Курстың мақсаты мен міндеті. «Кəсіби бағытталған шет тілі» пəнін оқытудың негізгі мақсаты білімгерлерде объективті
факторлар туралы ғылыми көзқарас тудыру, заманауи білім берудегі шет тілін оқыту
жүйесінің дамуын қалыптастыру болып табылады.
«Кəсіби бағытталған шет тілі» пəнін оқытудың міндеттері: – студентте кəсіби тақырыпта ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау дағдыларын
қалыптастыру;
– кəсіби қарым-қатынас жасауға қажетті ауызша сөйлеу жəне жазу дағдыларын
қалыптастыру;
– түйінді ойын грамматикалық тұрғыдан көркемдей білу дағдысын қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасы құрылымындағы пəннің алатын орны «Кəсіби бағытталған шетел тілі» арнайы пəндер модуліне, міндетті пəндер компонентіне
кіреді.
Пререквизиттер: Ағылшын тілі (А2,В1)
Постреквизиттер: Ағылшын тілі (В2)
Кəсіби құзыреттіліктер түлек үшін төмендегідей сипаттарға ие: - ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі əдістерін, тəсілдерін жəне құралдарын
қолданады, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан, оның ішіндеауқымды
компьютерлік желіні жетік меңгерген;
- адамгершілік нормасы мен өнегелі мінез-құлық негіздерін меңгерген; - тазалық сақтау жəне еңбекті қорғау талаптарына, сыртқы ортаның жағымсыз
ықпалдарынан қорғану ережелеріне сай салауатты
- өмір салты дағдыларын қалыптастыруға қабілетті. -білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара əрекеттестікті
ұйымдастыру əдістерін меңгерген; - кəсіби міндеттерді шешуде мамандардың пəнаралық жəне салааралық өзара
əрекеттестіктеріне қатысуға қабілетті;
-орта білімнің ерекшеліктерін түсінеді жəне əр жастағы балаларға білім беруде
сабақтастықты іске асыратын құралдард меңгереді
- қазақ тілі мен əдебиетінің іргелі заңдарын жəне олардың теориялары туралы жүйелі
білімді игереді;