Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламалары үшін (1 курс)



Дата20.12.2023
өлшемі285,5 Kb.
#141731
Байланысты:
Мәдениеттану емтихан тест базасы с ответами


Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламалары үшін (1 курс)




Кең философиялық мағынада мәдениет дегеніміз не?



  1. Табиғат, табиғи әлем;

  2. Адамдандырылған әлем;

  3. Өнер;

  4. Адамгершілік;

  5. Дәстүр;

2


Мәдениеттану пәні:



  1. Табиғат заңдары;

  2. Ойлау заңдары;

  3. Мәдениет дамуының заңдылықтары;

  4. Адамдардың қоғамдағы қатынастарын реттейтін ресми және бейресми нормалар мен санкциялар;

  5. Тауар-ақша қатынастары.

3


Мәдениеттанулық білімнің құрылымы:



  1. Отандық және еуропалық мәдениет тарихы;

  2. Онтология, гносеология, мәдениет философиясы;

  3. Қоғамтану, әлеуметтік антропология;

  4. Мәдениет социологиясы, мәдениет антропологиясы, қолданбалы мәдениеттану;

  5. Әлеуметтану, саясаттану, этика, эстетика.

4


Этимологиялық тұрғыдан «культура» термині нені білдіреді:



        1. Балаларды тәрбиелеу;

  1. Қоғамның заңдылықтарын зерттеумен байланысты ғылымды бөлу;

  2. Жерді, топырақты өңдеу;

  3. Ағарту ісі;

  4. Адам өмірінің ережелерін белгілеу.

3


Мәдениетті жалпы белгілері бойынша жіктеу (классификациялау) қалай аталады?



    1. Мәдениет философиясы

    2. Мәдениет типологиясы

    3. Мәдениет тарихы

    4. Мәдениет антропологиясы

    5. Мәдениет теориясы

2


Мәдениет морфологиясының пәні:



        1. Нормативтік қатынастар жүйесі;

        2. Белгілер мен белгілер жүйесі;

        3. Мәдениеттің құрылымдық элементтері;

        4. Әлем туралы сезімдік деректер;

        5. Дүниені түсінудің рационалды схемалары.

3


Өркениетті мәдениеттің соңы (тоқырауы) ретінде қарастырған автор:



    1. Э. Фромм

    2. Тойнби

    3. Ф. Ницше

    4. Н. Данилевский

    5. О. Шпенглер

5


Адамзат тарихындағы мәдениеттің алғашқы формасы:



  1. миф

  2. дін

  3. тотемизм

  4. философия

  5. ғылым

1


Мәдениет тілдерін зерттейтін мәдениеттану бағыты:



  1. лингвистикалық мәдениеттану;

  2. семиотика;

  3. мәдениеттану негіздері;

  4. экономика;

  5. статистика.

2


Мәдениеттің әлеуметтік институттарына жатады:



  1. мектептер, театрлар, университеттер;

  2. үкімет, заңнама жүйесі;

  3. нарық, бизнес, менеджмент;

  4. қоғамда қабылданған этикет ережелері;

  5. өндіріс орындары.

1


Қазақ мәдениеті өркениеттің қандай түріне жатады:



  1. Көшпелі;

  2. Батыс;

  3. Шығыс;

  4. Орта Азия;

  5. Таяу Шығыс.

1


Семиотика - ... туралы ғылым.

  1. Белгі (таңбалы) жүйелері;

  2. мағыналық жүйелер;

  3. табиғи жүйелер;

  4. формальды жүйелер;

  5. ғылыми жүйелер.

1


19 ғасырдың басындағы қазақ ғалымы, саяхатшы және этнограф:



  1. Ш. Уәлиханов;

  2. Әл-Фараби;

  3. Ы. Алтынсарин;

  4. А. Құнанбаев;

  5. Мырза Хайдар.

1


«Үш ақиқат» философиялық еңбегінің авторы:


  1. Ш. Құдайбердиев;

  2. М. Дулатов;

  3. Ы. Алтынсарин;

  4. Абай;

  5. Ш. Уәлиханов.

1


Мәдениеттің аксиологиялық функциясы:



  1. қызмет пен мінез-құлықты реттеуде;

  2. қоршаған әлемді тануда;

  3. құндылықтар жүйесін құру және дамыту;

  4. табиғатқа қарсы туру;

  5. акселерация.

3


Мәдениет бірнеше өмірлік функцияларды атқарады. Олардың ең бастысы қандай:



  1. тәрбиелік функциясы;

  2. реттеуші функциясы;

  3. әлеуметтендіру (қоғамға бейімдеу) функциясы;

  4. жорамалдау функциясы;

  5. танымдық функциясы.

3


Мәдениеттің тарихи формалары:



        1. Миф, дін, ғылым, философия;

        2. Жабайылық, варварлық, өркениет;

        3. Таптар, этностар, демографиялық топтар;

        4. Белгілер, жүйелер, кодтар;

        5. Материалдық мәдениет, рухани мәдениет.

1


Мәдениетті жанның тәрбиесі деп түсінген кім?



    1. К. Юнг

    2. Цицерон

    3. Э. Фромм

    4. Т. Адорно

    5. Ж. Делез

2


Мәдени код:



        1. Топ ішінде ақпаратты негіздейтін символдар жиынтығы;

        2. Каллиграфиялық жазу дағдылары;

        3. Шығармашылық элитаның құпия тілі;

        4. Арнайы шифрлар жүйесі;

        5. Құқықтық нормалар жиынтығы.

1


Мәдени құндылықтарды зерттеуге бағытталған тәсіл:



        1. Формациялық;

        2. Аксиологиялық;

        3. Эпистемологиялық;

        4. Онтологиялық;

        5. Құрылымдық-функционалдық.

2


Мәдениетті белгілер жүйесі ретінде қарастыратын тәсіл:



        1. Семиотикалық;

        2. Аксиологиялық;

        3. Символдық;

        4. Антропологиялық;

        5. Технологиялық.

1


Мәдениеттерді жазуға дейінгі, жазбаша және ақпараттық деп бөлген ғалым:



    1. Д.С. Лихачев;

    2. Ф. Энгельс;

    3. Ю.М. Лотман;

    4. Н.А. Бердяев;

    5. О. Шпенглер.

3


Мәдениеттанудың символистік мектебінің өкілі:



        1. М. Вебер;

        2. О. Шпенглер;

        3. К. Ясперс;

        4. А. Тойнби;

        5. Э. Кассирер.

5


Жергілікті (локальды) мәдениеттер тұжырымдамасының танымал теоретиктері:



        1. К. Маркс және Ф. Энгельс;

        2. О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин;

        3. Д. Вико, И. Гердер;

        4. А. Тойнби, И. Хейзинга, К. Ясперс;

        5. Ф.Ницше, А. Шопенгауэр.

2


Мәдениет туралы ғылымды белгілеу үшін «культурология» терминін алғаш рет қолдануды ұсынған ғалым:



    1. Л. Уайт;

    2. К. Маркс;

    3. О. Конт;

    4. А. Тойнби;

    5. Й. Хёйзинга.

1


Табиғатты жанды организм ретінде қабылдауды, табиғатты руханиландыруды білдіретін термин:



        1. Анимизм;

        2. Пантеизм;

        3. Деизм;

        4. Гилозоизм;

        5. Фетишизм.

4


Кім мәдениеттің диалогтік тұжырымдамасын ұсынды?



    1. М. Бахтин

    2. И. Кант

    3. Ж. Деррида

    4. К. Поппер

    5. М. Мид

1


Исламға дейінгі Иранда мемлекеттік мәртебеге ие болған пайғамбарлық дін:



        1. Манихейлік;

        2. Христиандық;

        3. Иудаизм;

        4. Зороастризм;

        5. Буддизм.

4


Араб-мұсылман мәдениетінде өнердін қандай түрлері болған жоқ:



        1. Сәулет өнері;

        2. Би өнері;

        3. Әдебиет;

        4. Музыка және поэзия;

        5. Кескіндеме және мүсін өнері.

5


Қазақтардың ата-бабаларының рухтары қалай аталады?



        1. Тәңір;

        2. Домалақ Ана;

        3. Аруақ;

        4. Аждарха;

        5. Умай.

3


Қ.А. Яссауи қандай мұсылман орденінің (бағыты) өкілі?



        1. Сунниттер;

        2. Шииттер;

        3. Сопылар;

        4. Ханафиттер;

        5. Қалам.

3


Үшінші Алтын адам табылған Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы аумағындағы сақ қорымы:



        1. Шілікті;

        2. Есік;

        3. Ырғызбай-ата кесенесі;

        4. Пазырық қорғандары;

        5. Ақбауыр.

1


Темірланның билігі кезінде қазіргі Түркістан аумағында тұрғызылған көрнекті ғимарат:



        1. Баба-Ата;

        2. Ақтөбе;

        3. Айша Бибі кесенесі;

        4. Яссауи кесенесі;

        5. Қорқыт Ата кесенесі.

4


Көне түркілердің тотемдік жануары:



        1. Аю;

        2. Бұғы;

        3. Қасқыр;

        4. Арқар;

        5. Жолбарыс.

3


Әр түрлі жағдайларға байланысты екі мәдениеттің ортасында қалған адамдар тобының шекаралық жағдайын қандай термин білдіреді?



        1. Аккультурация;

        2. Маргиналдық;

        3. Ассимиляция;

        4. Диффузор;

        5. Геноцид.

2


Көне түркілердегі көк аспанның бейнесі болып табылатын Құдай:



        1. Тәңір;

        2. Ұмай;

        3. Жер-Су;

        4. Аллаһ;

        5. Зороастр.

1


Этногенез және пассионарлық тұжырымдамасының авторы:



        1. В. И. Вернадский;

        2. Л. Н. Гумилев;

        3. В. С. Соловьев;

        4. И. А. Бродский;

        5. Н. А. Бердяев.

2


Қорқыт – бұл:



        1. Жердің Жоғарғы Құдайы (Жер-Су);

        2. Мифтік алғашқы бақсы, музыкант және әнші, қобыз музыкалық аспабын жасаушы;

        3. Жоғарғы Рух - қазақтардың алғашқы ата-бабасы;

        4. Жер асты патшалығының патшасы;

        5. XIX ғасырдың ағартушы ақыны.

2


Түркітілдес халықтар тарихының ескерткіші - М. Қашқари кітабы:



  1. Диуани лұгат-ат-түрік

  2. Диуани - Хикмет

  3. Құтты білік

  4. Бақытқа жету туралы

  5. Қайырымды қала тұрғындары туралы трактат

1


Шығыс Қазақстан облысының киелі объектілеріне не жатпайды:



        1. Ф. М. Достоевскийдің үй-мұражайы;

        2. Берел Қорымы;

        3. Шілікті Қорымы;

        4. Белуха Тауы;

        5. Есік қорғандары.

5


Парсы және түркі халықтарының көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі:



        1. Наурыз;

        2. Карачун;

        3. Нардуган;

        4. Сабантой;

        5. Когурт Кун.

1


Ақындық сөздің шебері, әнші, импровизатор:



        1. Жырау;

        2. Ақын;

        3. Сал;

        4. Бард;

        5. Ашуг.

2


Эпикалық поэмаларды жасаушы және орындаушы:



        1. Өлеңші;

        2. Ақын;

        3. Жырау;

        4. Бард;

        5. Ашуг.

3


«Халыққа сәлем», «Мен дүние жүзін араладым», «Туған жерім», «Менің Отаным», «Ленинградтылықтар, балаларым менің» т. б. белгілі поэтикалық шығармалардың авторы:



        1. Ж. Жабаев;

        2. Сүйімбай;

        3. А. Байтұрсынов;

        4. Құрманғазы;

        5. М. Жұмабаев.

1


Түркістан республикасы үкіметінің төрағасы қызметін атқарған көрнекті мемлекет қайраткері, публицист, шетелге қоныс аударған, 1941 жылы желтоқсанда Берлинде қайтыс болған:



        1. Мұстафа Шоқай;

        2. М. Жұмабаев;

        3. Ш. Құдайбердиев;

        4. А. Байтұрсынов;

        5. Ж. Аймауытов;

1


Журналист, публицист, ақын, ағартушы-педагог, аудармашы, «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы:



        1. Шоқай М.;

        2. Ж. Аймауытов;

        3. М. Дулатов;

        4. А. Байтұрсынов;

        5. М. Жұмабаев.

3


Өмірінің негізін көшпелі мал шаруашылығы құраған әлеуметтік тарихи қауымдастықтар:



        1. Түріктер;

        2. Қазақтар;

        3. Номадтар;

        4. Арабтар;

        5. Наймандар.

3


Абай құрастырушылар қатарына енген, баспаханалық тәсілмен шығарылған, қазақ тарихындағы алғашқы заңдар жинағы:



        1. Жеті жарғы;

        2. Есім ханның ескі жолы;

        3. Қасым ханның қасқа жолы;

        4. Қарамола ережесі;

        5. ҚР Конституциясы.

4


Аумақта 30-дан астам қоныстар мен 150-ден астам Андронов мәдениетінің қорымдары табылды:



    1. Орталық Казахстан.

    2. Оңтүстік Казахстан.

    3. Шығыс Казахстан.

    4. Батыс Казахстан.

    5. Солтүстік Казахстан.

1


Бірінші маусымда 100-ден астам рет сахналанған қазақ операсы:



    1. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»;

    2. «Абай»;

    3. «Қыз Жібек»;

    4. «Айман-Шолпан»;

    5. «Ер Тарғын».

4


«Алтын көмбелерімен» әйгілі Шығыс Қазақстанның сақ қорғандарының кешендерін атаңыз:



        1. Шілікті, Берел;

        2. Пазырық қорғандар;

        3. Баянауыл, Қамысты;

        4. Қобыланды, Зеренді;

        5. Есік, Тамғалы.

1


Ежелгі түркілердің шығу тегі туралы аңыз бейнеленген ескерткіш:



        1. Бүғыты ескерткіші;

        2. Өлен тасы;

        3. Иштар Құдайының қақпасы;

        4. Тамғалы жотасы;

        5. Сақ патшасының кесенесі.

1


Жетісудағы буддалық сәулет ескерткіші:



        1. Красная Речка қалашығы;

        2. Бұғыты ескерткіші;

        3. Жанайдар;

        4. Атасу;

        5. Шілікті.

1


Көне түрік мәдениетінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі (антропоморфтық) мүсін:



        1. Балбал;

        2. Долмен;

        3. Стелла;

        4. Өлен тасы;

        5. Менгір.

1


Ағаш тор түріндегі киіз үйдің құрылымдық қаңқасы:



    1. кереге

    2. сым-тас

    3. уық

    4. шаңырақ

    5. шатыр

1


Әйгілі орыс шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі, «Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі», «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты еңбектерінің авторы:



        1. А. К. Арендс;

        2. А. Л. Кун;

        3. В. В. Бартольд;

        4. В. В. Радлов;

        5. А.Е. Шмидт.

4


Қазақстанның ұлттық рәміздерінің бірі, Есік қорғанындағы қазба жұмыстарының нәтижесі:



        1. Қанатты барыс;

        2. Алтын адам;

        3. Алтын ат;

        4. Алтын домбыра;

        5. Есік жазба ескерткіші.

2


Ақыртас – бұл…



    1. ХI-ХII ғғ. Керуен-сарай;

    2. ХVIII ғ. ламаистік храм;

    3. ХII ғ. католиктік храм;

    4. I ғ. несториандық храм;

    5. мемориальдық кешен.

1


Мәдениеттердің өзара әсер ету процессі қалай аталады?



    1. Аккультурация;

    2. Инкультурация;

    3. Энкультурация;

    4. Эмансипация;

    5. Эманация.

1


Сақ тайпаларының өнер стилі:



    1. аң стилі; 

    2. полихромды стиль;

    3. дала стилі;

    4. патша стилі;

    5. геометриялық ою.

1


6-8 ғғ. Оңтүстік Қазақстанның ірі саяси-экономикалық орталықтарының бірі:



    1. Чигучен,

    2. Отырар

    3. Янгикент

    4. Суаб

    5. Тараз.

5


Қараханидтер дәуірінің түркітілдес ойшылдары:



        1. Қ.А. Яссауи, М. Қашқари;

        2. Әл Фараби, Ж. Баласағұн;

        3. Әл Ғазали, Ибн Сина;

        4. Ж. Баласағұн, М. Қашқари;

        5. Ибн Рушд, Ибн Сина.

4


Ежелгі түріктердің діні:



        1. Зороастризм;

        2. Ислам;

        3. Манихейизм;

        4. Буддизм;

        5. Тәңіршілдік.

5


«Отырар апаты» дегеніміз:



        1. Отырардағы жер сілкінісі;

        2. Шыңғысханның қаланы қиратуы;

        3. Су тасқыны;

        4. Отырардағы дипломатиялық келіссөздердің бұзылуы;

        5. Отырар шұратындағы жұт.

2


Х. Сәбитұлы, «қайғылы» деген атқа ие болған жырлар мен қара сөздердің авторы:



        1. Кодан Тайши;

        2. Ақан сері;

        3. Бұқар-жырау;

        4. Құрманғазы;

        5. Асан Қайғы.

5


Көпшіліктің ойлау стереотиптерін, қарапайым адамның талғамы мен мүдделерін көрсететін мәдениет:



        1. Бұқаралық мәдениет;

        2. Пролеткульт;

        3. Контркультура;

        4. Сюрреализм;

        5. Субмәдениет.

1


Басым мәдениеттің нормаларын жаңарту үшін сынға және күреске байланысты мәдени үрдістерді белгілеу үшін қолданылатын мәдени термин:



    1. Бұқаралық мәдениет;

    2. пролеткульт;

    3. контрмәдениет;

    4. сюрреализм;

    5. классицизм.

3


Идеялық ағым, оның өкілі Л. Н. Гумилев болды:



    1. еуразияшылдық;

    2. батысшылдық;

    3. славянофильдер;

    4. панславизм;

    5. пантюркизм.

1


Өркениетті мәдениет өміріндегі соңғы кезең деп санаған неміс философы:



        1. М. Вебер;

        2. Г. В. Ф. Гегель;

        3. Л. Фейербах;

        4. О. Шпенглер;

        5. Й. Хейзинг.

4


Ойшылдардың қайсысы ойын мәдениеттің қайнар көзі және негізгі мазмұны деп санайды:



  1. М. Вебер;

  2. К. Ясперс;

  3. Л. Фейербах;

  4. Л. Морган;

  5. Й. Хейзинг.

5


Кескіндемеші, график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы оның есімімен аталған:



  1. Әбілхан Қастеев;

  2. Гүльфайрус Исмаилова;

  3. Қанафия Тельжанов;

  4. Аубәкір Исмаилов

  5. Айша Ғалымбаева.

1


Көне түркі жазуының атауы:



        1. Скифтік;

        2. Соғдылық;

        3. Руникалық;

        4. Санскрит;

        5. Иероглифтік.

3


VI-VIII ғасырлардағы Исфиджаб қаласының қирандылары маңындағы табылған археологиялық олжа:



        1. Моншалар;

        2. Акведуктар;

        3. Кәріз жүйелері;

        4. Жерасты будда монастырі;

        5. Будда зираты.

4


Өз шығармашылығында қазақтардың дәстүрі мен тұрмысын бейнелеген көрнекті орыс суретшісі?



  1. Б. Смирнов;

  2. О. Федченко;

  3. В. Кошаров;

  4. В. Верещагин;

  5. Н. Хлудов.

5


Домбыра музыкасындағы лирикалық бағыттың негізін қалаушы:



        1. Құрманғазы;

        2. Тәттімбет;

        3. Дәулеткерей;

        4. Ықылас;

        5. Біржан.

3


1883 жылы бірінші қазақ мұғалімдер семинариясы қайда ашылды?



  1. Орскіде;

  2. Оренбургте;

  3. Омскіде;

  4. Семейде;

  5. Торғайда.

1


XIX ғасырдың екінші жартысында қай қалада алғашқы бұқаралық кітапхана ашылды?


1. Ақмолада;
2. Семейде;
3. Орынборда;
4. Омбыда;
5. Қызылордада.

2


М. Қашқаридің шығармасы:



        1. «Мейірімді қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»;

        2. «Толтыру мен қарсыласудың қысқаша кітабы»;

        3. «Диуани лұгат-ат-түрік»;

        4. «Дәрігерлік ғылым каноны»;

        5. «Бақыт эликсирі».

3


Ұлы Жібек жолының арқасында Орталық Азияда таралған ежелгі ирандықтардың діні:



        1. Зороастризм;

        2. Буддизм;

        3. Манихейизм;

        4. Христиандық;

        5. Шаманизм.

1


Суфизм:



        1. Исламның мистикалық-аскетикалық ағымы;

        2. Халифаттың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу принциптері;

        3. Қоғам мен халифатқа үміткер арасындағы арнайы келісім;

        4. Діни және зайырлы нормаларды біріктіретін құқықтық жүйе;

        5. Араб поэзиясының композициялық формасы.

1


Мәдениеттану ғылым ретінде қалыптасып, дами бастады:



        1. XIX ғасырдың екінші жартысында;

        2. XV ғ. басында;

        3. XVII ғасырдың аяғында;

        4. XVI ғасырдың бірінші жартысында;

        5. XVIII ғасырдың ортасында.

1


Мәдениеттанудағы «субмәдениет» категориясы қалай түсініледі?



  1. қоғамның төменгі мәдениеті;

  2. бұқаралық мәдениет;

  3. белгілі бір әлеуметтік топтың автономды мәдениеті;

  4. антимәдениет түрлерінің бірі;

  5. қоғамның элиталық топтарының мәдениеті;

3


Мемлекеттер, ұлттық-мәдени топтар мен тарихи-мәдени аймақтар арасындағы мәдени өзара іс-қимыл мен өзара әсерді тереңдету процесі қалай аталады?



  1. этникалық интеграция;

  2. мәдени интеграция;

  3. әлеуметтік интеграция;

  4. инкассация;

  5. аккредитация.

2


Ұрпақтан ұрпаққа берілетін және ұзақ уақыт сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтерін қамтитын ұғым:



  1. Культ;

  2. Салт;

  3. Жаңалық;

  4. Дәстүр;

  5. Жаңашылдық.

4


Мемлекеттің мәдени өмірін жоспарлаумен, жобалаумен, іске асырумен және қамтамасыз етумен байланысты мемлекет саясатының бағыты:



  1. қала құрылысы саясаты;

  2. әскери саясат;

  3. мәдени саясат;

  4. әлеуметтік-экономикалық саясат;

  5. өнеркәсіп саясаты.

3


Мәдениетті тұтас жүйе ретінде мынандай түрлерге (формаларға) бөлуге болады?



  1. Материальдық және рухани;

  2. Дін, өнер, білім;

  3. Биологиялық және рухани;

  4. Биологиялық және физикалық;

  5. Физикалық және материалдық.

1


Қазақ эпосына жатпайды:



  1. «Манас»;

  2. «Қобланды»;

  3. «Алпамыс;

  4. «Қыз Жібек»;

  5. «Айман-Шолпан».

1


Ақындар жарысы қалай аталады?



  1. Айтыс;

  2. Сарын;

  3. Күй;

  4. Ән;

  5. Мақам.

1


Қазақтың аса көрнекті композиторы-күйшісі, Батыс Қазақстаннан шыққан, атақты «Адай», «Сарыарқа» күйлерінің авторы:



        1. Құрманғазы;

        2. Дәулеткерей;

        3. Тәттімбет;

        4. Сейтек;

        5. Ақан Сері.

1


Ю. Баласағұнидің «Құтадғу білігінің» негізгі идеяларына мыналарды жатқызуға болады:



        1. Хандар мен бектердің деспотизмін айыптау, мемлекетті басқарудың адамгершілік заңдарын әзірлеу;

        2. Адамның ақыл-ойының күшіне сену, білімді сөзсіз құндылық ретінде бекіту;

        3. Қарапайым адам еңбегіне құрметпен қарау, мұқтаж адамдарға жомарт міңез таныту;

        4. Жас ұрпақты адамгершілік тәрбиелеу мәселелеріне, адам өмірінің мәні мен өлместігіне назар аудару;

        5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.

5


Әлемді көркемдік түсінуге және игеруге бағытталған адамдардың рухани-практикалық қызметіне негізделген мәдениет формасы:



        1. Миф;

        2. Ғылым;

        3. Философия;

        4. Өнер;

        5. Дін.

4


« Аз и Я» кітабының авторы - бұл:



  1. О. Сүлейменов;

  2. М. Шаханов;

  3. Ш. Айтматов;

  4. Ғ. Мустафин;

  5. Е. Брусиловский.

1


Атақты адамдардың жерленген жеріне орнатылған көне түркі тас мүсіні:



  1. «балбал»;

  2. «көкпар»;

  3. «наурыз»;

  4. «кетмен»;

  5. «киіз үй».

1


Белгілі ғалым, лингвист, ағартушы, «Қазақ» газетінің редакторы:



  1. А. Байтұрсынов;

  2. М. Жұмабаев;

  3. Ж. Аймауытов;

  4. М. Дулатов;

  5. С. Асфендияров.

1


Түркі тайпаларындағы Ұмай құдайы ненің қамқоршысы болып саналды:



        1. Аң аулау және соғыс қимылдары;

        2. Егіншілік;

        3. Ошақ және балалар;

        4. Қолөнер;

        5. Музыка мен ән-күй.

3


Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған философ және ғалым:



  1. Әбу Насыр әль-Фараби;

  2. Әль-Кинди;

  3. Әль-Бируни;

  4. Әль-Газали;

  5. Авиценна.

1


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты (2006 - 2011):



        1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін қарастыру;

        2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

        3. Елдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, Қазақстанның мәдени мұрасын шетелде насихаттау;

        4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

        5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.

3


«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының негізгі бағыттары:



        1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін қарастыру;

        2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

        3. Бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіміздің мәдени жетістіктерімізді бүкіл әлемге таңыту;

        4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

        5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.

3


«Туған ел» бағдарламасының негізгі бағыттары:



  1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін іске асыру;

  2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

  3. Бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіміздің мәдени жетістіктерімізді бүкіл әлемге таңыту;

  4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

  5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.

1


«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасының негізгі бағыттары:



  1. Өлкетану жұмысы; белсенді және табысқа қол жеткізген азаматтардын (бизнесмендер, шенеуніктер, жастар және т. б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; демеушілік көмек көрсетудің оңтайлы формалары мен тетіктерін іске асыру;

  2. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру; осы жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу; ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту;

  3. Бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіміздің мәдени жетістіктерімізді бүкіл әлемге таңыту;

  4. Цифрлық экожүйені құру және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша сапалы жобаларды іске асыру;

  5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі.

2


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет