Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет73/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117
Идеология мен ӛнер 

 

        Ежелгі түркілердің монументтік өнері. Ҧлы Қытай  қорғанынан Қара 



теңіз  далаларына  дейін,  Моңғолия,  Оңтҥстік  Сібір,  Шығыс  Тҥркістан, 

Қырғызстан,  Қазақстан  тауларынан  тҥрік  халықтарының  тастан  жасалынған 

антропоморфты  мҥсіндерін  кездестіруге  болады.  Далада,  тау  ойпаттарында 

тҧрғызылған  мҧндай  ескерткіштер  сан  ғасырлар  бойы  ежелгі  кӛші-қон 

жолдарындағы  бағдар  ретінде  де  пайдаланылып  келді.  Ежелгі  тҥрік 

этносының  қалыптасуы  Саян-Алтайда,  Шығыс  Тҥркістанда,  Оңтҥстік 

Қазақстан мен Жетісуда, Сарыарқа жерінде басталған.  

       Тас  мҥсіндерін  жасауды  ежелгі  тҥркілер  бәлкім  скиф-сібір  мәдени 

шеңберінен ҥйренген де болар. 

       Ежелгі тҥріктер тас мҥсіндер тҧрғызылған ескерткіштерге адам жерлеген 

жоқ,  оны  мінәжат  орны  ретінде  пайдаланды.  Тас  мҥсіндердің  не  себепті 

салынғандығы  ғалымдар  арасында  тҥрлі  пікірлер  туғызған.  Кейбір 

зерттеушілер  мҥсін  тҥрік  ӛлтірген  адамдар  бейнесі  деген  де  дерексіз  пікір 

айтты.  Қазіргі  таңда  мамандардың  кӛпшілігі  тас  мҥсіндер  ата-баба  рухына 

арнап тҧрғызылған ескерткіш деп есептейді.  

       Тҥріктердің  антропоморфты  мҥсіндері  VІ-ІХ  ғасырларда  Таулы  Алтай, 

Тува,  Тарбағатай,  Жетісу,  Ертіс  ӛзенінің  жоғарғы  ағысы,  Селенга  ӛзенінің 

жоғарғы  ағысы  мен  Орхон  ӛңірлері  енген  Бірінші  және  Екінші  Тҥрік 

қағанаттары,  Ҧйғыр  қағанаты  аумағынан  кӛптеп  кездеседі.  Ескерткіштердің 

кӛпшілігі  осы  жерлерден  анықталған  (1000  шақты).  Аталған  аумақпен 

шекаралас аймақтардан да тҥрік тас мҥсіндері ҧшырасады. Тас мҥсіндер кем 

дегенде  шығыстан  батысқа  қарай  2500  км  жерге  дейінгі  аумақта  меридиан 

бағытында  созылып  жатыр.  Бірінші  Тҥрік  қағанатының  тарауы  оның  тҥрлі 

бӛліктерінде  тас  мҥсінді  жасау  ӛнерінің  ӛзіндік  ерекшеліктерін 

қалыптастырды. Шығыста бҧл ӛнердің ірі орталығының бірі Орхон ӛзенінің 

бойында  болды.  Мҧндағы  қаған  ставкасы  Тань  Қытайымен  тығыз  қарым-

қатынастар  орнатты,  оны  тарихи  қҧжаттар  нақты  дәлелдейді.  Тань  ықпалы 

ежелгі  тҥрік  ӛнеріндегі  иконографияға  әсерін  тигізген.  Мҧны  Кҥлтегін 

скульптурасына қарағанда-ақ бірден байқауға болады, онда ежелгі тҥркілерге 

тән  емес  билеушінің  буддалық  келбеті  аңғарылады.  Сондай-ақ  мҥсін 

иконографиясында  да  ерекшеліктер  кездеседі.  Айталық,  Жетісуда  қолына 

тостаған  немесе  кубок  емес,  қҧс  ҧстаған  мҥсіндер,  әйел  адам  мҥсіндері 

кездеседі.  Тостағанды  ҧстап  тҧрған  қол  саусақтарының  мәнері,  қастың 

қиылып  салынуы,  миндаль  секілді  кӛздердің  ҥлкейтілуі  соғды  ӛнерінің 

ықпалымен болған стильдік белгілер болуы ықтимал. 

       Барлық мҥсіндерді жасалуы, тҧрпаты мен кӛлемі, белгілі бір атрибуттары 

бойынша  екі  топқа  бӛлуге  болады:  1  топ  –  адамның  беті  немесе  басы 

бейнеленген тастар, 2 топ – адам денесі берілген мҥсіндер. 




 

303 


       Бірінші  топтағы адам бет-әлпеті мен басы бедерленген  мҥсіндер ӛте кӛп 

және  де  тҥріктер  тіршілік  еткен  аймақтарға  кеңінен  таралған.  Культтық 

орындардың қажетті атрибуты болған бҧл мҥсіндер ғибадаттық ескерткіштер 

ҥшін дәстҥрлі болып  табылады. Олар ежелгі тҥріктер мекендеген жерлердің 

барлығына  таралуа  алатын  еді,  алайда  жер-жердегі  шашыраңқы 

ескерткіштердің  мерзімін  дәл  анықтау  мҥмкіншілігі  шектеулі.  Мҧндай 

қҧлпытастар  әдетте  жалпақ  плиталардан  тҧрғызылған  тік  бҧрышты 

ғибадаттық  қоршаулардың  шығыс  жағына  орнатылады,  беті  шығысқа 

қаратылады, және де олардан оннан жҥз метрге дейін жететін тастар қатары – 

балбалдар  болады.  Бет-жҥзді  кӛрсететін  мҥсіндер  қҧмтастың  жалпақ 

плитасынан  жасалынады,  биіктігі 1  м-ге  дейін  жетеді,  аса  ӛңделе  қоймайды 

(қҧлпытастың беткі жағы, бҧрыштары аздап тегістеледі). 

       Бірінші  топтағы  мҥсіндерді  екіге  бӛлуге  болады:  жалпақ  немесе  бет-

әлпеті  тҥсірілген  ӛңделмеген  тастар,  аздап  ӛңделген  бас  бейнеленген  тас. 

Бірінші типтегі тастарға тек мҧрын, кӛз бен ауыз тҥсіріледі, шеттері жоғары 

қайырылған немесе тік жасалған мҧрттар да жиі ҧшырасады. Әдетте сақалы 

жоқ.  Қҧлағы  жасалына  қоймайды.  Бҥкіл  бет-әлпет  контуры  сирек  беріледі, 

әдетте  жартылай  дӛңгелек  немесе  аздап  қашалған  тӛменгі  сызықтарға  (иегі, 

беті) ден қойылады. Егер бас сҥйек толық жасалса, онда тӛбе қҧйқасында бас 

киімді  білдіретін  кертпек  тҥсіріледі.  Жетісудың  бірнеше  мҥсіндерінің 

басынан  Қҧдырге  (Кудэргэ)  ескерткішіндегі  (Таулы  Алтай)  қҧдай  ананың 

басындағысындай  ҥш  мҥйізді  бас  киім  ҧшырасқан.  Барлық  бейнелер 

гравировка  арқылы  немесе  тӛменгі  рельеф  бойынша  тҥсіріледі.  Екінші 

типтегі  мҥсіндерде  кейде  киімнің  жоғарғы  бӛлігі  тікбҧрыш  немесе  кесінді 

тҥрінде  беріледі.  Иық  тҧсы,  басындағы  рельефті  қҧлағы,  бетінде  мҧрты 

бедерленуі  мҥмкін.  Басы  не  болмаса  дӛңгелек  кейпі  –  «қырылған»,  немесе 

бас киім секілді аздап кертпештелген. Мҥсіндердің бірінші тобындағы екінші 

тип ӛз кезегінде екінші топтағы скульптуралы фигураларға жақын. 

       Екінші типтегі мҥсіндер скульптуралы адам фигурасын бейнелейді, олар 

толығымен  ӛнер  туындылары  болып  та  саналады.  Қажетті  атрибуты  ыдыс 

(ыдыс орнына қҧс бейнеленген бірнеше мҥсіндерден басқа) болып табылады. 

Олар ҥш тҥрге бӛлінеді: бір қолында ыдыс ҧстағандар, қолында қҧсы барлар, 

екі  қолымен  ыдыс  ҧстап  тҧрғандар.  Мҥсіндердің  кӛпшілігі  адам  фигурасын 

белден  жоғары  қарай  сипаттайды.  Алайда  кейбіреулері  бҥгілген  аяғының 

тізесін  алға  беріп  немесе  аяғын  айқастырып  «тҥрікше»  (молда  соқынып) 

отырған  форманы  да  береді.  Бҧлайша  отырған  фигуралар  Моңғолия,  Тува, 

Қазақстан,  Жетісу  ӛңірлерінен  кездескен  барлық ескерткіштерден  табылған. 

Д.Г.Савинов  пен  С.Г.Кляшторный  пікірінше,  барлық  ежелгі  тҥрік  мҥсіндері 

отырған адамның фигурасын береді, ӛйткені белден тӛмен қарай скульптура 

аяқталынады  да,  тастың  ӛңделмеген  бӛлігі  жерге  кіріп  тҧрады.  Жердің 

бетінде тҧрған мҥсін отырған адам кейпін еске тҥсіреді, алайда бҥгілген аяқ 

кӛп  жағдайда  беріле  қоймайды.  Сӛйтіп,  қолында  кубок  немесе  қҧс  ҧстаған 

ӛлген  адамның  фигурасы  жасалды,  ол  да  әлі  тірі  әріптестерінің  арасында 

берілген асқа қатысып жатқан секілді еді. 




 

304 


       Екінші  топтағы  мҥсіндерді  дайындау  ҥшін,  басы  мен  иығын  бӛліп 

кӛрсету  ҥшін  дӛңгелек  скульптура  техникасы  пайдаланылды,  оның  тӛменгі 

және  жоғарғы  рельефі  шығып  тҧрған  бӛлшектерді  «фонның»  айналасынан 

контурлы  қашау  техникасы  немесе  оймыштау  арқылы  тҥсіру  (алып  тастау) 

бойынша  жҥзеге  асырылды.  Скульптуралар  қҧмтастан  немесе  граниттен 

дайындалды.  Кӛпшілік  скульптуралардың  белінде  белбеу  кӛрсетілген. 

Скульптуралық мҥсіндердің тҥрлері тек қана ыдыс бейнесі арқылы ғана емес, 

сондай-ақ  кӛптеген  стильдік  белгілері  бойынша  да  ерекшелінеді.  Белбеу 

бӛлшектері, қару-жарақ тҥрлері, ыдыс тҧрпаты бойынша бҧл ескерткіштердің 

мерзімдер анықталған. 

       Бірінші  типтегі  мҥсіндер  бҥгілген  оң  не  сол  қолымен  кӛкірек  тҧсында 

ыдыс ҧстап тҧрған ер адамдарды бедерлейді. Бейнеленген адамның жынысы 

әдетте  мҧрты  мен  сақалы  бойынша  анықталынады.  Алайда  бҧл  белгілер 

болмауы да мҥмкін. Келесі қолы белбеу тҧсында және де кӛпшілік жағдайда 

қару  ҧстап  тҧрады,  бҧл  ӛз  кезегінде  бейнеленген  тҧлғаның  әскери  адам 

екендігін  аңғартады.  Барлық  мҥсіндердің  жалпы  биіктігі  1,2  м-ден  1,7  м-ге 

дейін жетеді, алайда олар жерден 0,7-1,5 м шығып тҧрған. Мҥсіндер ҧзын тас 

блоктарынан дайындалған. Ең алдымен басы мен иығы жасалынды, мықыны 

кейде ғана кӛрсетілді.  

        Кейбір мҥсіндердің шаштары  кӛрсетілген.  Алдыңғы жағынан  толқынды 

шаштар  тігінен  екіге  ажыратылып,  артынан  бҧрым  болып  ӛрілген. 

Жетісудағы  скульптураның  бірінен  бес  не  болмаса  жеті  бҧрым  анықталған. 

Бастапқыда  олар  тік,  соңғы  жағында  толқынды  шашпен  аяқталынады. 

Аталмыш мҥсіндерде киім бӛлшектері де мҧқият кӛрсетілген. Бҧлар мҧртты, 

кей  жағдайда  сақалды  ер  адамдар  еді.  Барлығы  оң  қолдарында  тҧғырлы 

кубок  ҧстап  тҧрады.  Сол  қолдарымен  қайқы  қылыш  сабын  ҧстайды. 

Кейбіреулерінде  бірінің  астында  бірі  тҧрған  екі  қылыш  кӛрсетілген. 

Ҥшбҧрышты  жағалы  және  айқара  ашылған  шапан  киген.  Бір  қызығы,  дәл 

осындай  тҥріктердің  суреттері  Самарқандтағы  Афрасиаб  қаласындағы 

фрескаларда  кездеседі.  Олардың  да  шаштары  бес  немесе  жеті  бҧрымды. 

Киім-кешегі  мен  қару-жарақтары  да  (шапан,  қос  қылыш,  т.б.)  ҧқсас.  Бҧл 

фрескаларда Жетісу тҥріктері сипатталынған деп топшылауға болады. 

       Тува  мен  Алтайдан  алынған  бірінші  типке  жататын  кӛптеген 

ескерткіштерде  дӛңгелек  бӛрік  секілді  бас  киім  жасалса,  Жетісу,  Алтай  мен 

Орталық Қазақстан тҥріктерінде биік тікбҧрышты бас киім жасалған. 

       Бет  әлпетінің  бӛліктері  аласа  рельефпен  тҥсірілген,  шетіне  қарай  кеңейе 

тҥсетін тік мҧрны бір білік арқылы қастарымен қосылған. Қасы мен мҧрыны 

кӛбінесе  Т-тәрізді  фигураны  қҧрайды.  Қастары  доға  тәріздес.  Алайда  кейде 

қайырылған қас та кездеседі (әсіресе Жетісуда). 

        Қҧлақтарына  сырға  бейнеленді,  әсіресе  жетісулық  мҥсіндерде  бҧл  салт 

басым. 

       Киім  бӛлшектері  әрқилы  кӛрсетілген:  әдетте  камзолдың  жоғарғы  жағы 

дӛңгеленіп,  кейде  ҥшбҧрышталып  келеді.  Кейбір  жағдайларда  қысқа  жең 

киім  де  салынған.  Шапандардың  жиектерін  және  бекітпесін  сәндеп  тҧрған 




 

305 


қайма  да  байқалып  қалады.  Жетісудағы  мҥсіндердегі  мҧндай  шапандар 

Афрасиаб фрескаларында да нақты суреттелген. 

        Бірінші  типке  жататын  мҥсіндерде  суреттелген  ыдыстарды  да  бірнеше 

типке бӛлуге болады.  

       Мҥсіндерде  VІІ-VІІІ  ғасырларда  тҥріктерде  кеңінен  таралған  тек  қана 

металл  ыдыстар  ғана  емес,  сонымен  бірге  ернеуі  қайырылған,  білік 

жапсырылған, тҧғырлы қыш ыдыстар да салына беретін еді.  

       Ежелгі  тҥрік  тас  мҥсіндерінде  әшекей-қапсырмалар  тағылған  кісе 

белдіктер  мҧқият  салынды.  Оған  тағылған  бірнеше  бӛліктері  біршама 

бҧйымдарды қолдануға мҥмкіндік берді. Белдік кӛшпелі халықтарда кеңінен 

таралды. Ол кӛші-қон кезінде, кҥнделікті тҧрмыста кӛшпенділер пайдаланған 

әмбебап  қҧралдардың  бірі  болды.  Ауқатты  адамдар  алтын  қапсырмалы 

белдіктерді  тағып  жҥрді.  Қару-жарақтар  (қылыш,  семсер,  қанжар,  пышақ) 

мҥсіннің сол жағына орнатылды.  

      Екінші  типтегі  мҥсіндерге  оң  қолында  ыдыс  орнына  қҧс  ҧстау  тән.  Сол 

қолы  басқа  мҥсіндердегідей  белбеуінде  тҧрады.  Бҧлар  тек  Жетісудан  ғана 

кездескен.  Мҥсінде  сақал-мҧрты  бедерленбесе  де,  олар  ер  адамның  бейнесі 

болып  табылады.  Алтын-Емелдегі  мҥсіндердің  бірінен  «тҥрікше»  отырған 

фигура  табылған.  Қҧстың  бейнеленуінде  бір  мән  болды.  Қҧс  қайтыс  болған 

адамның жанын бейнелеуі мҥмкін. 

        Мҥсіндердің  ҥшінші  тҥрі  екі  қолымен  ыдыс  ҧстап  тҧрған  ер  адамдар 

болып  табылады.  Мҧндай  типтегі  әйел  адамдар  ӛте  сирек  ҧшырасады. 

Мҥсіндердің  кӛпшілігі  граниттен  дайындалған.  Бҧл  осы  мҥсіндерді  жасаған 

адамдардың  ӛте  мықты  шебер  болғандығын,  тас  қашау  ӛнерін  жетік 

меңгергендігін  кӛрсетеді,  ӛйткені  гранит  қҧмтасқа  қарағанда  ӛте  берік  және 

оны қашау кез келген адамға оңайға тҥсе қоймайтын еді. 

       Жетісудағы  кейбір  мҥсіндердегі  киім  –  кең  жеңді  шапандар  мен  иыққа 

тастай салынған жеңсіз жамылғылар еді.  

       Ҥшінші  типтегі  мҥсіндерде  тҧғырлы  ыдыстар  бейнеленді.  Жетісу 

мҥсіндерінде  тағанды  (аяқты)  кубоктар  кеңінен  тарады.  Зерттеушілердің 

барлығы  мҥсіндердегі  ыдыстар  алтыннан  немесе  кҥмістен  жасалды,  олар 

VІІІ-ІХ ғасырларда кеңінен таралған деген кӛзқарасты қолдайды. 

       Ескерткіштердің  соңғы  типінде  әшекейлер  тағылған  белдіктер  мҧқият 

қашалып жасалған. Тік белбеу қҧрсауы мен ай тәрізді тоғалы, тілі қозғалғыш 

дӛңгелек айылбасты белбеулер VІІ-VІІІ ғасырлармен мерзімделінеді. VІІІ-ІХ 

ғасырлардағы  археологиялық  ескерткіштерден  шыққан  лиро  тәрізді  алқалар 

да  нысандар  мерзімін  нақтылауға  мол  септігін  тигізеді.  Анықталған 

мҥсіндердің  жартысының  белінде  қылыш,  тҥйреуіш,  пышақ  тҧрған,  бҧлар 

VІІІ-ІХ ғасырларға  жататын артефактылар қатарына кіреді. ІХ-Х ғасырларға 

жататын    қылыштар  мен  қайқы  қанжарлар  басым.  Сайып  келгенде,  ҥшінші 

типтегі  скульптуралардың  біраз  бӛлігі  негізінен  Екінші  қағанат  тҧсында 

жасалынған.  Алайда  осы  уақыттарда  басқа  типтегі  мҥсіндер  де  тҧрғызыла 

бергендігі анық. 

        Ежелгі  тҥрік  тас  мҥсіндері  олардың  қоршаған  ортаға,  дҥниеге  және 

жалпы әлемге деген тҥсінігін сақтаған болса керек. 



 

306 


        Бірінші  және  екінші  типтегі  мҥсіндер  тас  қоршаудың  жанына 

орнатылды.  Екі  қолымен  ыдыс  ҧстап  тҧрған  мҥсіндер  арнайы  жасалынған 

культтық  қҧрылыстарда  болды,  мысалы,  Моңғолиядағы  Кҥлтегін  кешені. 

Мҧндай кешендер Екінші қағанат тҧсындағы Моңғолияда (Унгет, Кҥлтегін), 

Тувада  (Сарығ-Бҧлҧн)  кездеседі,  мҧндай  арнайы  жасалған  культтық 

алаңқайлар  ортасына  қҧрбандыққа  арналған  тас  жәшік  орнатылды.  Айта 

кететін бір жайт, қарапайым ғибадат жасайтын қоршаулардың ортасынан да 

оттың  орындары,  кҥйген  малдың  сҥйектері  шығады.  Қасына  бӛренелерден 

каркасты  қҧрылыс  тҧрғызылады.  Жанында  басқа  мҥсіндер,  арқа  тҧстарында 

руна  жазуы,  эпитафиялар  жазылған  қҧлпытастары  бар  ҧңғылы  тасбақа  мен 

қойдың  тас  мҥсіндері,  тас-балбалдар  қатары  да  болады.  Тувада  әлі  кҥнге 

дейін  тас  мҥсіндерге  қатысты  культтық  таным-тҥсініктердің  біртҧтас  циклы 

сақталған.  Тас  мҥсіндер  қайтыс  болған  адамды  ғана  емес,  тҥпкі  ата-бабаны, 

тіпті ең жоғарғы қҧдай Тәңір немесе Ҧмайды бейнелейтін де шығар. 

       Бҧл  тҧрғыдан  алғанда  Жетісу  әйел  адамдарының  тас  мҥсіндері 

қызығушылық  туғызады.  Олардың  кейбірі  ҥш  мҥйізді  бас  киім  киіп  тҧр. 

Осындай  бас  киім  киген  әйел  адамның  фигурасы  VІ-ҤІІ  ғасырлармен 

мерзімделінетін Алтайдағы Кудэргэ тасында бейнеленген. Әйел адам ортада 

сән-салтанатты  киім  киіп  отыр  (аяқтары  «тҥрікше»  айқастырылған),  оның 

қасында  тізесін  бҥгіп  тҧрған  дулығалы  ер  адамдар  мен  аттар  бейнелеген. 

Зерттеушілер ортадағы әйел адамның фигурасын Ҧмай-Ана деп есептейді.  

       Жоғарыда  сипатталған  кешендер  жергілікті  жерлердегі  дербес  топтарды 

кӛрсетеді. Осы ӛңірдегі барлық қҧлпытастар беті шығысқа қаратылған. 

       Ескерткіштерді  мерзімдеуде  стакан  тәрізді  ыдыс  суреттерінің  маңызы 

зор. Бҧл ыдыстар Қазақстан мен Орталық Азияның тарихи-мәдени ӛңірлеріне 

кӛп тән емес. Мҧндай ыдыстар Қазақстан аумағында ІХ-ХІ ғасырлармен, ал 

половцылық осындай ыдыстар Х-ХІ ғасырлармен мерзімделінеді. 

       Қазақстан  тас  мҥсіндерінің  половецтердің  мҥсіндеріне  ҧқсас  екендігін 

тарақтар да дәлелдейді.  

        Бас  киімдерге  де  орала  кеткен  жӛн.  Себебі,  Қазақстан  аумағындағы 

скульптуралардан байқалған биік бас киімдер Моңғолияда кездеспейді, олар 

ӛз  кезегінде  ХІХ  соңына  дейін  қазақ  әйелдері  киген  кимешекті  бірден  еске 

тҥсіреді.  

       Орхон,  Тува,  Қазақстан  мен  Қырғызстан  аумағын  мекендеген  ежелгі 

тҥріктердің  (VІ-VІІІ  ғасырлар)  тайпалары  арасында  тҧтас  бір  дәуір  жатты. 

Әлбетте  уақыт  ӛте  келе,  ежелгі  тҥріктердің  ғҧрыптары  мен  культтары 

ӛзгерістерге ҧшырады, дегенмен басты идея ғҧрыптарда, жосын-жоралғылар 

мен заттай мәдениетте сақталып қалды. 

       Ғасырлар  бойы  тҥрік  тайпалары  ата-баба  қҧрметіне,  кҥн  мен  оның 

шығысына  арнап  тас  пҧттар  (идолдар)  тҧрғызды.  Бҧл  культтардың  іздері 

Шыңжаңнан,  Моңғолиядан,  Қазақстан  мен  Ресейдің  оңтҥстігінен  табылған. 

Ата-бабаны  еске  тҥсіру  алғашқыда  тас  қоршаулармен  немесе  тас 

қаландылармен  тығыз  байланысты  болды.  Дәл  осындай  қоршаулар  мен  тас 

қаландылары  Қазақстаннан  табылған.  Жетісудағы  Меркеден  шаршы 

тҥріндегі немесе дӛңгелек келген  жҥздеген қоршаулар анықталған. Сірә, тас 



 

307 


идол  атақты  ата-бабаға  арнап  жасалған.  Қатардағы  қауым  мҥшелерін  еске 

алып тҧру ҥшін қоршаулар немесе обалар жеткілікті болған сияқты. 

      Әйел  адамның  культы  қашан  шықты  және  тастан  оны  қашап  салу  қай 

кезде пайда болды? Биік бас киім киген, қару-жарақсыз, тек қолында ыдысы 

бар әйелдерді тасқа қашап салу қыпшақтармен бірге келген. Жер-Ана, Ҧмай 

қҧдай культы ежелгі  тҥрік мәтіндерінде әлденеше рет айтылып  отырады, ол 

Орталық  Азиядағы  ілкіден  келе  жатқан  ежелгі  культтардың  бірі  болып 

табылады. 

       Салттың  ӛте  кӛне  екендігі  анық.  Ежелгі  тҥріктердің  мифологиясындағы 

әйел  бейнесі  оның  жекелеген  элементтерінің  ҧзақ  уақыт  сақталуына  әсер 

еткендігін  мамандар  айтып  та  жҥр.  Ғасырлар  қойнауынан  келе  жатқан 

жосын-жоралғылардың  кейбір  бӛлшектері  сақталғандығын  этнографиялық 

мәліметтер  де  айғақтайды.  Мәселен,  ХІХ  ғасыр  бас  кезіндегі  Орта  жҥз 

қазақтары (қҧрамында қыпшақтар да болған) қҧрбандық шалған кезде қайтыс 

болған адамды еске алып жылаған. Олар қолдан қуыршақ жасап, оған қайтыс 

болған  адамның  киімдерін  кигізіп,  соған  қарап  тҧрып  еске  алған.  Молаға 

олар  тас  пен  топырақтан  пирамидалар  тҧрғызып,  онда  қҧрбандықтарын 

қалдырып кеткен. 

       Ежелгі  тҥрік  мінәжат  орындарынан  ата-бабаға  деген  қҧрмет,  қҧдайларға 

деген  ілтипат  тереңінен  байқалады.  Оларда  жҥзеге  асырылған  ғҧрыптық 

кешендер  кейіннен  кӛптеген  тҥркі  халықтарының  рухани  мәдениетінде 

кӛрініс тапты. 

       Тҥріктер  арасында  пайда  болған  тәңіршілдіктің  бастаулары  алғашқы 

қауымдық  қҧрылысқа  барып  тіреледі.  «Тәңірі»  аталымы  кем  дегенде 

хуннулар  ӛмір  сҥрген  замандарда  басталғандығы  анық.  Мҧны  хунну 

билеушілерінің  «тәңірқҧт»  деп  аталуы  да  кӛрсетеді.  Араб  географы  әл-

Мақдиси  тҥріктер  «Тәңірі»  атауымен  аспани  кӛк  тҥсті,  кейде  Кӛктің  ӛзін 

тҥсінеді деп хабарлайды. Ал энциклопедист тҥрік ғалымы М.Қашқари болса, 

«Тәңірі» сӛзін алдымен, құдай, бҧдан кейін, көк, содан соң, ұлы мағынасында 

сипаттап берген.  

       Моңғол,  алтай-саяндық  халықтарда  тәңіршілдіктің  политеистік  сипаты 

басым,  ал  кӛптеген  тҥрік  тілді  халықтарда  кӛптәңірлік  сарын  әлсіз  болды. 

Тәңірді олар жоғарғы қҧдай ретінде тҥсінді. Әрбір заттың киесі бар деп ҧқты. 

Әдетте  Тәңір  есебінде  қарастырылып  жҥрген  Жер-Су  иесін,  Ай  мен  Кҥнді, 

Шолпан  жҧлдызды,  Ҧмайды  тҥріктер  қасиетті,  киелі  деп  тҥсінген,  кейбірін 

(аспан  денелерін)  Тәңірдің  ӛкілі  деп  қабылдаған.  Бҧл  кӛшпелі  тҧрмыс 

салтынан  да  туындаса  керек.  Аспан  денелерін  шаруашылықта  пайдалану, 

яғни  соларға  қарап  жыл  мезгілдері  мен  табиғатты  тҥсіну,  кӛші-қон 

жолдарында бағдар алу, т.б. кӛшпелілер арасында тәңіршілдіктің ҧзақ уақыт 

ҥстем болуына алып келген сияқты. 

       Тҥрік  халықтарындағы  тәңіршілдік  монотеистік  діни  жҥйе  деңгейінде 

болды.  Оның  қадір-қасиетін,  ҧлылығын  ақылмен  танып-білуге  ҧмтылған 

ежелгі  тҥріктер  ӛз  дҥниетанымдары  шеңберінде  бҥкіл  әлемді  ҧғынып,  оны 

ҧлықтайтын  ескерткіштер  тҧрғызды.  Бҧл  ата-баба  әруағы  мен  аспан  әлемін 

біртҧтас қарастыратын тас мҥсіндерде де кӛрініс тапты.        



 

308 


       Ежелгі  түріктердің  жартас  суреттері.  Еуразия  аумағында  ежелгі 

тҥріктердің  таным-тҥсінігінен  молынан  хабардар  ететін  петроглифтер 

шоғыры  кӛптеп  кездеседі.  Қазақстанда  бҧл  кезең  туындыларын  зерделеуге 

А.Г.Медоев, З.С.Самашев, т.б. мамандар мол ҥлес қосты.  

       Ежелгі  және  дамыған  орта  ғасырлар  тҧсындағы  кеңінен  таралған 

сюжеттердің бірі ту ҧстаған салт атты сарбаз, найза ҧстаған жауынгерлердің 

жекпе-жегі, жаяу әскер мен атты әскер арасындағы шайқас болып табылады. 

Бҧл  образ  Қиыр  Шығыстан  Дунай  далаларына  дейінгі  аймақтардан  кездесіп 

отырады. 

       Далалы аймақтарда орналасқан жартас суреттеріндегі ежелгі  тҥріктердің 

шығармашылық  туындыларын  бӛліп  кӛрсетуге  мҥмкіндік  беретін  негізгі 

элемент  тулар  болып  табылады.  Кӛне  тҥрік  жазба  дереккӛздерінде 

тікбҧрышты матадан жасалып, сырыққа тағылған туғ бірнеше рет айтылады. 

      Туғ,  ту,  байрақ  атаулары  қазіргі  таңда  барлық  тҥрік  тілді  халықтардың 

лексикасында сақталынып қалған. 

      Ту  сырық  басына  тағылған  тікбҧрыш  тҥрінде  бейнеленген,  кейде  екі-ҥш, 

тіпті  одан  да  кӛп  айырмен  бітеді.  Мҧндай  тулар  Жетісудағы  ортағасырлық 

петроглифтерден кездескен. 

       Жалаулар 

кӛлемі  бойынша  тудан  кішірек,  тҧрпаты  бойынша 

тікбҧрышты,  шашақ  тағылған.  Ҥш  бҧрыштылары  сирек  кездеседі.  Бҧлар  да 

жетісулық ескерткіштерге тән.  

       Ту  мен  жалаудан  басқа  найзаның  ҧш  жағына  қарай  тағылған  мойшақ 

(қылқҧйрық),  яғни  жылқы  қҧйрығы  да  кездеседі.  Мойшақ  тек  қана  найза 

ағашына (сабына) тағылған. 

       Мойшақтардың  қатарына  тек  ат  қҧйрығын  ғана  емес,  сондай-ақ  найзаға 

бекітілген  аяқ  жағы  ҥш  бҧрышты  болып  кесілген  ҧзынша  «жалаушаларды» 

да  жатқызуға  болады.  Тҥйе  мініп,  қолына  найза  ҧстаған  сарбаз  бейнесі 

Шығыс  Қазақстан,  ал  жаяу  әсер  мен  салт  атты  шайқасы  Оңтҥстік-Батыс 

Балқаш маңындағы петроглифтер шоғырынан ҧшырасқан. 

      Әскери  қҧрамалардың  қасиетті  символдары  немесе  қолбасшылар 

шеніндегі  белгілер  штандарттар  болды.  Олардың  қатарына  Жетісудан 

табылған сырыққа тағылған екі шашақты рама фигурасын жатқызуға болады. 

Штандарттар бейнесінің сериясы Жетісудағы Кӛксу ӛзені бойынан, тағы бір 

ҥш тісті тҥріндегі екі бейнесі Шығыс Қазақстаннан табылған. 

       Петроглифтердан  шабуыл  жасайтын  да,  қорғанатын  да  әскери  қару-

жарақтар кездесіп отырады. 

       Оңтҥстік-Батыс  Балқаш  маңы  мен  Жоңғар  Алатауынан  найзаны  қоян-

қолтық ҧрыста қолданып жатқан екі кӛрініс анықталған. Екі айқаста да салт 

аттылар  жаяу  әскермен  шайқасуда.  Ҥш  бҧрышты  ҧштық  Жетісудағы  Баян-

Жҥрек ғибадатханасынан (мінәжат орнынан) ғана кездескен. Сонымен қатар 

Таңбалыдағы  ту  ҧстаушының  жалауының  ағашы  ҥш  бҧрыш  тҧрпатты 

ҧштықпен берілген. 

        Ортағасырлық Қазақстан петроглифтерінен қылыштың нақты әрі дәлме-

дәл суреті атқа мінген сарбаздың қолынан анықталған. 



 

309 


        Ортағасырлық садақтың суретін сақ-скиф дәуіріндегі садақтардан айыру 

ӛте қиын. 

        Никитинка ауылы маңындағы тастарға қашап салынған жаяу  және атты 

садақшыларды  тҥріктік  деп  айтуға  болады.  Жаяу  садақшылардың  шеті 

қайырылған  «М»-тәрізді  садақтары  нақтырақ  кӛрсетілген.  Мҧнда  мынадай 

айқас 


суреттелген: 

штандарт 

ҧстаған 

атты 


әскерлерімен 

бірге 


садақшылардың  екі  тобы  салынған.  Тастың  сол  жақ  бӛлігінде  тҥйе  мен  ат 

мінген  сарбаздар,  теке  суреті  мен  дәл  сондай  жаяу  садақшы  бедерленген. 

Тастың жоғарғы жағында жаяу садақшыларға қарағанда садақтары ӛзгешелеу  

екі  салт  атты  бейнеленген,  алайда  сипаты  бойынша  олар  Жетісудағы 

Тамғалыдан табылған ту ҧстаған салт атты сарбаздардың садағына ҧқсас. 

       Никитинка  ауылы  маңындағы  шоғырдан  анықталған  тӛрт  жаяу 

садақшылардың белбеуіне тағылған тікбҧрышты заттарды қорамсақ деуге де 

болатын сияқты. 

       Дулығалардың  суреті  Таңбалы,  Ой-Жайлау,  Теректі  мен  Сарыбҧлақтан 

анықталған.  Жетісу  мен  Талас  Алатауындағы  салт  аттылардың  дулығалары 

сфера-конус  тәрізді,  кей  жағдайларда  оған  ҥкі  тағылған.  Оңтҥстік-Батыс 

Балқаш  маңындағы  Теректі  аңғарынан  табылған  жаяу  әскерлердің 

дулығаларындағы  айрық  ҧштықтарды  да  тағылған  ҥкі  деуге  келеді.  Теректі 

аңғары  мен  Тамғалы  қойнауындағы  кейбір  атты  әскерлердің  дулығаларына 

«мҥйіз» салынған. 

       Жоғарғы  Ертіс  алабы  мен  Жетісу  атты  әскерлерінің  киімдері  туралы 

мәлімет  жоқтың  қасы.  Алайда  жоғарыда  айтылған  Теректіден  анықталған 

жекпе-жек  кӛрінісінде  жаяу  жҥрген  сарбаздардың  ҧзын  «шапан»  кигендігі 

кӛрсетілген.  Бҧл  кафтандардың  сауыт  екендігін дулығалары,  найзалары  мен 

тік  семсерлері  немесе  белге  тағылған  қылыштары  да  айқындайды,  аталған 

заттар ауыр қаруланған жауынгердің толыққанды сайманы болатын. 

       Кейбір  жағдайларда  атты  жауынгер  егерінің  астындағы  тікбҧрышты, 

сопақша тершігі, тоқымы да бейнеленеді. Кӛшпелілерде кеуде мен қҧйрыққа 

тағылған  белбеулерге  ерекше  мән  берілді,  бҧл  заттар  таулы  аймақтарда 

жҥруге қолайлылық туғызатын. Олар ӛрнектелген қапсырмалармен сәнделді. 

       Жҥген-ноқталардың  жекелеген  бӛліктері  Жетісу,  Ертістің  жоғарғы 

ағысындағы ортағасырлық петроглифтерде бейнеленген. 

       Аттарды  сәндеген  кезде  қҧйрық-жалын  қырыққан.  Мҧндай  суреттер 

Таңбалыдан, Балқаш маңынан және Ертістің жоғарғы ағысынан анықталған. 

Ежелгі тҥрік дәуіріндегі сирек кездесетін бейне – ҧшып бара жатқан сҧңқар – 

болып табылады. Оның бейнесі Таңбалыдан табылған. 

       Қазақ  жартас  суреттері  туралы  да  қызықты  мәліметтер  алынған.  1989-

2003  жылдары  З.С.Самашев  пен  Ж.М.Жетібаев  Каспийдің  солтҥстік-шығыс 

жағындағы  қазақтардың  ӛнер  ескерткіштерін  зерттеп,  ХҤІІІ-ХХ  ғасыр  бас 

кезіндегі  жартас  және  қабырға  граффитилері  мен  жазуларын  тапты  және 

олармен  тығыз  байланысты  жерлеу  және  мемориалдық  қҧрылыстар 

кешенінің  қҧрамдас  бӛлігі  болып  табылатын  зооантропоморфты  мҥсіндер  – 

қҧлпытас, қошқартасты зерделеді. А.Г.Медоев тас бетіне тҥскен қазақтардың 

кӛптеген суреттерін тауып, жариялады. 



 

310 


       Ҥстірт  пен  Маңғыстаудағы  қазақтардың  жартас  суреттері  Ақмая, 

Айрақты тауларынан және Каспий теңізінің солтҥстік-шығыс жағалауындағы 

Жығылған  мҥйісіндегі  ҥңгірден  табылды.  Жартас  суретінің  жетекші  бейнесі 

әскери  атрибуттары  бар  атты  жауынгер.  Сондай-ақ  жылқы  бейнесіндегі  ер-

тҧрман, тоқым, қоржын, жҥген-ноқта бӛліктері, т.б. заттар да толымды тҥрде 

бейнеленген.  Қару-жарақтардың  тҥрлері  де  аса  ыждахаттылықпен  берілген. 

Олардың  арасында  алыстан  және  жақыннан  соғысатын  қылыш,  қанжар, 

айбалта,  найза,  екі  шеті  ҧшталған  ағаштар,  ілгектер  мен  шоқпарлар,  сырық, 

жебе  ҧштары,  қорамсақ,  қамшы,  сҥңгі,  ХVІ-ХVІІ  ғасырлардағы  білтелі 

мылтықтар  да  жеткілікті.  Ҥкі  тағылған  дулығаны  киген  сарбаздар  аз 

кездеседі.  Жылқышылар  жекпе-жекке  қатысушылар  ретінде  де  суреттелген, 

шайқастар мен таутеке, арқар аулаған кӛріністер де кӛптеп кездеседі. 

        Сағана-там,  кҥмбезді  мазар  қабырғаларына  салынған  гравюралар  ӛте 

кӛп,  олар  қҧрамы  бойынша  да,  сюжеті  жӛнінен  де  сан  алуан.  Әскери 

атрибутиканың  бӛлшектері  мҧқият  тҥсірілген,  алайда  адамдар  бет-бейнесіз 

және  шартты  тҥрде  бейнеленген:  денелері  қарапайым  сызықтармен,  ҥш 

бҧрыштармен берілген, оның толық фигурасын салу сирек ҧшырасады, олар 

қазақтардың стильдік антропоморфты мҥсіндеріне ҧқсайды, ал аяқтары  биік 

ӛкшелі, қонышының жоғарғы жағы кең етіктер арқылы берілген.  

       Тҥрлі  хайуанаттардың  (жылқы,  тҥйе,  таутеке,  арқар,  қҧстар,  жыртқыш 

аңдар)  суреттері  аңшылық,  кӛшіп-қону,  керуендер  шеру,  қасқырлардың  қой 

отарына  шабуы  секілді  кҥнделікті  кӛшпенді-малшы  ӛмірінің  қырларын 

сипаттайтын  композицияларға  біріктірілген.  Қару-жарақтар  мен  тҧрмыстық 

заттар  (саймандар,  самаурын,  сақпан,  кебіс,  боқша,  қамшы,  қҧрық,  етік, 

тоғызқҧмалақ  ойнайтын  ойықтар,  ыдыс-аяқтар)  суреттері  телімнің  сыртқы 

және  ішкі  қабырғаларын,  жабынын,  сыртқы  ернеуін  (карниз),  барабандары 

мен кесене кҥмбезін ешқандай сюжетсіз-ақ кӛмкеріп тҧрады. 

        Қарағашты  Әулие  бейітіндегі  мазар  қабырғасына  бір  ат  жегілген  екі 

доңғалақты  арба  суреті  салынған,  арба  қабырғасы  шарбақты,  оған  бес  кісі 

мінген. 


       Қабір  ҥстіндегі  шағын  тҧрпатты  ескерткіштердің  бірі  сағанатамдарда 

қаруланған сарбаз бейнесі, қошқартастарда (қой бейнесінің скульптурасы) ат 

мінген сарбаз, садақшы, зооморфты фигуралар,  таңбалар мен қару-жарақтар 

суреттері  берілген.  Соңғы  аталған  заттар  қҧлпытастардағы  негізгі  сурет 

болып табылады, олар асқан жоғары шеберлікпен бедерленген. 

        Қазақтардың  ҧлттық  ӛнеріндегі  жетекші  образ  ежелгі  тҥріктердегідей 

жылқы бейнесі болды. 

       Гравюраларда батырлардың аттарына ерекше кӛңіл бӛлінді: ол сымбатты 

тҧлғалы,  қамыс  қҧлақ,  аққу  мойын,  кішкентай  басты,  жалы  тӛгілген  немесе 

қысқа  тҥрде  бейнеленіп,  малдың  ӛзіндік  сипаттары  (тҧлпар,  арғымақ, 

қазанат)  жан-жақты  кӛрсетілді.  Кейбір  суреттерде  қҧйрық-жалы  кҥзелді. 

Әрине  бірқатар  суреттерде  жылқы  бейнесі  стильдік  сызықтармен  де 

шектелді.  Дегенмен  негізгі  ой,  басты  қадір-қасиет  сақталынды.  Араларында 

адай сәйгҥліктері мен қарабайырлар болған дала жылқылары оның прототипі 

болған еді.  



 

311 


       Батыр  шайқасып  жатып  та,  аң  аулап  жҥріп  те  бейнеленді.  Ол  сан  алуан 

қарулармен  қаруланды,  батыр  алыстан  ататын  қаруларды  да,  жақыннан 

шайқасатын  қаруларды  ҧстап  немесе  тағынып  жҥрді.  Кейде  ол  ҥкілі  (кейде 

ҥкісіз) дулығы киді немесе тӛбесі ҥшкір бас киіммен бейнеленді. 

        Маңғыстау  және  Ҥстірт  суреттеріне  қарағанда  адай  сҥңгілері  кейде  екі 

ҧшты болды: бірі – ҧзын әрі тар; басқасы – қысқа әрі жалпақ. Ағашында екі 

ілгегі  болды.  Найзаның  ағашына  ҧшынан  тӛменірек  жҥзі  ҥшкір  пышақ 

секілді ҧзынша жалпақ металл отырғызылды. 

        Қылыш  әшекейленген  қынапта  суреттелді,  ол  белбеулер  арқылы  кісе 

белдікке тағылды. 

       Қазақ  суреттерінде  ҧста  асай-мҥсейлері  мен  музыкалық  аспаптар  да 

кездеседі. Ол қайтыс болған адамның кәсібін, дарынын да кӛрсетсе керек. 

       Суреттердің  ерекше  категориясына  кемелер  де  жатады,  олар  ХVІІІ-ХІХ 

ғасырларда  Каспий  теңізінде  кӛптеп  жҥзіп  жҥрген  болатын.  Кеме  суреттері 

кӛбіне  ірі  кҥмбезді  кесенелер  мен  сағанатамдарға  тҥсірілген  және  адай 

батырларының теңіз қарақшыларымен соғыстарын сипаттайды.  

       Биік  тӛбешіктерге  және  кӛші-қон  жолдарында  салынған  ірі  кесенелер 

мен сағанатамдарда кӛптеген суреттер бейнеленген. Олар ерліктер мен тҥрлі 

іс-әрекеттерді  (айқас  кӛрінісі,  аңшылық,  кӛшіп-қону,  керуендер  шеруі), 

байлықты  (жылқы  ҥйірі  мен  қой  отары),  жеке  қаруды,  ат  әбзелдерін, 

тҧрмыстық-шаруашылық  заттарды  білдіреді.  Бірқатар  суреттер  қайтыс 

болған  адамның  ӛмірде  алған  орнын,  қоғамда  атқарған  қызметін  де 

айғақтайды. 

      Қазақстан  жер  асты  мешіттерінде  ашық  алақан  кӛптеп  кездеседі.  Бҧл 

белгілер  қасында  дәруіштер  қалдырған  мистикалық  формула-ӛлеңдер, 

қҧранның аят-сҥрелері жазылған. 

       Ашық  алақан  «ашылған  әлем»  деген  мағына  береді,  ол  сонымен  қатар 

«Аллахтың хақ екендігін», оның «ӛзі де рас, сӛзі де рас» екендігін де білдірсе 

керек. 

       Кейбір зерттеушілер ашық алақанды шиіттер арасында кеңінен таралған, 

олардың  эмблемасына  айналған,  яғни  христиандардағы  айқыш  (крест) 

іспеттес  мағына  берген  деп  есептейді.  Бірқатар  мамандар  бҧл  алақан  ту 

ҧстаушы  Аббастың  (Қҧсайынның  ағасы)  қолы  десе,  басқалары  Әлидің  қолы 

дейді, кейде бес саусақ Мҧхаммед саллаллаһу аләйһи уәссәләм

Әли, Фатима, 



Хасан  мен  Қҧсайын  сынды  «бестік»  шиіт  символы  (сонымен  қатар 

исмаилиттердің де) деп қарастырады. 

        Алақанды  сондай-ақ  бақыт  әкелетін  және  кӛз  ӛтуден  сақтайтын  ерекше 

бойтҧмар ретінде де қарастыратындар бар.  

        З.С.Самашевтің 

пікірінше,  қазақтардың  монументтік  ӛнеріндегі 

жауынгердің  бейнесін  Еуразия  далалы  аймақтарындағы  сан  ғасырлар  бойғы 

мәдени-генетикалық ҥрдістердің нәтижесі ретінде қарастырған жӛн. Әсіресе, 

б.з.б.  ІІ  мыңжылдық  екінші  жартысы  мен  аяқ  кезінде  тарих  сахнасының 

тӛріне  әскери  каста  ӛкілдері  шыққан  кезеңмен  тығыз  байланыстыруға 

болады. Мҧның жарқын кӛрінісін қҧрамына обалар мен қару-жарақ асынған 

жауынгер мҥсіндері, таңба секілді белгілері бар  кешендер кіретін Ҥстірттегі 




 

312 


сармат  ғибадатханалары;  ортағасырлық  антропоморфты  мҥсіндер  (ежелгі 

тҥрік,  қыпшақ,  половец),  Еуразия  далаларындағы  қарулы  салт  аттыларды 

сипаттаған гравюралар мен жазулар нақты кӛрсетіп береді.  



 

313 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет