45
жабысқақ шырын бөлетін түкті.
Мұндай өсімдіктерге шықшылдық, шыбынжұт және т.б.
жатады.
Теңгежапырақты шықшылдық Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
облыстарының шымтезекті, сазды жерлерінде өседі.
Дөңгелек жапырақтары сабақтың түбін айнала орналасады (2-сурет (1, 2). Жапырақ
тақтасының үстіңгі беті мен жиектерінде қармалағыш безді түктері бар. Түктерінің ұшы
жабысқақ сұйықтыққа толы. Тәуліктің кез келген мезгілінде жапырақтарынан мөлдір
тамшылар шығады.
Жапырақ бетіне қонған бунақдене (шыбын, маса) безді түкке жабысып қалады.
Құтылу
үшін қимылдаған сайын безді түктер тітіркеніп, жапырақ тақтасы қусырылады.
Түктен бөлінген шырынның құрамында етті тағамды қорытатын сұйықтық болады.
Бунақдененің денесі қорытылып, жапыраққа сіңеді. Бірнеше күннен кейін жапырақ беті
жазылып, бунақдененің қалдығын жел ұшырып әкетеді. Түктері өте сезімтал.
Шыбынжұттың (шыбын аулағыш)
жапырақ тақтасы қаусырмалы, екі жақтаулы (2-сурет ).
Жақтауларының жиектері ұзын түкті, беті қысқа сезімтал түкті. Сағағы жалпақ
болғандықтан қонған шыбын жапырақ тақтасына жеткенде сезімтал түктердің әсерінен
жақтаулар қусырылады. Шыбын әбден қорытылғанша қос жақтаудың ішінде қалады.
Жетілмеген жапырақтар. Ылғал жетіспейтін шөлді,
шөлейтті, құмды жерде өсетін
өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе
мүлде болмайды (мысалы: сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла және т. б.).
Достарыңызбен бөлісу: