Ғибадатханалар, храмдар. Оңтҥстік Қазақстан мен Оңтҥстік-Батыс
Жетісуда тҥрлі діни қауымдардың ғибадатханалары мен храмдары болған
Кӛкмарданнан жоспары шаршы тәріздес, ауданы 4,4 м бір бӛлмелі
ғибадатхана аршылған. Кірер есікке қарама-қарсы орталық қабырғада
еденнен 0,5 м биіктікте қой мҥйізі тҥрінде ойылған тікбҧрышты қуыс
орналасқан. Оның астында кҥлдің қалың қабаты бар тҧғыр орнатылған.
Ғибадатханаға тікелей ҧқсас қҧрылыстар жоқ, бірақ кушан уақытымен
мерзімделінген Хорезмдегі Гуяр қаласындағы қҧрылыс залымен кейбір
ҧқсастықтар бар.
Оңтҥстік-Батыс Жетісу қалаларындағы буддизмнің рӛлі айқынырақ
байқалады. Кезінде Ақбешім қаласынан екі, Қызылӛзен қаласынан да екі
будда діни ғимараттары аршылған болатын. Алғашқысы целла
(ғибадатхана), оңтҥстік-шығысқа ашылған айналма дәліз бен залдан тҧрады.
Қабырғасынан жазу іздері анықталған. Ақбешім қаласындағы екінші будда
діни топографиясы жағынан біріншісіне жақын. Қазба жҧмыстары оған ерте
кездегі қҧрылыс орны платформа ретінде пайдаланылғанын кӛрсетіп берді.
Діни ғимарат VІІ-VІІІ ғасырларда бірнеше рет қайта салынып пайдаланылды.
Оның целласы аумағы 6х6 м шаршы жоспарлы қҧрылыс. Ҧзын шикі
кірпіштен кӛтерілген ғибадатхана қабырғасының қалыңдығы 2,6 м. Тӛбесі
кҥмбезделіп жабылған. Целлаға шығыстан кірген. Кіретін есік алдына
кіреберіс далда соғылған. Целланы оңтҥстіктен, батыс пен солтҥстіктен
галереялар қоршап тҧрды. Кейіннен пилон-контрфорс, кірер есігіне текпішек
салынған. Қабырғасын екі рет сылаған, ганчпен сылап, жазу жазған.
Жазулар кӛк, қара, қызыл, жасыл тҥстермен тҥсірілген. Тамбур мен
ғибадатханаға кірер тҧстан табылған мҥсін фрагменттері ол қайта салынған
уақытқа жатады. Олар қол, жамбас, аяқ, бет-пішін мен бас фрагменттерінен,
352
киімге жабыстырылған кӛптеген әшекейлерден, бас киім бӛлшектерінен
тҧрады.
Діни ғимаратты қазу басталғанда-ақ галереяның батыс айналма жолынан
басы солтҥстікке бағытталған нирванадағы Будданың ҥлкен мҥсіні табылды.
Мҥсін ішінара сақталған, басы мен денесінің жоғарғы бӛліктері ілкі
замандарда қиратылған. Мҥсіннің сақталған ҧзындығы 8 м. Мҥсін мен ол
жатқан постамент қызыл тҥске боялған. Тҥргеш мәнеттері олжаларына сай
діни ғимарат VІІІ-ІХ ғасырлармен мерзімделінеді.
Ақбешім қаласынан V-VІ ғасырларға жататын христиан шіркеуі
табылған. Бҧл қҧрылыстың ҥлкен бӛлігін аула қҧрайды, ал шіркеу оның
шығыс жағында орналасты, ол аумағы 5,3х4,2 м қҧрылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |