Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


- сурет.  Kalanchoe pinnata өсімдігі  жапырағының эпидермисі. А- Жоғарғы; Б- төменгі



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата06.02.2017
өлшемі39,27 Mb.
#3501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

6- сурет.  Kalanchoe pinnata өсімдігі  жапырағының эпидермисі. А- Жоғарғы; Б- төменгі 
 
Kalanchoe Daigremontiana (Hametet Perr.))  сағағының көлденең кесіндісі  домалақ, анатомиялық 
құрылысы  эпидерма,  алғашқы  қабық  және  орталық  шеңберден  тұрады.    Эпидерма  клеткалары  ұсақ, 
домалақ  клеткалардың  бір  қатарынан  тұрады,  клетка  қабықшалары  сыртынан  кутин  қабатымен 
жабылған.  Эпидерма  қабатының  астыңғы  жағында алғашқы  қабықтың  құрамына  кіретін  механикалық 
ұлпа-  склеренхима  орналасқан.  Алғашқы  қабық  паренхималары   арасында   көптеген  коллатеральды 
өткізгіш  шоқтар  кездеседі.  Орталық  шеңберде  бір  ірі  коллатеральды  түтікті-талшықты  өткізгіш  шоқ 
орналасқан. Қабықтың  паренхималық клеткалары ірі болып келеді (7- сурет, А). 
Kalanchoe  pinnata  (Lam.)  Pers.  сағағының  көлденең  кесіндісінің  пішіні  сопақша,  қалған 
анатомиялық  белгілері  Kalanchoe  Daigremontiana  сағағының  анатомиялық  белгілеріне  ұқсас  (7-сурет 
Б). 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
18 
 
 
 
7- сурет.  Kalanchoe Daigremontiana  (А) және Kalanchoe pinnata  (Б) сағағының көлденең 
кесіндісі. 
1-эпидерма,  2-паренхима клеткалары,  3- өткізгіш шоқтар. 
 
 Сонымен,  Kalanchoe  Daigremontiana  (Hametet  Perr.))  мен  Kalanchoe  pinnata  (Lam.)  Pers. 
өсімдіктері  жапырақтары  мен  сағағының  анатомиялық  құрылыс    ерекшеліктерінің  диагностикалық 
салыстырмалы  талдауы  жүргізілді.  Kalanchoe  Daigremontiana  және  Kalanchoe  pinnata  (Lam.)  Pers. 
жапырақтары,  сағақтарының  анатомиялық  құрылысын  зерттеуден  алынған  нәтижелерді  талқылау 
нәтижесінде  Kalanchoe  Adans.  туысына  жататын  екі  түрдің  жапырақтары,  сағақтары  арасында  айқын 
анатомо- диагностикалық айырмашылықтары байқалмады.  
       
Әдебиеттер: 
1  Семенова Л.В., Ямпольский Ю.В. Лекарственные экзотические растения. −  СПб., 2003. − 125 
с. 
2  Дубровин И. И. Целительное каланхоэ. −   Алтей,  2007. −  48 с. 
3 Волжанова М.И., Байльман Р.А., Суслина С.Н., Быков В.А. Каланхоэ перистое  и дегремона: 
химический  состав,  применение  в  медицине  (обзор)  //  Вопросы  биологической,  медицинской  и 
фармацевтической химии. −  2010. - №7. –С. 14-20, 
4  Мельник А. Лечение каланхоэ. − Москва, 2003. − 350 с. 
5  Вовченко Ю.А., Орехов М.С. Энциклопедия цветовода. − Санкт-Петербург,  2000. − 95 с. 
6  Прозина М.Н. Ботаническая микротехника. – М., 1960. – 208 с. 
7  Пермяков А.Я. Микротехника. – М.: Изд. МГУ, 1988. – 58 с. 
8 Барыкина Р.П. и др. Справочник по ботанической микротехнике. Основы и методы. – М.: Изд-
во МГУ, 2004. – 312 с. 
9  Эзау К. Анатомия семенных растений. − М.: Высшая школа, 1990. − 558 с. 
10 ФС 42-1782-82 «Побеги каланхоэ свежие». − 1982. 
11  Бабак  Т.  Разнообразие  жизненных  форм  в  семействе  Cracculaceae  Dc.//  Вестник  института 
биологии Коми НЦ Уро РАН.  – 2009. -№6 (140).  –С 6-12. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 







ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
19 
 
УДК 636.2:636.083.37 
 
ӘУЛИЕКӨЛ ЖӘНЕ АНГУС ТҰҚЫМ ТӨЛДЕРІНІҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІНІҢ 
САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ 
 
Айтжанова  И.Н.  -  а.ш.ғ.магистрі,  PhD  докторант,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 
мемлекеттік университеті 
Найманов  Д.К.  –  а.ш.ғ.д.,  профессор,  А.Байтұрсыноватындағы  Қостанай  мемлекеттік 
университеті 
Аубакиров  Ж.К.  –  а.ш.ғ.к.,  аға  оқытушы,  А.Байтұрсыноватындағы  Қостанай  мемлекеттік 
университеті 
 
Әулиекөл  және  ангус  тұқымының  тәжірибелік  бұқашықтарының  бақылау  сойысының 
нәтижелері  келтіріліп,  ұшалардың  морфологиялық  құрамы  менгерілген.  Нәтижесінде  ең  жақсы 
сойыс сапасымен және морфологиялық құрамымен ангус тұқымының төлдері сипатталды.  
Негізгі ұғымдар: әулиекөл тұқымы, ангус тұқымы, ет өнімділігі, бақылау сойысы, ұша 
 
Ет өнімділігіне көптеген факторлар манызды әсер етеді: күтіп-бағу мен азықтандыру шарттары, 
генотип, жасы, мал жынысы және т.б.  
Ет  өнімділікті  сандық  және  сапалық  көрсеткіштерімен  сипаттауға  болады.  Сандық  көрсеткішін 
сояр алдындағы тірілей салмағы, сойыс салмағы, сойыс шығыны, ұша салмағы мен шығыны, іш май 
салмағы сипаттайды. Ет өнімділігінің сапалық көрсеткіштерін – ұшаның морфологиялық құрамы, еттің 
химиялық құрамы, калорийлігі, биологиялық құндылығы және т.б. сипаттайды.  
Малдардың  ет  өніиділігі  кешенді  морфофизиологиялық  ерекшеліктерімен  сипатталады.  Бұл 
белгілердің  айқындалуы  мен  дамуы  тұқымқуалаушылық  пен  сыртқы  ортаның  әртүрлі  шарттарымен 
арақатынасының нәтижесінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты төлдердің ет өнімділік сапасын 
генотипке байланысты менгеру нақты бір қызығушылықты тудырады [1-3]. 
Көптеген  авторлардың  ойларынша,  ет  өнімділігінің  толықтай  бағасын  және  оның  қалыптасу 
ерекшеліктерін  малдарды  сойғаннан  кейін  алынатын  сандық  және  сапалық  ет  өнімдері  бойынша 
беруге болады. [4-6]. 
С.С.  Гуткин    (1984),  И.  Ф.  Горлов    (2007)    айтқандай,  тірілей  салмақ  көрсеткіштері,  малдардың 
дене  бітімінің  типі,  экстерьер,  қондылығы  ірі  қара  мал  төлінің  ет  өнімділігі  туралы  толықтай  мәлімет 
бермейді.  
Осыған  байланысты  бізбен  ғылыми-шаруашылықтық  тәжірибе  жүргізіліп,  әулиекөл  (ЖШС 
«Агрофирма  Қарқын»)  және  ангус  (ЖШС  «Север  Агро  Н»)  тұқымдарының  бұқашықтарынан 
тәжірибелік топтар құрылды.   
Ет өнімділігі туралы толық және объективті сипатты бақылау сойысының нәтижесі бере алады. 
Біздің  зерттеулерімізде  тәжірибелік  төлдердің  бақылау  сойысы  (n=3  әр  топта)  18  айлық  жастарында 
өткізілді.  
Бақылау сойысының нәтижелері кесте 1  келтірілген.  
 
Кесте  1 -  18 айлық бұқашықтарының сойыс нәтижелері, (n=3, X±m
x

Көрсеткіштер 
Әулиекөл тұқымы 
Ангус тұқымы 
Тірілей салмағы, кг 
465,4 ± 2,5* 
594,9 ± 9,6* 
Сояр алдындағы салмағы, кг 
436,2±2,0* 
548,9±8,0* 
Ұша салмағы, кг 
239,9±5,1 
301,8±5,2 
Ұша шығымы, % 
55,0 
55,0 
Іш май салмағы, кг 
13,2 
16,1 
Іш май шығымы, % 
3,0 
2,9 
Сойыс салмағы, кг 
253,1 
317,9 
Сойыс шығымы, % 
58,0 
57,9 
*Р>0,999 
 
Кесте  1  талдай  келе,  ангус  тұқымы  төлдерінің  сояр  алдындағы  тірілей  салмағы    әулиекөлге 
қарағанда  біршама  жоғары  екені  байқалды  -  112,7  кг  (25,8%).  Ұша  салмағы  да  ангус  тұқым  тобында 
құрбыларына  қарағанда жоғары болды: 61,9 кг немесе 25,8%.  Біршама жоғары және бір денгейдегі 
ұша шығымы екі тәжірибелік топ бұқашықтарында байқалды 55,0%. 
Іш майының құрамы бойынша да айырмашылық ангус тұқым бұқашықтарының еншісінде болды 
– 16,1 кг, 13,2кг  қарағанда. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
20 
 
Жалпы  ең  жоғарғы  сойыс  салмағы  ангус  тұқымы  төлдерінде  байқалды.  Осыған  қарамастан 
әулиекөл  тұқым  бұқашықтарының  сойыс  шығымы  (58,0%)  салыстырмалы  топ  бұқашықтарынан 
(57,9%) 0,1%  жоғары болды.  
Осылайша,  келтірілген  бақылау  сойысының  нәтижелері  көрсеткендей,  ең  жоғарғы  сойыс 
сапасымен ангус  тұқымы төлдері сипатталды (ұша мен іш май шығымы, сойыс шығымы бойынша). 
Малдардың  ет  өнімділігінің  маңызды  сапалық  көрсеткіштерінің  бірі  болып  ұшаның 
морфологиялық  құрамын  санауға  болады    –  ондағы  ет,  сүйек,  сіңірі  мен  шеміршек  ұлпаларының 
қатынасы  мен  мөлшері.  Ұшадағы  осы  компоненттердің  құрамы  бойынша  тағам  өнімі  ретінде  еттің 
құндылығы анықталады. 
Ұшаның  морфологиялық  құрамы  кейбір  денгейде  оның  сапасын  анықтайды.  Ет  пен  сүйек 
қатынасы, ұшаның сорты мен жеке мүшелері тұқымына, жасына, жынысына, азықтандыру мен күтіп-
бағу  денгейіне  тікелей  байланысты.  Дәлелденгендей,  бұлшықет  шығымы  жас  малдарда  сақа 
малдарға  қарағанда  жоғары  және  малдарды  өсіру  кезеңінде  жақсы  азықтандыру  жағдайларында 
нашар семіртілгендермен салыстырғанда жоғарырақ болады.  
Ұшаның  бұлшықет  ұлпасы  оның  құнды  бөлігі  болып  табылады,  сондықтан  қазіргі  уақытта 
малдардан  барынша  бұлшықет  ұлпасының  құрамы  барынша  жоғары  және  тиімді  мөлшерде  май 
құрамы  бар  етті  алуға  ұмтылады.    Орнатылғандай,  ірі  қара  мал  ұшаларының    құрамында  бұлшықет 
ұлпасының құрамы 80% және одан да жоғарыға жетеді.  
Тәжірибелік 
малдардың 
ұшаларының 
морфологиялық 
құрамының 
абсолютті 
және 
салыстырмалы құрамы кесте 2 көрсетілген (сурет 1).  
 
Кесте 2 – Төлдердің жарты ұшаларының морфологиялық құрамы, (n=3, X±m
x

Көрсеткіштер 
Әулиекөл тұқымы 
Ангус тұқымы 
Суытылған сол жақ жарты ұшаның салмағы, кг 
117,3±2,9** 
146,4±4,2** 
Еті, кг 
92,1±1,8 
116,2±3,3 
Еті, % 
78,5 
79,4 
Сүйегі, кг 
21,9±0,9*** 
24,9±1,0*** 
Сүйегі, %  
18,7 
17 
Сіңірі мен шеміршегі, кг 
3,2±0,3 
5,3±2,2 
Сіңірі мен шеміршегі, % 
2,8 
3,6 
Еттілік индексі 
4,2 
4,7 
**Р>099; ***Р>0,90 
Ұшаны  ет  пен  сүйектерге  бөлгеннен  кейінгі  нәтижелерін  талдай  келе  18  айлық  жастағы 
малдарды  сойған  кездегі  ангус  бұқашықтары  ең  жоғарғы  ұшадағы  ет  салмағымен  сипатталды, 
әулиекөл  тұқым  құрбыларынан  24,1  кг  (26,2%)  артық  болды.  Сәйкесінше,  ұшадағы  ет  шығымы  да 
78,5%  және  79,4%  ангус  бұқашықтарының  пайдасында  болды.  Соған  қарамастан,  сүйек  салмағы 
әулиекөл  бұқашықтарында  (21,9  кг)  ангус  тұқымының  құрбыларына  қарағанда  3,0  кг  төмен  болды. 
Еттілік  индексі  көрсеткіші  бойынша  артықшылық  ангус  тұқым  төлдерінде  жоғары  болды  (4,7).  
Нәтижесінде салыстырмалы топ бұқашықтарының ұшаларындағы әртүрлі ет пен сүйек құрамы еттілік 
индексінің көрсеткішіне әсерін тигізді. 
 
         
 
 
 
Сурет 1 – Тәжірибелік топ төлдерінің жарты ұшаларының морфологиялық құрамы,% 
 
18 айлық жастағы малдардың бақылау сойысының нәтижесінен шығатын қорытынды, 
зерттелген топ малдары салыстырмалы түрде ұшаның морфологиялық құрамының жоғарғы 
көрсеткіштеріне ие болды, бірақ олардың ең жақсысы ангус тұқым төлдерінде байқалды.  

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
21 
 
Әдебиеттер: 
1 Кибкало,  Л.И.  Использование абердин-ангусских быков в скрещивании с молочным и комби-
нированным скотом / Л.И. Кибкало, В.В. Бычков // Вестник Курской государствен-ной сельскохозяйст-
венной академии. – 2010. - №1. – Б. 70-72.  
2 Косилов В.И., Мироненко С.И. Особенности формирования мясных качеств молодняка бесту-
жевской  породы  и  её  помесей  с  симменталами  при  нагуле  и  заключительном  откорме  //  Известия 
Оренбургского государственного аграрного университета. 2008.- № 1 (17). Б. 58–60. 
3    Миронова  И.В.,  Гильманов  Д.Р.  Продуктивные  качества  бычков  и  кастратов  чёрно-пёстрой 
породы и её помесей с салерс // Известия Оренбургского  государственного  аграрного университета. 
2013.- № 4 (42). Б. 107–111. 
4  Основные аспекты повышения эффективности производства говядины и улучшения её каче-
ства  / В.И. Левахин, Ф.Х. Сиразетдинов, В.В. Калашников и др. - М.,  2008. – Б. 116-120. 
5  Литовченко  В.Г., Тюлебаев  С.Д.,  Кадышева  М.Д.  и  др.  Убойные  показатели  и  промеры  туши 
подопытных  тёлок//  Известия  Оренбургского  государственного  аграрного  университета.  2013.-  №  7 
(42). Б. 119–121. 
6    Косилов  В.И.,  Мироненко  С.,  Никонова  Е.  Качество  мясной  продукции  кастратов  красной 
степной породы и еёпомесей // Молочное и мясное скотоводство. 2012. - № 1.Б. 26–27. 
 
 
 
ӘӨЖ 619:616:995.1:636.2 
 
 
АҚЖАЙЫҚ ЕТТІ-ЖҮНДІ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙЛАРДЫ  
ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АСҚАЗАН ІШЕК ЖОЛДАРЫНЫҢ 
СТРОНГИЛЯТОЗДАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ 
 
Алиханов Қ.Д. – докторы, аға оқытушысы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 
университеті 
Селеуова  Л.А.  –  т.ғ.м.,  докторант,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 
университеті  
Губайдуллина М. – магистрант, Жәңгір хан  атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  
университеті 
 
Аталған  мақалада,  Ақжайық  етті-жүнді  асыл  тұқымды  қойларды  өсіру  шаруашылығындағы 
асқазан  ішек  жолдарының  стронгилятоздарының  бар  жоқтығы  бойынша  зерттеу  жұмыстары 
нәтижелері  келтірілген.  Зерттеу  жұмыстары  2015  жылдың  қараша  және  желтоқсан  айларында 
Батыс  Қазақстан  облысының,  Жәңгір  хан  атындагы  Батыс  Қазақстан  аграрлық-техникалық 
университетінің  Ақжайық  етті-жүнді  асыл  тұқымды  қойларды  өсipy  шаруашылығындағы  әртүрлі 
жастағы  қойларға  жүргізілген.Зертханалық  зерттеу  «Эпизоотология,  паразитология  және  ВСС» 
кафедрасының зертханасында орындалған.  
Ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  копрологиялык  зерттеулермен  Фюллеборн  әдісі  бойынша 
жүргізілді, нәтижесінде кұрт жұмыртқалары табылған жоқ. 
Негізгі сөздер: стронгилятоз; копрология; фюллеборн; инвазия; паразитология; эпизоотология; 
будандастыру. 
 
Егеменді  еліміздің  жарқын  болашағы  мен  халқымыздың  кемел  келешегінің,  қазіргі  жаhандану 
заманындағы  талаптарға  сай  дамуы  –  бұл  мемлекетіміздің  ауыл  шаруашылығы  салаларын  дамытумен 
жүзеге  асырылатындығы  белгілі.  Ауыл  шаруашылығы  саласының  жақсы  жетістіктерінің  арқасында 
экономикамыздың  да  жақсарып  келе  жатқандығы  мәлім.  Аграрлық  саладағы  ғалымдар  мен  мамандар 
алдында  бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық  мал тұқымдарын өсіру,  олардың тұқымдық және өнімділік 
сапаларын  одан  әрі    жетілдіру,  қолдағы  бар  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдалану,    озық  инновациялық 
технологияларды жандандырып, оларды өндіріске кеңінен еңгізу міндеттері  тұр. Аталмыш іс-шараларды 
жүзеге асыруда  Батыс Қазақстан  өңірінің  алатын  орыны ерекше. 
Қойлардың  ас  қорыту  жүйесінің  стронгилятоздары  жылдың  барлық  мезгілдерінде  кездесіп,  қой 
шаруашылығының  дамуына  үлкен  зиян  келтіреді.Сондықтан  стронгилятоздарды  зерттеулер  қазіргі 
уақытта жалғасуда, осы ретте  әртүрлі препараттар сыналып, олардың экстенс және  интенс  тиімділіктері 
анықталып, өндіріске ғылыми ұсыныстар дайындалып, енгізілуде.   Қой шаруашылығында жиі кездесетін 
инвазиялық  аурулар  қатарына  асқазан  -  ішек  жолдар  стронгилятоздары  жатады.  Олар  ауқымды 
экономикалық зиян келтіретіне ғылымға мәлім. Осыған сәйкес аталған инвазияға қарсы паразитологиялық 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
22 
 
шараларды  өткізу  үшін,  оның  мерзімін,  алдын-алатын  және  онымен  күрес  шаралардың  ғылыми 
негіздемесі жасалады.                                          
 
 
 
Біздің  елімізде  және  шетелде    гельминттерге  байланысты  нақты  материалдар    жинаған  ,  оларға 
қарсы  күрес  жөніндегі  іс-шаралар  бірқатар  дамыған.  Алайда,  қой  шаруашылығында    гельминтоздарды 
шығындары  жоғары  болып  қалуда.  Бұған    себептердің    бірі  олармен  айналысатын  зерттеуге  жүйелі 
көзқарас,  яғни  эпизоотологиясы  болып  табылады.  Соңғы  жылдары  койлардың  гельминтоздарының  
эпизоотологиясы,  оларды  емдеу  және  алдын  алу  шаралары  қысқарған.  Осыған  байланысты  койлардың 
организміндегі    гельминттердің  кұрылымы  және  біздің  аймактардағы  әртүрлі    жерлерде  толық 
зерттелмеген  және  соның  әсерінен  койлардың    жүн  өнімділігі,  салмақ  қосуы  және  ет  сапасы  қой 
шаруашылықтарына экономикалық шығын келтіруде. 
Қойлардың  гельминтоздарының  ішінде,  қазіргі  уақытта,  ең  көп  тарағаны-асқорыту  жүйесінің  
стронгилятоздары.  Стронгилятоздар  асказан-ішек  жолдарында  тіршілік  етеді.Олар  қойлардың  денесіне 
трофикалық  (қоректік),  токсикалық  (уыттык),  механикалық  (ішекті  бітеу,  жару),  инокуляторлық  (патогенді 
микробтардың  кұрттардың  балаңқұрттарының  денесімен  сыртқы  ортадан  ішекке  енуі)  әсер  етіп  тіршілік 
етеді [1]. 
 Қойлардың  нематидирозы  мен  асқазан-  ішек  стронгилятоздары  Алтай  аймақтарының  зерттелген 
барлық  аймақтарында  белгіленген.  Қойлардың  бұл  инвазиясының  эқстенсивтілігі  нематодироз  кезінде 
34,8 % және стронгилятоздар кезінде 55,3 %, сәйкесінше орманды-далалы аймақтарда 31,4 және 69,0 %, 
далалы  аймақтарда  43,7  және  65,9  %  және  таулы  аймақтарда  36,5  және  75,0  %  құрады.  Инвазияның 
орташа  экстенсивтілігі    қопрологиялық  зерттеу  нэтижелері  бойынша  нематодироз  қезінде  37,4%  және 
асқазан-ішек  жолдарының  стронгилятоздары  қезінде  65,8  %  құрады.  Қойлардың  гельминтологиялық 
жарып-сою  мәліметтері  бойынша  нематодироз  бен  асқазан-ішек  жолдарының  стронгилятоздары  кезінде 
жануарлардың  инвазиялануы  қопрологиялық  зерттеулермен  салыстырғанда  5,2%-ға  жоғары  болды  [2]. 
Шешен  Республикасындағы  қозылардың  инвазиялану  эқстенсивтілігі  таулы  аймақтарда  28  %,  ал 
жазықтық  жерлерде  30,8  %.  1-ден  асқан  және  2  жастағыларда  12,2  %,  таулы  аймақтарда  20,1%,  тау 
етегінде 15%, жазық жерлерде 10%. 2 жастан асқан қойларда инвазия эқстенсивтілігі 14,7% (тау етегінде) 
және17,9  %  (таулы  аймақта)  [3].  Волгоград,  Мәскеу,  Курск  және  Тульск  облыстарында  5829  қой  мен 
ешкілерге  жүргізілген  зерттеулер  бойынша  Федерацияның  осы  4  облысында  екпе  стронгилятоздары 
кездеседі [4].  
Өлген,  өлтірілген  және  амалсыздан  сойылған  қойлардың  ішектерін  толық  гельминтологиялық 
жарып тексергенде, Каспийский өңірінің  барлық тексерілген жерлерінде малдар эзофагостом, нематодир 
және  буностомдармен  зақымдалған.  Каспийский  өңірінің  қойлары  мен  қозыларының  эзофагостом, 
нематодир және буностомдармен экстенинвазиялануы (ИЭ) сәйкесінше 33,9, 56,7 және 55,9 экз., инвазия 
интенсивтілігі  кезінде  (ИИ)  85,7,  4570  және  187  экз.  Алғашқы  жыныстық  жетілген  эзофагостом  және 
буностомдарды  жарып  тексеру  қезінде  маусымның  аяғы  мен  шілденің  басында  тапқан.  Эзофагостомоз 
кезінде  ИЭ  14  %,  буностомоз  кезінде  27  %.  Қүз  мезгілінде  эзофагостом  мен  буностом  инвазиясының 
экстенсивтілігі мен интенсивтілігі ақырындап көтерілді. Эзофагостомның ИЭ 35-44 %, ал буностомдардың 
ИЭ 30—71 %-ға жетті. Қыс мезгілінде эзофагостомның ИЭ 44,5 %, буностомдардың ИЭ 60,7 %, көктемде 
11,4 % және17,3 % [5]. 
Солтүстік—Шығыс Қазақстанда қойлардың нематодирлармен орташа экстенсинвазиялануы 60,4 %, 
гемонхтармен 37,4 % және стронгиляттардың басқа түрлерімен 45,6 %. Стронгиляттардың көбіне тараған 
түрлері нематодирлер мен гемонхтар болып табылады [6]. 
Гемонхоз  Қазақстанның  оңтүстік,  оңтүстік-шығыс  аудандарында  жиі  кездеседі.  Нематодироз  да 
Қазақстанда  кең  таралған.  Одан  қозылардың  өлім-  жетімге  ұшырауы  республикамыздың  далалық 
алқаптарында байқалады. Бұл гельминтоз Орал, Ақтебе, Қостанай, Ақмола, Кереку және Семей өңірінде 
жиі  кездеседі  (Қадыров,  1989;  Осипов,  1967;  Қарамендин,  1988,  т.б.).  Эзофагостомоз  Қазақстанның 
оңтүстік,  оңтүстік-шығыс  аудандарында  гельминтоз  көп  тіркеле  бермейді,  ал  республикамыздың 
шығысында ауру жыл бойы сақа қойлар арасынан шығып тұрады. Инвазияның өршу мерзімі жаз және қүз 
айлары. Батыс Қазақстанда инвазияның экстенсивтілігі қой отарларында қүзде 55 %-ға дейін жетеді [7].  
Акбаев М.Ш., Васильевич Ф.И., Балагула Т.В., Коновалов Н.К. деректері бойыншажұмыртқалардың 
биологиясына  тоқтай  кетсек:  Асқазан-ішек  жолдарындағы  стронгилятоздары  олардың  дамуы  бір  біріне 
қатты  ұқсайды.  Қарын-ішекте  өсіп-өнетін  стронгилятоздар  геогельминттер,  яғни  олар  тікелей  аралық 
иесінсіз  дамып  көбейеді.  Нематодамен  ұрықтанған  ұрғашылары  көптеп  жұмыртқалар  салады,  олар 
нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығарылады, қоршаған ортада қолайлы жағдай (жеткілікті ауа, мол ылғал, 
қажетті  температура  (20-250С)1-ші  даму  сатысында  сыртқы  ортаға  шықанда  12-17  сағаттан  кейін 
жұмыртқа  болады,  2-  ші даму  сатысында  30-40  сағаттан  кейін  личинкаға  айналып,  түлейді.  аралығында 
жұмыртқа ішінде балаң құрттар пайда болады.3-ші даму сатысында қолайлы жағдай кезінде 4- 6 тәуліктен 
кейін қайтадан түлейді де , тағыда личинкаға айналады [8].  
Қой  шаруашылығында  жиі  кездесетін  инвазиялық  аурулар  қатарына  асқазан  -  ішек  жолдар 
стронгилятоздары жатады. Олар ауқымды экономикалық зиян келтіретіне ғылымға мәлім. Осыған сәйкес 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ, 
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК 
 
23 
 
аталған  инвазияға қарсы паразитологиялық шараларды өткізу үшін, оның мерзімін, алдын- алатын және 
онымен күрес шаралардың ғылыми негіздемесі жасалады. Асқазан-ішек жолдарындағы стронгилятоздары 
көбіне  күйіс  қайратын  малда  кездеседі,барлық  елде  кеңінен  таралған,  соның  ішінде  Қазақстанда. 
Карибеков  Е.Е.  мәліметтері  бойынша  Казақстанның  оңтүстік-  шығыс  жағында  инвазияның  эктенсивтілігі 
қозыларда 66,6%, 2 жастағы төлдерде 73,3%,ал ересек қойларда 44,5% стронгилятарды құрайды [9]. 
 
Сондықтан  стронгилятоздарды  зерттеулер  қазіргі  уақытта  жалғасуда,  олардың  экстенсивтілігі 
анықталып, өндіріске ұсыныстар жсалып, енгізілуде. 
Зерттеу материалдары, мақсаты мен әдістемесі. 
Зерттеудің 
басты 
мақсаты 

Ақжайық 
етті-жүнді 
асыл 
тұқымды 
қойларды 
өсіру 
шаруашылығындағы асқазан ішек жолдарының стронгилятоздарының бар жоқтығын анықтау. Зерттеу 
жұмыстары  2015  жылдың  қараша  және  желтоқсан  айларында  Батыс  Қазақстан  облысының,  Жәңгір 
хан  атындагы  Батыс  Қазақстан  аграрлық-техникалық  университетінің  Ақжайық  етті-жүнді  асыл 
тұқымды  қойларды  өсipy  шаруашылығындағы  әртүрлі  жастағы  койларға  жүргізілді.  Қойлардың 
нәжістерін  зертханалық  зерттеу  «Эпизоотология,  паразитология  және  ВСС»  кафедрасының 
зертханасында жүргізілді. 
Ақжайық  етті  –  жүнді  қой  тұқымы  Батыс  Қазақстанның  (Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы 
министірлігінің 1996 жылы 27 тамыздағы №124 бұйрығы негізінде) далалық аймағында қос бағыттағы 
1996 жылы сынақтан өткен кроссбред жүн беретін етті - жүнді ақжайық тұқымы.Ақжайық етті- жүнді қой 
тұқымы  қазақ  ғылыми  –  зерттеу  технологиялық  қой  шаруашылығы  институтының  ғалымдары  мен 
шаруашылық  мамандары  бірлесе  отырып,жергілікті,биязы,биязылау,ұяң  және  қылшық  жүнді  будан 
саулықтарды  линкольн,ромни  –  марш  және  қазақтың  биязы  жүнді  қошқарлармен  күрделі  зауыттық 
будандастыру  арқылы  шығарылды.  Ақжайық  етті  –  жүнді  қойдың  еттілік  формасы  жақсы, 
кроссбредттік  жүннің  жіңішкелігі  58-50  сапалы,  ұзындығы  12  –  15  см  болады.  Асыл  тұқымды 
шаруашылықтарда  қошқарлардан  орташа  8,0  кг  жүн  қырқылады,таза  жүн  шығымы  63%6  элита 
саулықтарынан  4,5  кг  немесе  62  %    жүн  алынады.  Ақжайық  етті  –  жүнді  қой  тұқымының 
қошқарларымен  саулықтары  элита  және  І  класта  94-137  кг  және  55  –  65  кг  салмақ  тартады.Ақжайық 
етті  –  жүнді  қой  тұқымының  морфологиялық  құрамы  3-  ші  топта  ұша  салмағы  15,44  кг,етінің  жұмсақ 
бөлігі – 12,24 (79,3 %),сүйектері 3,20 кг(20,7 %),ет коэффициенті 3,83-ке тең. 
Зерттеу  жұмысы  барысында  қолданылған  қондырғылар  мен  құрал-жабдықтар:  микроскоп, 
кішкентай  шыныаяқтар,  сондай  –  ақ  мақта,  дәке,  дөңгелетіп  бір  ұшы  иірілген  жіңішке  сым  ілмектер 
тұзақтаршалар,  өлшегіш  шыны  стакандар,  аяқшалар,  колбалар,  цилиндрлер,  араластырғыш  шыны 
таяқша, темір елек, жапқыш-заттық шыны. 
Химиялық реактивтер: ас тұзы ерітіндісі ( меншікті салмағы 1,18гр), дистилденген су.  
Зерттеу  жұмыстарының  әдістемесі:  Фюллеборн  әдісі  -  қарапайым  және  өте  қолайлы,  кең 
тараған. Бұл әдісті дала жағдайында да қолдануға болады. Оны жүзеге асыру үшін қаныққан ас тұзы 
ерітіндісі ( меншікті салмағы 1,18), кішкентай шыныаяқтар, сондай – ақ мақта, дәке, дөңгелетіп бір ұшы 
иірілген  жіңішке  сым  ілмектер-  тұзақтаршалар  қажет.  Ерітінді  әзірлеу  үшін  1  л  суға  450  г  ас  тұзын 
салып, қайнағанша ысытады. Содан кейін оны мақтадан немесе дәкеден өткізіп сүзеді. Бұл ерітіндіні 
суытып  қолданады.  Өлшеп  алған  нәжісті  стаканға    (кұмалақтарды  келішеге)  салады  да,  оған  аздап 
ерітінді  қосады,  осыдан  соң  оны  таяқшаны  (кұмалақтарды  келісаппен)  әбден  езеді.  Осылай 
дайындалған  нәжіс  қойыртпағына  ертінді  қосып  (флотациялык  сұйық  пен  нәжістің    катынасы  20:1 
шамасындай  болуы  шарт),  сұйылтады  да  таяқшамен  тағы  араластырады,  сонаң  соң  торкөзді 
сүзгішпен  (дәке  немесе  темір  елек)  сүзгіш,  таза  шыны  ыдысқа  қотарады  да  (ауызы  тар,  мойыны 
жіңішке  шыны  кұмыралар-колбалар  пайдалануға  тиісті)  30-40  минут  бойы  тұндырып  қояды.  Осы 
мерзім  кұрт  жұмыртқалары  сұйықтың  бетіне  қалқып  шығады,  оларды  сым  ілмекшектермен  (2-3 
тамшы)  іліп  алып,  төсеніш  шыныға  еппен  cілкіп  салып,  бетін  жапқыш  шынымен  бастырып 
микроскоппен тексереді. 
Зерттеу нәтижелері 
Қараша  айында  жалпы  саны  35  бас  қойдан  алынды,  соның  ішінде  15  сынама  1-2  жастағы 
қойлардан,  20  сынама  саулық  қойлардан  алынды.  Желтоқсан  айында  жалпы  саны  30  бас  қойдан 
алынды, соның ішінде 15  сынама 1—2 жастағы қойлардан,15 сынама саулык койлардан алынды. 
Копрологиялык зерттеулер Фюллеборн әдісімен жүргізілді. Өлшеп алған нәжісті келшеге салып, 
оған  аздап  ертінді  қосып,  осыдан  соң  кұмалақтарды  келсаппен  әбден  ездік.  Осылайша дайындалған 
нәжіс  қойыртпағына  ертінді  қосып  (20:1  шамасында),  сұйылтықта  таяқшамен  тағы  араластырадық. 
Сонаң  соң  дәкемен  сүзіп,  таза  шыны  ыдысқа  30-40  минут  бойы  тұндырып  қойдық.  Осы  мерзім  кұрт 
жұмыртқалары сұйықтың бетіне қалқып шығады, оларды сым ілмекшектермен (2-3 тамшы) іліп алып, 
төсеніш шыныға еппен cілкіп салдық, бетін жапқыш шынымен бастырып микроскоппен қарадық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет