«Егер Адам баласына Алла Тағаладан басқа тағы да
біреуге табынуға бұйыра алсам, әрбір әйелді өз еріне
табындаруға бұйрық берер едім».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Одан әрмен жүрсем, келесі әйелдің оң көзіне шеге
қағып, қабырғаға оны да асып, жапсырып қойыпты. Ол
не әрі, не бері қозғала алмайды. Лаулап жанған оттың
ішінде жан дауысы шығып: «Қымба-а-ат! Қымба-а-ат!»
– деп, бір әйел адам тірідей жанып жатыр. Алдында есті-
ген даусым осы тірідей жанып жатқан адамның дауысы
екен. Түрін танымаймын. Бірақ дауысы таныс.
Одан әрі қарасу батпақта бір адам тұншығып, малтып
шыға алмай жатыр. Кім екен деп қарасам, түсінбеймін.
Бір кезде күйеуім Мараттың екі жездесі болған еді, со-
88
VI БӨЛІМ
ларға ұқсап кетеді. Екеуі де кезек-кезек тұншығып, мал-
тып шыға алмай жатыр. Қызығы, екі адам бір адам бо-
лып тұр. Бір батып шыққанда: «Өлдім, өлдім көмектес!
Өлдім, өлдім көмектес! Құтқар бізді!», – дейді. Мен ол
жаққа бара алмаймын. Сұмдық қорқынышты. Осыларды
көргеннен соң кері қайтып қыл көпірдің үстіне барамын.
Сонан кейін: «Е, баяғы қыл көпір дейтін осы екен
ғой!», – деймін. Қыл көпірдің үстімен жүріп келе жат-
сам дірілдеп тұрып лақтырып жібереді, үстіне қайта екі
аяғыммен дік етіп түсе қаламын. Астыма қарасам, қап-қа-
раңғы құз. Мені осылай үш қабат лақтырды. Үшеуінде де
дік-дік етіп, қыл көпірдің үстіне түсе қаламын. Үшінші
қабат лақтырған соң жұмақтың есігіне бардым.
Есіктің сыртынан айқайлаймын: «Әже, мен келдім.
Қазір сені құшақтап иіскеймін!». Есікті енді ашып кірей-
ін деп тұрғанымда, жоғары жақтан қанаты бар екі еркек
күйеуім Мараттың анасын көтеріп ұшырып әкеп, тура
жұмақтың есігінің алдына апарып қояды.
Мараттың анасы есікті жауып тұрып:
– Қайда асықтың қызым? Менің жалғыз қарашығым
Мәкенімді (Маратты) кімге тастап кеттің?!
Мен айтамын:
– Сіз мені жіберіңізші, мен әжемді көрмегелі қан-
шама жыл болды, сағындым. Барып иіскеп құшақтап
келейін.
Мараттың анасына қарасам, үлкендеу қыз бала мен
кішкентай ұл бала, екеуі екі жағынан екі етегін ұстап тұр
89
екен. Ол кезде қызым Азиза екі жарым жаста болатын.
Мараттың анасы:
– Мына екі бала сенің балаларың.
– Менде мұндай балалар жоқ. Менде бір ғана бала
бар – Азиза.
– Жоқ мыналар – Мараттың дүниеге келетін бала-
лары. Сендердің балаларың. Құдайдан жалынып сұрап
алғанмын.
– Жо-оқ! Сіз мені жіберіңіз, шаршадым. Өмір сүргім
келмей кетті! Мұнда кіремін.
– Жоқ! Сен кері қайтасың! Мен Алла Тағаладан Ма-
ратыма дұрыс келін бер деп жылап жалынып, жалбары-
нып жүргенде жүріп сұрағанмын. Сонда сені кездестірді.
Ол сенімен ғана кемеңгер адам болады. Басқа адаммен
ондай бола алмайды.
Сол кезде:
– Е! Студент кезімде көк базарға жиі барушы едім,
мүмкін сол кезде сізден бірдеме сатып алған шығармын,
– деп ойымды айтып жатырмын. Ол кісі үндемейді.
Сол кезде екі баланы көргенде қызым Азиза есіме
түседі.
– Мәссаған! Мен не деген өзімшіл эгоистпін. Өзімді
ғана ойлап тұрмын. Азизаны тастап кеттім. Кім оған
шеше болады?! Кімге қалдырып бара жатырмын? Жоқ!
Мен өліспей беріспеймін!
Тұрған жерімнен жоғары жаққа қарасам, биікте қа-
90
VI БӨЛІМ
уғадай сақалы беліне
түсіп кеткен, аппақ киінген ақсақал малдас құрып үл-
кен кітапты ашып отыр екен.
– Әй, балам! Кімсің сен?
– Мен Қымбат Қабдашқызымын, ата! Сіз кім бола-
сыз?
– Мен ажал боламын. Ажалмын!
Әлгі арада не айтарымды білмей сасқалақтап қалдым.
– Е, е! Бұл өмірге асығып келген екенсің. Сені бұл
жерге асықтырып жіберген екен. Сен өз еркіңмен кел-
меген екенсің. Сені бұл өмірге зорлап, күштеп жіберген
екен ғой. Сені өлтірген екен. Сен тіпті ұзақ өмір сүретін
адамсың. Неғып бұл өмірге асықтың?
Ақсақал кітапты ашып қарайды. Мен:
– Қымбат Қабдашқызымын! Қымбат Қабдашқызы-
мын!, – деймін.
– Түсіндім, қарағым.
– Қалсам бола ма?
– Сенің әлі дәм-тұзың таусылатын күн жеткен жоқ.
– Бірақ менің кері қайтқым да келіп, қызымды ойлап
тұрмын. Ата, өліспей беріспеймін!
Осы сәтте мені жұмақтың есігінен шығарып жібе-
реді. Келген құбырмен қайта кері бағытқа ұша жөнелдім.
Алыстан жарық көрінеді.
91
– Мына жарыққа жете алмаймын ғой!, – деп ойлаға-
нымда оң жаққа, қысқа жолға бұрып жібереді. Осы құбы-
рдың ішімен ұша жөнелдім.
Оянып кетсем, операция үстелінің үстіндегі шамның
жарығы екен. Дәрігер бетімді шапалақтап: «Проснись,
проснись! Тұр, тұр, оян!», – деп, бетімді ұрып жатыр.
Сандырақтап, сандырақтап үш тәуліктен кейін есімді
жиыппын. Мен:
– Болды ма, Азиза! Болды ма, Азиза!, – дей беріппін.
Есімді жиғанда тұла бойымның, операция жасаған мү-
шелерімнің ауырғанын сездім. Ана жақта еш ауырғанды
сезген жоқпын. Менің ойымша операция 20 минут жа-
салған сияқты.
– Операция 20 минутта тез жасалды ғой, – деймін.
Медбике қыз:
– Ой, тәте! Сіздің системамен жатқаныңызға үш күн
болды ғой, – деді.
Бұл оқиға 1997 жылдың тамыз айында болған.
Достарыңызбен бөлісу: |