Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Тҧрғын  ҥй  тҧрғызудың  дамуы  мен  демографиялық  сауалдар



Pdf көрінісі
бет91/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117
      Тҧрғын  ҥй  тҧрғызудың  дамуы  мен  демографиялық  сауалдар.  ІХ 

ғасырдың  екінші  жартысы  –  Х  ғасырдағы  тҧрғын  ҥйлерде  оның  алдындағы  

уақыттың  дәстҥрі    жалғастырылады.  Бҧлар  –  кіре  берісі  тамбур  тәрізді, 

тҧрғын  жайдың  қабырғаларын  бойлай  «г»  және  «п»  тҥрінде    сәкілер 

орналастырылған,  айналасында  жақтаулары  мен  каминдері  бар    ашық  

ҥлгідегі    ошақтармен    жылытылған,  белағашты  (ӛтпелі)  етіп  жоспарланған 

бір  және  екі    бӛлмелі  ҥйлер.  Тӛбесі  бір  бағанды  және  тӛрт  бағанды  етіп 

жайпақ  жабылған. 

    Х-ХІ  ғасырлардағы  ҥйлер  Қҧйрықтӛбе  қаласын  қазғанда    мәлім  болған.   

Екі  бӛлмелі  ҥйлер  тҧрғын  жай  мен    қоймадан  тҧрды.  Ҥйге  тамбур  арқылы  

кіретін болған.  Бӛлмеде қабырғаларды бойлай, ені 1-1,5 м және биіктігі 0,3-

0,4 м болатын «п»  тҥрінде сыпа (сәкі) салынған. Ортасында, еденде жақтауы 

бар  антропоморфтық  алаңша  тҥріндегі  ошақ  орналасқан.  Оның  кӛлемі  

1,2х1,5 м, алдыңғы жағы дӛңгелек екі дӛңеспен сәнделген, оған жақын жерде 

от  жағатын  шҧңқыр  тҧр.  Кіре  беріске  қарама-қарсы  жақтаумен    бӛлінген 

шаруашылық  орны  бар,  оған  тас  дирмен  қойылып,  еденін  қазып,  ыдыс 

кӛмілген.  Сәкінің  (сыпаның)  шетіне  таман    биіктігі  0,6  м  жуан  текше 

орнатылып, оған сыланған тандыр қойылған. Тандырдың қасында  қабырғаға 

шаруашылық  қуыстары  жасалған.  Ҥйдің  тӛбесі  жалпақ  және  тӛрт  бағанмен  

тірелген,  ол  бағандардың  едендегі  шҧңқырлары  сақталып  қалған.  Басқа 

ҥйлердің    ішкі    кӛрінісі  осыған  ҧқсас,    тек  болмашы  айырмашылықтары 

байқалады.   

          Қҧйрықтӛбеде  қазып  аршылған  ІХ-ХІІ  ғасырдың  басындағы  тҧрғын 

ҥйлерде  елеулі  ӛзгерістер  аңғарылады.  Ҧзынынан  тізбектеле  орналасқан  ҥш 

бӛлмеден  тҧратын,  тізбектеп  (тҥзу,  жалғастырыла)  жоспарланған  тҧрғын 

ҥйлер сақталған. 

    Бӛлмелері  ҧзынынан  айқастырылып  (крест  тәрізді  жоспарланған) 

орналастырылған  ҥйлер  жаңа    ҥлгіге  жатады.  Ҧзын  жағы  ҥлкен  кӛшеге 

тігінен бір қатарға қойылған  бӛлмелері бар  тҧрғын ҥй тағы бір ҥлгі болды. 

Ҥйдегі бӛлмелер саны екеу немесе ҥшеу. Бҧл  ҥлгідегі  ҥйдің айқын бағдары 

жоқ, жеке бӛлмелерінің қандай мақсатқа арналғаны аңғарылмайды. 

      Бӛлменің  ішкі  кӛрінісі  ӛзгешелігімен  ерекшеленеді.  Сәкілер    бӛлменің 

жартысын, тіпті бҥкіл кӛлемінің ҥлкен бӛлігін алып тҧрады, бҧл орайда еден  

деңгейі  тек  ӛтер  жерденемесе  кіре  беріс  алдында  ғана  сақталады.  Ашық 

ошақтардың айқын тікбҧрышты бейнесі сақталмаған. Бҧл ошақ шҧңқырлары 

мейлінше алуан тҥрлі: сопақша, дӛңгелек, таға тәрізді болып келеді. 

      ІХ-ХІІІ  ғасырдың  бас  кезінде  Оңтҥстік-Батыс  Жетісуда  да  тҧрғын 

ҥйлердің  жаңа  ҥлгілері  таралады.  Олардың  біріншісіне  орталықтан 

жоспарлау  тән,  оның  негізі  орталық  зал  немесе  аула  болып,  тҧрғын  жайлар 



 

361 


мен қора-қопсыларға сол арқылы кірген. Бҧлайша жоспарлау бай ҥйлерге де,  

қатардағы  ҥйлерге  де  тән.  Айырмашылық  қҧрылыстың  кӛлемі  мен  ішкі 

кӛріністің  сипатына ғана келіп саятын. 

    Орталықтағы қираған  ҥйінділерден  тыс жерлердегі  сипатталған ҥйлердің 

бір бӛлігі, сірә, ауқатты қала  тҧрғындарының жазғы мекендері болса керек. 

Бҧл «касрлар» - бекіністі мекен-жайлар. «Каср» терминін – павильон, шағын 

сарай деп тҥсінген дҧрыс.  

    Ҧзын  дуалдармен  қоршалған  аумақтағы  қала  сыртына  орналасқан  бай 

қҧрылыстармен  қатар  олардың  тағы  бір  тҥрі  болды.  Бҧлар  –  ауылдық 

округтердің    негізгі  компоненті  болған  екі    және  ҥш  бӛлмелі  ҥйлерден 

тҧрады.  Олар  жалғыз,  бестен  жиырмаға    дейін  топталып  орналасқан,  кейде 

ішінде қҧрылыс салмаған телімі бар ӛзінше бір тӛрткҥлді  қҧрайды. 

    Тегінде,  мҧндай  ҥйлердің  кӛпшілігі  ауыл  адамдарынікі  болса  керек, 

бірінші  кезекте,  кейбіреулері  ҧзын  дуалдардың  ішкі  кеңістігінің  шет 

жақтарына  орналасты.  Басқалары  қатардағы  қала  тҧрғындарының  жазғы 

тҧрғын жайлары болуы мҥмкін. 

    Солтҥстік-Шығыс  Жетісудағы  баспаналар  туралы  Талғар  қаласындағы 

тоғыз  ҥй  қалдығы  бойынша  айтуға  болады.  Олар  бір  камералы    тҧрғын  ҥй 

мен  қоймадан  тҧратын  қҧрылысқа  негізделген.  Тҧрғын  ҥй  мен  мал  ҧстауға 

арналған  кең  ауланың  ҧштастырылуы  кӛңіл  аудартады.  Бҧл  – 

шаруашылығында  малшылық    тҧрмыс  сақталған  халыққа  тән  ҥрдіс.  Талғар 

қаласының шаруашылығында малшылық және кӛпшілік дәстҥрлер болғанын 

дәлелдейтін  қызықты  жағдай  кейбір  қоныс-жай  аулаларына  тҧрақты  тігіліп 

қоятын киіз ҥйлер болып табылады. 

     Ҥйдің  жанында    киіз  ҥйдің  болуы  кӛшпелі  тҧрмыс  дәстҥрінің  сақталуын 

аңғартады,  осы  тҧрғыдан  алғанда  да  Іле  қалаларының  мекен-жайлары  бір 

жағынан,  жергілікті  халық  арасындағы  отырықшылану  ҥрдістерін,  екінші 

жағынан  –  қала  тҧрғындары    шаруашылығында    мал  ӛсірудің  әлі  де    елеулі 

рӛл атқарғанын дәлелдейді. Бҧған ауладағы  киіз ҥй ғана емес, сонымен қатар 

малдың    тҥрлі    тҥліктеріне  арнап    салынған  қҧрылыстары  бар,  бҥкіл  мекен-

жайдың жартысын алып жатқан ауланың ӛзі де айғақ болады. Сонымен бірге  

тастан,  кҥйдірілген  балшық  кесектерінен,  шикі  кірпіштен  салынған  кӛп 

бӛлмелі  тҧрақты  тҧрғын  ҥйлер  қалаларды  мекендеушілер  тҧрмысының 

орнықты  болғанын,  ал  олардың  ӛмірі бірінші  кезекте  қолӛнермен,  саудамен  

және егіншілікпен байланысты екенін дәлелдейді.   

    Махаллалар  қҧрылысы  мен  тҧрғын  ҥйлер  қарастырылып  отырған  

кезеңдегі  демографиялық  жағдайды  сипаттауға  мҥмкіндік  береді.  Біздің 

есептеуімізше,    ӛңірдегі  ірі  қала    орталығы    -  Испиджабта  40  мыңдай  адам 

ӛмір  сҥрген.  Кенжеде  округінің  орталығы  Усбаникентте  7  мыңдай  адам 

тіршілік етті. Астаналық орталықтар  мен неғҧрлым ірі  қалаларда  4 мыңна 

10 мыңға шейінгі адамдар ӛмір сҥрді, ал Отырарда  16 мыңдай адам болды. 

Орташа қалаларда 1,5 мыңнан 3 мыңға дейін адам болса, ҧсақ қалаларда 1,5 

мыңдай  тҧрғындар  болды.  Оңтҥстік  Қазақстанда  барлығы  150-160  мыңдай 

адам ӛмір сҥрді.  




 

362 


    Біздің  мәлімет  бойынша  Шу  мен  Талас  алабындағы  қала  тҧрғындарының 

жалпы  саны  100  мыңдай  адамға  жетті.  Іле  алабындағы    қалаларда  ХІ  ғ.  мен 

ХІІІ ғ. бас кезінде 350 мың адам тіршілік етті. 

     Қала тҧрғындарының саны  бойынша Оңтҥстік Қазақстан  мен Жетісудың 

жекелеген  аудандары  Орта  Азияның  Ташкент,  Мерв  оазистері  секілді  

аудандарынан әлдеқайда аз еді. 

     Қолӛнердің,  сауданың,  ауыл  шаруашылығының  дамуы.  Қалалар 

санының  артуы,  олардың  аумағының  кеңеюі,  қала  халқының  ӛсуі  қолӛнер 

мен  сауданың  одан  әрі  дамуына  игі  әсерін  тигізді.  Қолӛнер  ӛнімін 

тҧтынушылар  қҧрамы  ӛзгерді.  Егер  бҧрын,  VІІ-VІІІ  ғасырларда  олар  бай 

кӛпестер  мен  диқандар  болса,  енді  қатардағы  тҧрғындар  да  ӛнімді  негізгі 

тҧтынушыға  айналады.  Қҧмырашылар  махалласындағы  қазбаға  қарағанда  

ХІ-ХІІ ғасырларда шағын қолӛнер шеберханалары пайда бола бастайды. Сол 

кездің    ӛзінде-ақ  шеберханалар    бір  салаға  мамандандырылды,  ал  қыш 

қҧмырашылар цехтық ҧйымдарға біріктірілді. 

       Қазақстан  қалаларынан  кӛп  табылған  шыны  бҧйымдары  Х  ғасырға 

жатады.  Сол  кезден  ХІІІ  ғасырдың  басына  дейін  шыны  бҧйымдарының 

тҥрлері,  ҥлгілері  және  жиынтығы  ӛзгермейтіні  байқалады.  Қазақстанның  

тҥрлі қалаларынан  табылған  шынының жақын ҧқсастығы аңғарылады. 

      Шыны  ыдыстардың  дені  ҥрлеу  әдісімен,  енді  біреулері  қалыпқа  қҧю 

арқылы  жасалған.  Қалып  ретінде  пайдаланылған  қабырғалары  мен 

тҥптерінде  «ара  ҧясы»,  шеңберлес  сызықтар,  розеткалар  тҥріндегі  ою-

ӛрнектер  болды.  Ҥрлеп  жасалған  ыдыс  сыртынан  жапсырылған 

қайырмалармен,  шыны  тіндерімен  және  жолақтарымен  ӛрнектеледі,  кейде 

тҥрлі-тҥсті жапсырмалары бар  ӛрнектермен безендіріледі. Шынылардың кӛп 

кездесуі  орта  ғасырлардағы  қалаларда  шыны  ӛндірісінің  жоғары  деңгейге 

жеткенін  және  халықтың  мейлінше  алуан  тҥрлі  топтары  пайдаланғанын 

дәлелдейді. 

    Қалалық қолӛнерде темір бҧйымдар жасаумен  тығыз байланысты ҧсталық  

кәсіп  ӛте  кең  таралды.  Қала  ҧсталары  әдетте  жеке  махаллаларға  орналасты. 

Темір  кен  ӛндірілетін  жерлерде  ӛңделген.  Металл  да  сонда  балқытылған.  

Ҧста    дҥкендеріне    темір  қорытпалары  әзірленген  крица,  қҧйма  және  темір 

сынықтары  тҥрінде  әкелінген.  Темір  және  шойын бҧйымдардың  сынықтары  

әрлендіру материалы ретінде де пайдаланылды.   

    Нашар  сақталуына  байланысты  ҧста  дҥкендерінің    қҧрылысын  кӛзге  

елестету  қиын.  Алматы  ҧста  дҥкенінде  темір  балқытатын  кӛрік  шикі 

кірпіштен    қаланған,  ол  цилиндр  тәрізді,  тҥбінің  диаметрі  2  метрге  жуық. 

Оның  іші  кҥлге,  кӛмірге  және  тӛбесінен  қҧлап  тҥскен    кҥйген  кірпіштің 

кесектеріне толы. Кӛріктің жанында  ыдыстар – су таситын тӛрт кӛзе тҧрды. 

Оларда су немесе бҧйымдарды шыңдауға арналған ерітінділер сақталды.  

   Мыс  бҧйымдарын  жасау    барлық  қалаларда  таралған,  оның  ҥстіне 

полиметалл  мен  мыс    орталықтарына    жақын  Қаратауда,  Қырғыз,  Іле  және 

Талас  Алатауларында  ӛндірілген.  Зерттеушілердің  пайымдауынша,  мыс 

кәсіпшілігі маңызы мен шеберлер саны жағынан екінші орындағы мамандық 

болған. Соның алдындағы кезеңмен салыстырғанда, мыс бҧйымдары кӛбірек 



 

363 


мәлім.  Мыс  шеберлері  ыдыс-аяқ,  шырағдан,  әсемдік  заттар  жасады.  Олар 

екінің  бірінде  зергерлер  де  болып,  қымбат  тҧратын    металдармен  де  жҧмыс 

істеді.  ІХ-ХІІ  ғасырлардағы  металл  бҧйымдар  негізінен,  қола  шырағдандар 

мен  оларға  арналған  тҧғырлар  болып  келеді.  Қолӛнер  бҧйымдарының 

арасында қҧмыралар да бар. 

      Зерттеушілердің  пайымдауынша  ІХ-ХІІІ  ғасырларда  Жетісу  кҥміс 

бҧйымдарын ӛндіретін орталықтардың біріне айналды.   

   Қоладан, кҥміс пен алтыннан білезіктер, шолпылар, сырғалар, қапсырмалар 

жасалды.  Зергерлік  бҧйымдардың  арасынан  Шымкент  кӛмбесінен  табылған, 

Х-ХІ  ғасырларға  жататын  ширатпалы  бҧратылған  кҥміс  білезіктер  ӛздеріне 

ерекше назар аудартады.  Жетісу-Сырдария аймағына тән мҧндай білезіктер 

неғҧрлым  кейінгі    кезде  де  жасалынды.  Отырардан  ХІІІ  ғасырдың  басына 

жататын әшекейлердің қызықты жиынтығы табылды.  Бҧл – ҧштарында сегіз 

қырлы  басы  бар    қола  білезік,  кҥрделі  нақышталған,  қола  шарлар  тізілген 

шаш    ҧстағыш,  айшықты    шыны    мен  кӛгілдір  ҧнтақтан  қатырып  жасалған  

моншақтар. Әшекейлердің ең кӛп тобы  – шыны мен тҥрлі-тҥсті тастардан  - 

ақықтан,  агаттан,  хрустальдан,  кӛктастан,  яшмадан,  інжу-маржандардан 

жасалынған моншақтар. 

        Аталғандармен қатар киіз, жіп талшықтары ӛндірісімен байланысты тері   

ӛңдеу,  жҥн  тоқу  секілді  мал  шаруашылығы  ӛнімдерін  ӛңдейтін  қолӛнер 

салалары да дамыды. Бірақ мҧндай ӛнімдер сақталмаған. 

      Сҥйектен  жасалған  садақ  қаптамалары,  тҥйреуіштер,  шахмат  мҥсіндері 

табылған. 

      Тас  ӛңдеу,  негізінен    орта  ғасырлардағы  қала  жҧрттарында  ең  кӛп 

таралған  олжалардың  бірі  –  диірмендер  жасауға  келіп  саяды.  Олардың 

ертедегі  орта  ғасырларда  жасалған  тҥрі  бҥкіл  кейінгі  ғасырлар  бойында  

сақталып қалды.  



       Қазақстанның  оңтҥстігінде  Испиджаб,  Кедер,  Отырар  және  Янгикент, 

Оңтҥстік-Батыста  Тараз  бен  Баласағҧн,  Солтҥстік-Шығыс  Жетісуда  Талғар 

мен Қаялық ең ірі сауда  орталықтары болды.  

      Испиджабта  жабық базар және мата базары  жҧмыс істеді.  Испиджабтың  

басқа сауда орындары арасында тималар аталады. Бҧлар қарабас-маталармен 

сауда  жасалатын  арнаулы  орындар  бар  ҥлкен  керуен-сарайлар  еді.  Әл-

Мақдиси  айтатын  рабадтардағы  керуен-сарайлар  осылар.  Олардың 

кейбіреулерінде    нахшебтер  мен    самарқандықтар  тҧрған.  Сонымен    бірге 

Испиджаб  кӛпестері  Бағдатқа  дейін  тауар  апарып,  онда  Мервтен,  Балхтан, 

Бҧхара  мен  Хорезмнен  барған  кӛпестермен  бірге  Харб  ибн  Абдаллах  әл-

Балхи  рабадында  тҧрған.  Отырар  алқабы  жӛнінде  деректерде  «Фараб  –  бай 

ӛңір,  оның  басты  қаласы    Кедер  деп  аталады...  –  бҧл  кӛпестер  жиналатын 

жер»  делінген.  Кедер  деп  саналатын  Қҧйрықтӛбе  қала  жҧртының  бір 

махалласында  сауда дҥңгіршегінің орны аршылды. 

     Сырдарияның  тӛменгі  ағысында  Янгикент  те  белгілі  сауда  орталығына 

айналады, онда хорезмдік кӛпестер колониясы болған еді. Сол себепті де бҧл 

қала мәдениетінде хорезмдік ықпал айқын аңғарылады. 



 

364 


      Бҧрынғысынша Тараз транзиттік ірі сауда  орталығы болып қала берді, ол 

жӛнінде  деректерде  «мҧсылмандардың  тҥріктермен  сауда  жасайтын  орны» 

және  «кӛпестер  қаласы»  деп  жазылады.  Тараз  кӛпестерінің  Исфаганда  ӛз   

тобы  болған,  ал  соңғысының  тҧрғындары  Шелжеде,  Талас  алқабында  сауда 

жасаған.  Жетісудан  Тараз  арқылы  Таластың  жоғарғы  ағысында  ӛндірілетін 

кҥміс    тасылған.  Кҥміс  ӛндірілетін  орталықтар  Шелже,  Текабкет  пен  Кӛл 

қалалары  болған.  Іле  аңғарында  Талғар  мен  Қаялық  сауда  орталықтары 

болды. 


       ІХ-ХІІІ ғасырлар бас кезінде қалалар мен ӛлке арасындағы сауда кеңінен 

дамиды.  Қалаларға  сипаттама  бергенде  орта  ғасырлардағы  авторлардың  ең 

алдымен  базарларын  сипаттап,  сол  жерлердің  тауарларына  тән  бағалар 

туралы  хабарлайтыны    кездейсоқ  емес.  Қалаға  ӛлкеден  ауыл  шаруашылығы  

ӛнімі,  негізінен  астық,  жеміс,  ет  әкелінген.  Егінші  халық  қала 

қолӛнершілерінен қажетті бҧйымдар – керамика, шыны, зергерлік  бҧйымдар, 

әшекей заттар алып тҧрды. 

    Қала  ӛмірінде  даламен  сауданың  маңызы  зор,  ол  қалалардың  ӛзінше  бір 

ауылдық ӛңірі болды. Сауда қала мен даланың екеуіне де пайда келтіріді, бҧл 

жӛнінде салжҧқ қҧжаттарының бірінде айтылады: «Олардың (кӛшпелілердің) 

пайда келтіретін тауарлары мен   заттары отырықшы адамдардың байлығын, 

игілігі мен пайдасын арттырудың бір кӛзі болып табылады. Шонжарлар мен 

жай халық осы  игіліктер мен артықшылықтардан ӛз ҥлесін алады» 

       Жәрмеңке  сипатында  болған  сауда  кӛшпелі  дҥниемен  шектес  Сауран, 

Янгикент (Жанкент), Дех-Нуджикес қалаларында мейлінше қызу жҥргізілген. 

Испиджабқа мал шаруашылығы  ӛнімі Дех-Нуджикес арқылы  келіп отырған. 

Сауран  оғыздармен  жасалатын  сауда  орталығы  болды.  Сондай-ақ  оғыздар 

Баладж және Берукет қалаларында да сауда жасаған. 

      Янгикент  арқылы  оғыздар  Хорезммен  сауда  жҥргізген,  ал  Хорезм 

Қазақстан  даласы,  Еділ  бойы,  Хазария  мен  славяндар  дҥниесі    арасында 

аралық  рӛл  атқарған.  Жазиралар  (оазистер)  мен  қалалардың  халқы  жылқы, 

мал, жҥн, иленбеген тері, киіз, текемет, сҥт ӛнімдерін, қҧлдар алып отырды. 

Кейбір  қалалар  тікелей    кӛшпелілерден  алынатын,  не  әкелінген  шикізаттан 

жасалатын тауарларды сыртқа шығаруға  маманданды. Мысалы, әл-Макдиси 

былай  дейді:  «Шаштан  жоғары  сортты  шегірен  ерлер,  жебе  салатын 

қорамсақтар  мен  шатырлар  әкетілді.  Тері  тҥіктерден  әкетіліп,  иленді...  

Ферғана  мен  Испиджабта  -  ақ  маталармен,  қарумен,  семсермен  және 

темірмен  бірге  тҥріктерден  шыққан  қҧлдар.  Тараздан  ешкі  терілері. 

Шелжеден  –  кҥміс.  Тҥркістаннан,  сол  сияқты    Хутталдан    бҧл  жерлерге  

жылқы мен қашырлар әкелінді». Тҥріктердің жылқылары ерекше бағаланған. 

Истахри  «Хорасанға  қой  халадждардан  әкелінеді,  ал  Мауераннахрға  ет  

оғыздар мен  қарлҧқтардан ... ӛздеріне  керегінен кӛп мӛлшерде жеткізіледі» 

деп хабарлайды. 

      Кӛшпелілер  экспортының    маңызды  бӛліктері  арасында  мускус  пен  аң 

терілерін  атау  керек.  Кӛшпелілер  саудасының  маңызды  тағы  бір  бӛлігі 

қҧлдар екені айтылады. Сонымен қоса дала тайпалары қалаға металл жеткізіп 

отырған. Оны  ӛндіретін орталықтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Әл-



 

365 


Идриси кимектердің темір, кҥміс және  алтын ӛндіргенін айтады. Кӛшпелілер 

ӛз  тауарларына  қалалық  орталықтардан  киім-кешек,  маталар,  астық,  қала 

қолӛнерінің бҧйымдарын, сәндік заттар айрбастап алған. 

      ІХ-ХІІІ  ғасырлардың  басындағы  кезеңде  тауар-ақша  қатынастарының  

ӛсуі тән, ол айырбасты ығыстырып шығарады. Қазақстанның ірі қалаларында  

теңге  сарайлары  болған.  Испиджабта  теңгелер  соғылған,  бҧл  іс  бірсыпыра 

ҥзіліспен ХІ ғасырдың бірінші жартысына дейін созылған. 

     Отырарда  теңгелер  соғу  жалғастырылды.  1967  жылы  Самарқанд 

кӛмбесінен  Барабтың 222-223 жылдардағы  саманилік теңгелері  (мәнеттері) 

табылды. Отырар және Қҧйрықтӛбе  қалаларының жҧртын   қазған кезде  де 

нақ  сондай    теңгелер  табылған.  Бҧл  қалада  қарахандар  мен  хорзмшахтар  

кезіндегі  теңге  сарайы  одан  әрі  жҧмыс  істеді.  Фарабтан  1164-65  –  1173-74 

жылдарда  Қарахан  мемлекеті  кезінде  соғылған  теңгелер  табылды, 

зерттеушілердің  пікірінше,  теңге  соғу  1210-11  жылдарға  дейін    жалғасқан 

болуы  мҥмкін.  1210  және  1217-18  жылдарда  Отырарда  соғылған  Мҧхаммед 

ибн Текештің  теңгесі мәлім. Яссыда  хорезмшах соқтырған теңге табылды.  

      ХІ  ғасырдың  20-шы  жылдарының  аяғында  Мауераннахрда  дирхемнің  

сапасы кҥрт нашарлады. Оның қҧрамындағы кҥміс 20

‰  дейін қҧлдырады.  ХІ 

ғасырдың  аяғына  қарай  «кҥміс  дағдарысы»  бҥкіл  мҧсылман  Шығысын,  

соның  ішінде  зерттеліп  отырған  аймақтың  қалалаарын  да  қамтыды. 

Сондықтан ХІ-ХІІ ғасырларда теңге бағамы алтынмен бейнеленіп, ол қҧнның  

бҧрынғыдан  кӛбірек  ӛлшеміне  айналды.  Оның  айналыс  қҧралы    ретіндегі  

рӛлі арта тҥсті. 

     Қала 

халқының  кӛбеюі  ауыл  шаруашылығының  тауарлылығын 

арттыруды,  жерді  пайдаланудың  барған  сайын  интенсивтендіріліуін  талап 

етті,  ӛйткені  Оңтҥстік  Қазақстанның  бірқатар  алқабтарында,  сондай-ақ 

Оңтҥстік-Батыс Жетісу қалаларының  ҧзын дуалдары  шегіне  суармалы және 

ӛңдеуге қолайлы  жер кӛлемі  шектеулі болатын. 

      Х-ХІІІ    ғасырларда    Іле  ӛзенінің  тӛменгі  ағысында  ирригация  дамиды. 

Бҧрынғысы  сияқты,  қала  және  ауыл  тҧрғындары  ӛз  телімдерінде  бау-бақша 

дақылдарын ӛсіреді, жҥзім шаруашлығымен және ҥй  жанында мал ӛсірумен 

айналысады. Қалалардың жҧртын қазған кезде Тӛменгі Барсханда Қызылӛзен 

қаласының  жҧртында  шарап  ашытатын  орындардың    қалдықтары  табылды,  

Степанинскоенің  Ақтӛбесінде  екі  шарап  ашытатын  орын  қазып  аршылды. 

Қала  тҧрғындарының    ҥйлерінде    ҧралар  болып,  оларда  астық,  кептірілген 

жеміс қоралары сақталған. 

       Қала және ауыл тҧрғындары сондай-ақ ҥй жануарларын – жылқы, сиыр, 

қой, ешкі ҧстаған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет