Бакалавр, магистр, философия докторын (PhD) даярлау бойынша білім беру



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата07.01.2022
өлшемі125,72 Kb.
#20521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
363b3d0c109b73bc802932b45cb1ab2c (1)

4. Білім алушы міндеттенеді:


Ф.ПК-ЮУ.УП.01.01

Ревизия № 2 от 20 июля 2020 г.

Страница 4 из 8

 ______________________________________________________________________________________________________

4

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлемінде білімді,



іскерлікті  және  практикалық  дағдыларды  меңгеруге,  оқу  және  практикалық  сабақтарға

қатысуға. Білім алушы тарапынан осы тармақты бұзу оны немесе Тапсырыс берушіні Шарт

бойынша ақы төлеуден босату үшін негіз болып табылмайды;

2) сабаққа қатыспаған жағдайда, бұл туралы білім беру ұйымына білім беру ұйымында

болмаған күннен бастап үш күн ішінде хабарлауға;

3)  білім  алушы  амбулаторлық  немесе  стационарлық  емделуде  болған  кезде  растайтын

құжаттарды көрсете отырып, білім беру ұйымын хабардар етуге;

4)  білім  беру  ұйымы  басшысының  бұйрықтары  мен  өкімдерін,  білім  беру  ұйымының

Жарғысын,  Ішкі  тәртіп  ережесін,  Академиялық  адалдық  ережесін  және  осы  Шарттың

талаптарын сақтауға және орындауға,

5)  білім  беру  ұйымының  мүлкіне  ұқыпты  қарауға  және  оны  ұтымды  пайдалануға,

жатақханада (білім беру ұйымы ұсынған жағдайда) оқу және тұру үшін қалыпты жағдай

жасауға қатысуға;

6) әскери есепке алу қағидаларын сақтауға;

7) білім беру ұйымдарының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына

құрметпен және әдепті қарауға;

8)  отбасы  жағдайы  мен  байланыс  ақпараты  (тұрғылықты  жері,  телефон  нөмірі,

электрондық поштасы және т б.) өзгерген кезде оқиға басталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні

ішінде білім беру ұйымына хабарлауға;

9) Ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымында жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін

кемінде үш жыл жұмыс істеуге.

Бұл  ереже  ауыл  жастары  арасынан  шыққан  азаматтарға  берілетін  квота  шегінде

педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен азаматтарға қолданылады.

10) Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымында жоғары оқу орнын бітіргеннен

кейін кемінде үш жыл жұмыс істеуге.

Осы  Ереже  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  негізінде  педагогикалық  білім  беру

бағдарламалары бойынша оқуға түскен азаматтарға қолданылады;

11) Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқу орны бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыс

істеуге.

     Осы ереже «Мәнгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы

шеңберінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылық білім беру бағдарламалары

бойынша  оқуға  квота  шегінде  түскен  ауыл  жастары  арасынан  шыққан  азаматтарға

қолданылады.

12) Меншік нысанына қарамастан, ұйымда жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш

жыл жұмыс істеуге.

Бұл  ереже  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  негізінде,  оның  ішінде  акылдық  квота

шегінде басқа білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен азаматтарға қолданылады.

13) Оқу аяқталғаннан кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде

үш жыл жұмыс істеуге.

     Бұл ереже мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (PhD)

бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтарға қолданылады.

14) жұмыс орнына ағымдағы бітіретін жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей келуге.

     5 қыркүйекке қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жұмысқа

қабылдау  туралы  бұйрықтан  үзінді  көшірмені  жіберу  арқылы  өзінің  келгені  туралы




Ф.ПК-ЮУ.УП.01.01

Ревизия № 2 от 20 июля 2020 г.

Страница 5 из 8

 ______________________________________________________________________________________________________

5

хабарлауға.  Көрсетілген  құжатты  ұсынбау  жұмыс  орнына  келмеу  болып  қарастырылады.



     Бөлу орны бойынша жұмысқа қабылданбаған жағдайда, жұмысқа қайта бөлу үшін Жас

мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияға жазбаша өтінішпен жүгінуге.

     Жоғары оқу орнының дербес бөлу жөніндегі комиссиясымен тұрғылықты жері бойынша

жұмыссыз  ретінде  есепке  алыну  үшін  жіберілген  жағдайда,  «Халықты  жұмыспен  қамту

туралы» ҚР Заңының 14 бабы негізінде ағымдағы бітіретін жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті

Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуге.

     Жұмысты өтеу бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқытуға байланысты

бюджеттік қаражат есебінен жұмсалған шығындарды толық көлемде өтеуге.

     Отбасы жағдайы мен байланыс ақпараты (тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық

поштасы және т.б.) өзгерген кезде білім беру ұйымына және білім беру саласындағы уәкілетті

органның сенім білдірілген өкіліне (агентіне) оқиға басталғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде

хабарлауға.

         Осы  тармақтың  барлық  ережелері  осы  Шарттың  4-бөлімі  9),  10),  11),  12),  13)-

тармақшаларында көрсетілген азаматтар санатына қатысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет