деп  жорамалдауға  негіз  береді.  Отырар 

шеберханаларында    ӛндірілетін  керамика  ӛніміне,  негізінен  алғанда  ақаулы  

және  сынған  керамика  толтырылған  шҧңқырлардан  алынған  керамикаға, 




 

371 


сондай-ақ  бірқатар  жағдайлар  бойынша  сапалы  жағдайына  жеткізіле 

кҥйдірілмеген; әшекейленген, бірақ кҥйдірілменген; кҥйдіру  қуыстарындағы  

керамикаға  жасалған  талдау  шеберлердің  мамандануы  туралы  айтуға 

мҥмкіндік береді. Зерттеушілердің пікірінше  бҧл  моңғол шапқыншылығына 

дейін-ақ болған жайт. 

     Кірпіш  кҥйдіретін  пештер  мен  шеберханалар  санының  кӛп  болуы  

қҧрылыс жҧмыстарының кеңінен қҧлаш жайғанын дәлелдейді. 

       Моңғолдар  кезі мен  моңғолдардан кейінгі кезде  қола айналар ӛндірудің  

едәуір  ҧлғайғаны  байқалады.  Айна  жасайтын  жаңа  орталықтар  Орта  Азияда 

да  пайда болады. Сондай орталыққа Отырар да айналған сияқты. 

       Суреттеліп  отырған  уақытта  кҥмістен  жасалған  бҧйымдар  ӛндірісінің 

технологиясымен,  әшекейлердің  тҥр-тҥрімен  және  сипатымен  байланысты 

мәселелер  ҥшін  Отырардың  ХІІІ  ғасырдың  60-жылдарында    жасалған  деп 

саналатын  кҥміс  заттардың    кӛмбесі  зор  ынта-ықылас  туғызады.  Кӛмбеден 

табылған  зергерлік  бҧйымдардың  бір  бӛлігін  Оңтҥстік  Қазақстан 

қалаларының  қолӛнершілері жасаған. Бҧлар -  тҥп негізі ХІ ғасырдың ӛзінде-

ақ  Оңтҥстік  Қазақстан,  Жетісу  аудандары  мен  Орта  Азияның  солтҥстік 

аудандарынан  мәлім орама тәрізді  білезіктер. Білезіктерді дайындаған кезде  

тҥрлі  сипаттағы  кҥміс  шанышқылар  мен  ширатпалар  пайдаланылған. 

Отырардың  жылтыр  білезіктері  кҥміспен,  бірақ  неғҧрлым  жоғары  сапалы 

кҥміспен қапталған дӛңгелек кҥміс кесегінен жасалған. 

       Қалаларда  бҧрынғысынша  тҥрлі  тҥске  қҧбылып  тҧратын  жасыл,  кӛк, 

кӛгілдір,  қызыл,  сары  және  қою-қошқыл  шыныдан  ыдыстар  жасау  дамыды.  

Бҧйымдардың  тҥр-тҥрі  едәуір  кӛп,  олар  қақпақтар,  тостағандар,    болкалдар, 

рюмкалар,  графиндер.  Бҧйымдардың  бір  бӛлігі    қалыпқа  келтіріліп  ҥрлеу 

кезінде    жасалатын  басу,  шеңберлер,  ромбылар  тҥрінде  бедерлі  ӛрнекпен  

әшекейленген,  бақа  біреулері  пісірілген  талшықтардың,  нақ  ӛзіндей  немесе 

басқа  тҥсті  шиыршықтардың,  қайырмалардың  арқасында    неғҧрлым  әдемі 

кӛрінеді.  Шыныдан  әшекей  заттар  –  кӛз  салып  безендірілген  білезіктер, 

тҥрлі-тҥсті  шыны  талшықтарынан  жасалған  білезіктер,  моншақтар,  ҧсақ 

моншақтар дайындалған. 

      Қалаларда    Қазақстан  қалаларына  тән  дәстҥрлі  сҥйек  ою  кәсібі  дамыған. 

Олжалар  арасында  дӛңгелек  ӛрнекпен  безендірілген  пышақ  саптары, 

тҥймелер  мен  қарсы  ілгектер  бар.  Жылқы  мен  сиырдың    ҧзын  сан 

жіліктерінің   сҥйектерінен  –  жҥн  ӛңдеуге  арналған    жылтыратқыш,  қой  мен 

ешкінің жҧқа сҥйектерінен  біз бен тҥйрегіш жасалған.  Ҥй жануарлары мен 

жабайы  хайуандар  -  киіктің,  қарақҧйрықтың,  бҧғының  мҥйіздері  шикізат 

ретінде  пайдаланылған. 

     Тастан диірмен, әр тҥрлі шой балғалар, келсаптар, сҥргілер, қайрақ тастар 

дайындалған. Ӛкінішке қарай, тоқыма кәсібін, кілем тоқу  ісін және басқа да  

қала  қолӛнерін  дәлелдейтін  айғақтар  аз  сақталған,  бірақ  олардың  дамығаны 

даусыз.  Мысалы,  қала  тҧрғындарының  ҥйлерінен  табылған  мақта 

қашақтарын,  ҧршықбастарды  тоқыма  кәсібінің  дамуын  кӛрсететін  дәлел 

ретінде пайдалануға болады. 




 

372 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет