Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қала  қҧрылыстары,  жаңа  ҥлгідегі  тҧрғын  ҥйлердің  қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет94/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

      Қала  қҧрылыстары,  жаңа  ҥлгідегі  тҧрғын  ҥйлердің  қалыптасуы.   

Қаладағы  қҧрылыстар  жӛніндегі,  қала  махалласының  сипаты,  қоғамдық 

қҧрылыстар  және  де  жаңа  ҥлгідегі  тҧрғын  ҥйлердің  тҧрғызылуы  жайлы 

мәліметтерді  Отырар,  ішінара  Бҧзық  қала-жҧрттарының  қазба  жҧмыстары 

кӛрсетіп  берді.  

    ХІІІ-ХV  ғасыр  бірінші  жартысындағы  қазақстандық  қалалардағы  дәстҥрлі 

қҧрауыштар  (компоненттер)  қатарына  бҧрынғыдай  моншалар  да  кірді.  ХІІІ 

ғасыр  соңғы  ширегі  мен  ХV  ғасыр  бас  кезіне  жататын  олардың  бірі 

Отырардан  қазылды.  Ол  оңтҥстік  қақпадан  200  м  батысқа  қарай,  су 

қоймасының  жағалауында,  ХІ-ХІІ  ғасырлардағы  моншаның  орнына 

соғылған.  Жоспардағы  бағыттары  бҧрынғыдай  солтҥстік-батыс    жақта  емес; 

оған келушілер оңтҥстік-шығыстан кірген. 

     Монша тік бҧрышты қҧрылыс, оның айқыш (крест) тәрізді жоспары айқын 

аңғарылады. Оның екі кезеңде салынғандығы  анықталды. Алғашқыда монша 

аумағы  сыртқы  қабырғасынан  есептегенде  13,5х16,5  м  болған.  Бҧл  кезде 



 

369 


орталық залдың аумағы 22 шаршы метр еді,  қалған бӛліктері суға арналған 

цистерна бӛлмесін есептемегенде аумағы 7,2 шаршы метр болды.  

    Монша 10 бӛлмеден тҧрды, оған киім шешетін (лӛңгіхана), бу және массаж  

бӛлмесі қызметін атқарған екі бенуарлы орталық зал, жуынатын – ыстықхана 

мен суықхана бӛлмелері  кірген. Ол су  қоймасынан жер асты галлереясымен  

келген  қҧбыр  арқылы  сумен  қамтамасыз  етілген.  Су  қҧбыры  суық  және 

ыстық  суға  арналған  цистерна  тҧрған  бӛлмеге  тартылған.  Мҧнда  тӛрт 

резервуар  болған.  Бірнеше  бӛлікке  бӛлінген  олар  ӛзара  біріккен  ҧзын 

цистерна  тҥрінде.  Бҧлардың  неге  арналғандығын  ибн  Синаның  айтқан 

«адамдар шомылғанда  бірнеше ерітінді  пайдаланды» деген мәліметі кеңінен 

тҥсінуге    мҥмкіндік  береді.  Кейбіріне  ӛсімдік,  кҥкірт,  кҥлді  қайнатып  алса, 

басқаларына ол темір, тҧз, кварц, тотияйын қосылған деп кӛрсетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет