жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі (еркін нысанда);
жиынтық табыс мөлшері туралы анықтамалар (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
отбасы жағдайы туралы анықтамалар (некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, балалардың (бар болса) туу туралы куәліктерінің көшірмесі);
Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар;
тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үймен пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) патронаттық тәрбиеге қабылдауға тілек білдірген адамдарды оқытуды аяқтағандығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2020 жылғы 1 шілдеден бастап).