Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Көбелек, оның жұмыртқасы (а), дернәсілі (ә) және қуыршағы (б)



Pdf көрінісі
бет115/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

1-сурет. Көбелек, оның жұмыртқасы (а), дернәсілі (ә) және қуыршағы (б). 
Сонымен, көбелектің даму сатыларын (1-сурет) тізіп 
көрсетелік: жұмыртқа (а) дернәсіл (ә) қуыршақ (б) ересек көбелек
Дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді толық 
түрленіп дамитын бунақденелілер деп атайды. 
Бұларға көбелектен басқа қоңыз, шыбын, маса, ара және тағы басқа толып жатқан 
жәндіктер жатады. 
Жұмыртқа салу мерзімі, орны, даму мерзімі әр түрлі бунақденелілердің түріне қарай 
әрқалай болады. Мысалы, зауза қоңыз жұмыртқаларын топыраққа, шыбын ластанған 
жерлерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына, ағаш жемісіне, т. б. жерлерге салады. Зауза 
қоңыз дернәсілінің дамуы 4 жылға, шыбын дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке 
созылады. 
Шегірткелер, тарақандар, дәуіттер, инеліктер сияқты бунақденелілердің көптеген 
түрлерінің дамуы үш сатыдан тұрады. Олар: жұмыртқа – дернәсіл – ересек жәндік
Кейбіреуінің дернәсілі жұмыртқадан ересек жәндігіне ұқсас боп шығады. Тек дене 
мөлшері мен қанаттары (мысалы, шегірткеде) ғана кішірек болады. Бұл дернәсілдер өсіп
есею барысында бірнеше рет түлейді. Әр түлеген сайын ересек бунақденеліге ұқсастығы 
арта түседі. Дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын 
бунақденелілерді шала түрленіп дамитын бунақденелілер дейді. 


109 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет