59
ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ
Пəнді оқытудың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін
мектептерде математиканы оқытудың нақты
жағдайларында туындайтын
оқу-əдістемелік міндеттерді кəсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім,
білік, дағды жəне құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Пəнді оқытудың міндеттері:
– математиканы оқыту барысындағы
педагогикалық процестің
оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мəн-мағынасын,
заңдылықтарын, тенденденциялары мен даму болашағын оқып-үйрену;
– жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың əдістемелік
жүйесінің негізгі компоненттерін оқып-үйрену;
–
математиканы
оқытудың
педагогикалық
процестің
жалпы
əдіснамасынан туындайтын əдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын
іріктеумен байланысты ғылыми түсініктерді қалыптастыру;
– математиканы оқыту процесінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың
психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып-үйрену;
– математиканы оқыту барысында техникалық құралдар мен заманауи
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері
мен тəсілдерін оқып-үйрену;
– мектеп математика
курсын ізгілендірумен, саралаумен жəне оқу
процесін ұйымдастырудың əрекеттік жəне технологиялық амалдары
тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың
қазіргі заманғы бағыттары
туралы түсініктерді қалыптастыру;
– білім алушылардың математика мұғалімінің кəсіби қызметінің негізгі
түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық жəне
зияткерлік сапаларын
дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: