Кодекстің 97 бабына сәйкес, асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкін. Асырап алушының өтініші бойынша балаға тегі мен атын беруге болады, әкесінің аты асырап алушының аты бойынша немесе асырап алушы әйел болса – ол көрсеткен әке аты бойынша айқындалады .
Егере бала 10 жасқа толса, онда оның деректері (тегі, аты, әкесінің аты) тек баланың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн. Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi. Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі. Асырап алынған баланың туған күнiнің, айының, жылының және (немесе) туған жерiнiң өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» мақалаға сәйкес, асырап алынған баланың ЖСН, асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн шартты түрде алынып тасталады. Сот шешімі бойынша баланың туған күні өзгертілген кезде балаға жаңа ЖСН беріледі.