67
Түсінік хат
Əдебиетті оқыту əдістемесі пəнінің мақсаты
- əдебиеттің сөз өнері əрі ғылым
ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып,оны халқымыздың көркем тарихы, өмір
оқулығы дəрежесінде оқып-үйрету. Бұл пəн оқушы бойында биік эстетикалық талғамды
дамытады, өнер туындысындағы табиғатты, жарасымдылық пен сұлулықты, имандылық
пен ізгілікті, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен əсемдікті танып ұға білуге, оны
ой көзімен қарап, терең пайымдауға жол ашады. Сонымен бірге əдебиетті өмірмен
байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тəлім алуға, шəкірттердің оқырмандық
мəдениетін, қызығушылығын қалыптастырып, олардың əдеби қабілетін дамытуда қажетті
біліммен, біліктілік дағдыларымен қаруландырып жеке тұлғаның жан-жақты дамуына зор
үлес қосады.
Пəннің мақсаты мен міндеттері
Əдебиеттің сөз өнері əрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйеніп, оны
халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дəрежесінде оқып-үйрету «Қазақ əдебиетін
оқыту əдістемесі» пəнінің мақсаты болып табылады.
«Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəнінің негізгі міндеттері: оқушы бойында
эстетикалық талғамды дамытып, көркем туындыдағы имандлық пен ізгілікті ой көзімен
қарап терең пайымдауға жол ашады.
«Қазақ əдебиетін оқытудың əдістемесі» пəнін оқу арқылы студенттер əдебиет
пəнінің өзіндік ерекшеліктерімен, əдеби білім мазмұнын оны анықтайтын ұ
станымдармен,
өмір талабына сай оқыту əдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық
негіздерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алады.
Əдебиетші мұғалімнің кəсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын
өлшемдерді бойға сіңіріп, əдебиетті ғылым жəне сөз өнері ретінде меңгеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: