93
Кейін бір жылдан кейін аяғым ауыр болып екінші қы-
зым Әйгерімге босандым. Одан кейін үшінші балам Ела-
манды дүниеге алып келдім.
Басынан өткен тылсым дүниеде көрген адам сен-
гісіз ғажайып оқиғасын шұрайлы тілмен баяндап берген
Қымбат Қабдашқызы сөз соңын былай аяқтады: «Мен
бұрын қыл көпір, о дүние жайлы естігенмін, газет жур-
налдардан, кітаптардан оқығанмын. Бірақ, сенбейтінмін.
Мен өзім көзіммен көрмесем ештеңеге сенбейтін адам-
мын. Екі қабат тылсым дүнинің тура солай қайталанып
көрінуі мүмкін емес қой!
Бұдан бұрын да, осыдан кейін де тылсым дүние ту-
ралы неше түрлі қызық жайттарды көріп тұрамын. Қазір,
бір Алланың құдіретінің шексіз екенін және о дүниенің,
әруақтардың бар екеніне шек келтіре алмаймын».
Достарыңызбен бөлісу: