аулап, тіршілік ете бастаған балық дернәсілін шабақ дейді. Шабақ ересек балыққа
ұқсас болады. Тек дене мөлшері мен қоректенуінде ғана өзіне тән аздаған ерекшеліктері
бар.
Ал бақа дернәсілі – итшабақтың (шөмішбалық) дамуының әр сатысында елеулі
өзгерістері болады. Уылдырықтан шыққаннан кейінгі ерекше белгі – артқы аяқтың
білінуіне 2,5 айдай, екі жұп аяқтың қалыптасуына 3 айдай уақыт кетеді. Дернәсілдер 2
жыл 8 айда кәдімгі ересек бақаға айналып, құрлыққа шығады (2-сурет).