Бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуына құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, ал Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар болып табылады.Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар болып табылады.
1.Бала түсінігі
Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды. Қазақстанда 18 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. “Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы” (ҚР Конституциясы 27-бап).
2.Баланың өз құқықтары
Бала кукыктары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралынын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата анасынын келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап коя береді. Дегенмен, ондай тандаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама кайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланын әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарынын қалауына қарай әкесінің атына "кызы" сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланын ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі
жакты дамуын Бала өмірге келе салысымен тірк еуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы:
Әрбір өз бала отбасында , а , ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы; Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы жанасымен ажыратуға ешкім құқықты емес: Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ; • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; kz • Әрбір баланын ой пікір, ар-ождан және дін еркіндігі құқығы бар: Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; Бала өз ойын еркін айтуға құқылы