Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет107/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

 

 


 

385 


Қорытынды 

 

       Кӛне  қалалардың  және  елді  мекендердің,  мҥрделердің,  кеніштердің, 



обалардың,  тҧрмыстық  және  шаруашылық  бҧйымдарының,  еңбек 

қҧралдарының,  қарулардың  қалдықтары  –  барша  бҧйымдық  деректер 

ӛздерін  дҥниеге  келтірген  қоғамның  материалдық  мәдениетін  қҧрайды. 

Бҧлар  археологияның  немесе  материалдық  мәдениеттің  ескерткіштері 

болғандықтан  осы  ескерткіштерді  зерттейтін  ғылыми  институттар  да 

археология  немесе  материалдық  мәдениет  тарихы  институттары  деп  аталады. 

Әйтсе  де,  археология  материалдық мәдениет  ескерткіштерін  зерттеумен  ғана 

шектелмейді.  Археология  аталған  ескерткіштер  арқылы  палеолит  дәуірінен 

бастап  кейінгі  орта  ғасырға  дейінгі  қоғамның  шаруашылық,  әлеуметтік  және 

рухани ӛмірін зерделейді. 

Ескерткіш  немесе  қолдан  жасалған  кӛне  бҧйым  (артефакт)  археолог 

ҥшін  маңызды  тарихи  дереккӛзі  болып  табылады.  Ол  ӛткен  ӛмірдің 

материалдық қҧндылыққа айналған бір бӛлігі, жҧқанасы. 

Адам  баласы  ежелден  бері  әрқилы  бҧйымдар  –  еңбек  қҧралдарын, 

ыдыстар,  әшекейлер  жасады.  Осының  бәрі  ӛз  дәуірінің  ӛнімі тек  белгілі  бір 

дәуірге  тән  ӛнім  болып  табылады.  Археологияның  бҧйымдары  арқылы 

олардың  жасалған  уақыты,  оларды  жасаған  немесе  тҧтынған  халық 

анықталады.  Қазу  жҧмыстары  кезінде  табылған  заттардың  жиынтығынан 

ӛткен  ӛмірдің  сҧлбасы  жасалады.  Әсіресе,  ӛткенді  зерттеуде  еңбек 

қҧралдарының мәні зор, дәл осы еңбек қҧралдары жасалған материал арқылы 

ғалымдар  адамзат  тарихын  тас  дәуірі,  қола  дәуірі,  темір  дәуірі  деп  бірнеше 

кезеңге бӛлді. Тастан жасалған балтадан темір соқаға дейін адамзат дамудың 

ҧзақ  жолын  бастан  кешірді.  Сондықтан  материалдық  мәдениеттің 

қалдықтары осынау ҧзақ жол жӛнінде пікір білдіруге мҥмкіндік туғызады. 

  Қазақстанның  ежелгі  дәуірдегі  және  орта  ғасырдағы  тарихын 

жаңғыртуда  қҧнды  мағлҧмат  беретін  әрі  жақсы  зерттелген  археология 

ескерткіштері  –  Есік  обасы,  Отырар  қаласы,  Беғазы  моласы,  Жезқазғанның 

ертедегі 

кен 

орындары, 



Қаратаудың 

тас 


қҧралдары, 

Тараздың 

жылтыратылған  қышы,  Електегі  сармат  мҥрделеріндегі  қола  масақты 

жебелер және Таңбалы тастағы суреттер. 

    Археологиялық 

ескерткіштер,  әдетте,  жер  астында  жасырулы. 

Сондықтан  олар  жер  қазу  жҧмыстарында  кездейсоқ  табылып  жатады. 

Кӛптеген  монета  немесе  басқа  бҧйымдар  қоймасы,  мәселен  қазір 

Қазақстанның Орталық Мемлекеттік мҧражайында сақтаулы, Жалаулыдағы 

сақ дәуірінің алтын бҧйымдар қоймасы дәл осылай ашылды. 

        Сондай-ақ, археологиялық ескерткіштерді табу ҥшін археологтер әрқилы 

әдістерді  (соның  ішінде  әуеден  және  ғарыштан  суретке  тҥсіру  де  бар) 

қолдана отырып жҥйелі  ізденіс жҥргізеді.  Әуеден, жоғарыдан суретке тҥсіру 

Сырдария  және  Арал  тӛңірегіндегі  жазықтардағы  кӛптеген  Орта  ғасырлық 

қалаларды, обаларды, арықтар мен жолдарды табуға мҥмкіндік берді. Ежелгі 

қалалардың,  қорғандардың  жасалу  ҥрдісін,  жерлеу  ғҧрыптарын  анықтау 

ҥшін  археологтер  ескерткіштерді  қазып  (олар  соңынан  консервацияланады), 



 

386 


кӛптеген  заттар,  қыш  бҧйымдар  алады.  Осының  бәрі  біздің  тарихымыз 

жӛніндегі қҧнды мағлҧматтары бар археологиялық ескерткіштер қатарына 

жатады. 

Қазақстан  археологиясы  әлемдік  ғылым  жҥйесімен  бірге  дамып  келеді. 

Онда қалыптасқан ғылыми дәстҥрлер мен жаңа инновациялық технологиялар 

да  кеңінен  қолданылып  әрі  ӛзара  ҥйлестіріліп,  далалық  ізденістер  жаңаша 

қырынан жанданып отыр. 

Кӛпжылдық  археологиялық  зерттеулер  Қазақстан  аумағындағы  адамзат 

қоғамының  тарихи  дамуының негізгі  кезеңдерін  белгілеуге  мҥмкіндік  берді. 

Оның  әрбір  кезеңі  соңғы  жылдары  жаңа  сапалық  деңгейде  қарастырылып, 

әрбір  тарих-мәдени  дәуір  тың  да  соны  материалдармен  толықты.  Алынған 

жаңа  материалдар  археология  ғылымының  іргелі  мәселелерін  жан-жақты 

қарастыруға, 

тҥйіні 


тҥйіткілді 

сауалдарды 

нақтылауға, 

жаңаша 


концептуальдық ой-пікірлердің қалыптасуына мол мҥмкіндік беріп отыр. 

Қазіргі  таңда  әлемдік  ғылым  кӛне  замандардағы  мәдениет  пен  ӛнерге 

кеңінен  назар  аударуда.  Бірқатар  сауалдарды  шешуде  жаратылыстану 

ғылымының  жетістіктері  кеңінен  қолданылып,  жаңа  технологиялық  әлует 

мҥмкіндіктері  жекелеген  мәселелерді  қарастыруға  және  нақтылауға  кӛп 

септігін тигізуде. 

Осы орайда қазақстандық археологтар да жаратылыстану салаларындағы 

(палеоботаника,  палеогеология,  одонтология,  топырақтану,  химия  мен 

физика,  генетика,  геоморфология,  палинология,  т.б.)  мамандармен  қоян-

қолтық жҧмыс істеуде. Оның нәтижелері әлемдік археология тарихнамасына 

енген елеулі табыс болып есептелінеді. 

Археология  ғылымындағы  ӛзекті  бағыт  ежелгі  қоғамды  кешенді  тҥрде 

зерттеу  болып  қалып  отыр.  Ол  әлеуметтік  археология  деп  аталынады. 

Қалалық  орталықтар  мен  шағын  қоныстарды,  қоғамдық  ғимараттар  иен 

жекелеген  «жеке»  баспаналарды,  агроирригациялық  жҥйелер  мен  керуен 

жолдарын,  зергерлік  бҧйымдар  мен  ӛндіріс  қҧрал-саймандарын  зерттеу 

қоғамның  әлеуметтік  және  саяси  қҧрылымын  зерделеуге  мҥмкіндік  береді. 

Мҧндай мәселелерді ҥлгілеудің жаңа әдістері де қолданылуда. 



Этноархеология әлеуметтік археология шеңберіндегі іргелі бағыттардың 

біріне айналып отыр. 



Қоршаған орта археологиясы да бҥгінгі кҥні шапшаң дамып келеді. Бҧл 

пән  шеңберінде  кӛптеген  мҥмкіндіктерді,  қолданылатын  әдістерді  атап 

кетуге  де  болады.  Мәселен,  ежелгі  жағалау  шетін,  кӛне  ландшафтты, 

фауналық кешендерді зерттеу, т.б. 



Ежелгі  технологияларды  зерттеу  де  археологияның  маңызды 

бағыттарына айналды. Бҧл салады эксперименттік археология мен сан алуан 

жаратылыстану  ғылымдарының  әдістері  кеңінен  қолданылуда.  Әсіресе 

палеометалды  зерделеуде  металлография  мен  химиялық  анализдер  жиі 

пайдаланылып, толымды мағлҧматтар алынуда. 

Ӛнер  мен  дінді  зерттеуде  танымдық археология  рӛлі  артып  келеді.  Бҧл 

ретте  археология  заттай  дереккӛздері  негізінде  кӛне  замандардағы  таным-

тҥсініктерді, жосын-жоралғыларды танып-білуге ҧмтылуда. 




 

387 


Археология  мен  қалың  кӛпшілік  бірігіп,  алынған  қҧндылықтарды 

қажетіне  жаратып  келеді,  әсіресе  ғылыми  консервация,  реставрация  мен 

музейлендіру  ісіне  жете  кӛңіл  бӛлінуде.  Осыған  байланысты  «ашық  аспан 

астындағы музейлер» (Таңбалы тас, т.б.) қҧрылуда. 

Соңғы уақыттарда археология ғылымы техникалық жетістіктерді кеңінен 

пайдалана отырып, ӛткен кезеңдерді зерттеу ҥстінде. Әсіресе магниттік және 

электрбарлау, ғарыштан тҥсірілген суреттер мен геоақпараттық жҥйелер, т.б. 

археология ғылымына кеңінен енді. 

Компьютерлік  технология,  сандық  камера,  электронды  тахеометр,  т.б. 

ғылыми-техникалық  қҧралдар  археология  ғылымын  жаңа  сапаға  кӛтерді 

деуге  болады.  Соған  байланысты  әлемдік  археологияда  соңғы  жылдары 

виртуальды  археология  термині  пайда  болды.  Бҧл  сала  ақпараттар  легін 

жинақтап, интерактивті танымдық презентацияны кҥшейте тҥсті.       

 Бҥгінгі  таңда  республика  аумағындағы  археологиялық  жҧмыстар  ӛз 

жалғасын  табуда,  олар  ғылымды  жаңа  ашылулармен  толықтырып,  ежелгі 

және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының беттеріне жаңа танымдық леп 

әкелуде.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет