Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет40/55
Дата14.06.2022
өлшемі0,54 Mb.
#36797
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Пəннің оқыту нысаны: Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім 
беру 
стандартының 
талаптарына 
сəйкес 
əдістемелік-математикалық 
білім,білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру процесі. 
Пəнді оқыту əдістері: ғылыми-педагогикалық əдебиетті, мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу бағдарламаларын
оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдарға теориялық талдаулар жасау, озат 
педагогикалық тəжірибелерді бақылау, оқып-үйрену жəне жалпылау, 
əңгімелесу, сауалнама, анализ жəне синтез, аналогия, классификациялау, т.б. 
Математиканы оқыту əдістемесі ғылым ретінде қалыптасу мен даму-
дың ұзақ кезеңінен өтті. Оның ғылым ретіндегі даму кезеңдері мектептегі 
математикалық білім беру ісін реформалаумен тығыз байланысты. 
Математиканы оқыту əдістемесіндегі маңызды өзгерістер XX ғасырдың 30-
ыншы,70-інші,сондай-ақ 90-ыншы жылдары жүзеге асты. Оның дамуының 
келесі кезеңі Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер 
үшін математикадан отандық білім беру стандарттары мен оқу-əдістемелік 
кешендердің жасалуы мен енгізілуіне байланысты.


60 
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
«Математиканы оқыту əдістемесі» оқу пəні ретінде 
Курстың мақсаты,міндеттері,пəні жəне оның басқа оқу пəндерімен 
байланысы. 
Математиканы 
оқытудың 
дидактикалық 
принциптері. 
Мектептегі математиканы оқытудың əдістемелік жүйесі жəне оның негізгі
компоненттерінің 
жалпы 
сипаттамасы. 
Математиканы 
оқытудың 
психологиялық-педагогикалық негіздері. Математиканы оқыту процесінде
оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, оқушыларға тəрбие 
беру, оларды психикалық, тұлғалық жəне зияткерлік тұрғыдан дамыту.
Математика жалпы білім беретін мектептегі оқу пəні ретінде
Мектеп математика курсының жалпы орта білім беру жүйесіндегі мəні 
мен маңызы. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Мектеп математика курсының базалық мазмұнына сипаттама. 
Математиканы 
оқытудағы 
пəнаралық, 
пəнішілік 
жəне 
сабақтастық
байланыстар. 1-4 сыныптардағы жалпы бастауыш математикалық дайындық.
5-6 
сыныптардағы 
пропедевтикалық 
математикалық 
дайындық. 
Математиканың 7-9 сыныптардағы жүйелі курсы. 10-11 сыныптардағы 
математика курсы. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш, негізгі жəне 
жалпы орта білім беру деңгейлеріне ндарына арналған математика 
бағдарламаларын талдау. Оқытудың əр жылы соңындағы оқушылардың 
математикалық білім, білік жəне дағдыларына қойылатын бағдарламалық 
талаптар. Математикалық білімдерді бағалаудың нормалары. 
Математикалық ұғымдар жəне оларды қалыптастыру процесі. Мектеп 
математика курсының анықталатын жəне анықталмайтын ұғымдары. 
Математикалық 
ұғымдарды 
анықтаудың 
тəсілдері. 
Математикалық 
терминдер мен символдар. Математикалық сөйлемдер. Аксиомалар. 
Теоремалар, олардың түрлері мен құрылымы, қажетті жəне жеткілікті 
шарттар, теореманы дəлелдеу тəсілдері. Мектеп математика курсындағы 
заңдар, алгоритмдер жəне ережелер. 
Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдары.
Көрнекі құралдар жəне дидактикалық материалдар. Аудио-, видео- жəне 
компьютерлік оқу материалдары. Математиканы оқытудағы компьютердің 
қызметі. Тест педагогикалық өлшеудің құралы ретінде. Мектеп математика 
кабинетін жабдықтау жəне дидактикалық тұрғыда қамтамасыз ету.
Математиканы 
оқытуды 
ұйымдастыру 
формаларының 
жалпы 
сипаттамасы. Математика сабағы жалпы білім беретін мектепте бірыңғай 
педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. 
Математикадан сыныптан тыс жəне факультативтік сабақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет