Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы



бет16/20
Дата10.04.2023
өлшемі29,53 Kb.
#81109
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Бала құқығы туралы заң

41-бап





Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар:



а) қатысушы мемлекеттердің заңының; немесе


ә) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық нормаларының құрамында бола алады.




ІІ БӨЛІМ





42-бап





Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді.





43-бап





1. Осы қабылданған Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындаудағы қол жеткен жетістіктерін қарау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитет құрылып, ол төмендегі көзделетін функцияларды орындайды.



2. Комитет жоғары адамгершілік қасиеттерімен және осы Конвенция қамтитын саладағы біліктілігімен жұртқа танылған он сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелерін қатысушы мемлекеттер өз азаматтары қатарынан сайлайды және жекелей түрде қатысады, сонымен қатар географиялық әділ бөлінуіне, сондай-ақ басты құқықтық жүйелерге көңіл бөлінеді.



3. Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттер ұсынған адамдар тізіміне енгізілгендер қатарынан жасырын дауыспен сайланады. Әрбір қатысушы мемлекет өз азаматтары қатарынан бір адамды ұсына алады.



4. Комитеттің алғашқы сайлауы осы Конвенция күшіне ену күнінен алты айдан кешіктірмей өткізіледі, бұдан сон-екі жылда бір рет өтеді. Тіпті болмағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір сайлау күнінен төрт ай бұрын қатысушы мемлекеттерге екі ай ішінде өз кандидатураларын ұсыну жөнінде хат жолдайды. Бұдан соң Бас хатшы қатысушы мемлекеттерді көрсете отырып, олардың ұсынған адамдарын алфавиттік тәртіппен тізімдей отырып, бұл тізімді осы Конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне тапсырады.



5. Сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Хатшының шақыруымен болатын қатысушы мемлекеттердің отырыстарында жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің қатысуы кворум болып саналатын осындай отырыстарда, ең көп дауыс алған және қатысып отырғандар санының абсолюттік көпшілік дауысын және дауыс беруге қатыстырылған қатысушы мемлекеттер өкілдері санының басым көпшілік дауысын алған кандидат, Комитет құрамына сайланған болып табылады.



6. Комитет мүшелері төртжылдық мерзімге сайланады. Кандидатуралары екінші рет қайта ұсынылған жағдайда, олардың қайта сайлануға құқығы бар. Бірінші сайлауда сайланған бес мүшенің өкілеттік мерзімі екі жылдық кезеңнің аяғында аяқталады; осы бес мүшенің аты-жөнін бірінші сайлаудан кейін, дереу жеребе арқылы отырыстың Төрағасы анықтайды.



7. Комитеттің қайсыбір мүшесі қайтыс болған немесе жұмысты тастап демалысқа шыққан жағдайда, я болмаса ер немесе әйел адам қандай да бір өзге себеппен Комитет мүшесінің міндеттерін одан әрі орындай алмайтын болса, оны ұсынған қатысушы мемлекет қалған мерзімге Комитет құптаған жағдайында, өз азаматтарының ішінен, басқа сарапшыны тағайындайды.



8. Комитет өзінің меншікті рәсім ережелерін белгілейді.



9. Комитет өзінің лауазымды тұлғаларын екі жылдық мерзімге сайлайды.



10. Комитет сессиялары, әдетінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде, немесе Комитет белгілеген басқа ыңғайлы жерде өтеді. Әдетінше Комитет сессияларын жыл сайын өткізеді. Комитет сессиясының ұзақтығы анықталады және ол қажет деп табылған жағдайда Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің кеңесінде Бас Ассамблея құп көрсе қайта қаралады.



11. Комитет өз жұмысын осы Конвенцияға сәйкес тиімді түрде жүзеге асыруы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы қажетті персонал бөліп, материалдық қаражат беріп отырады.



12. Осы Конвенцияға сай тағайындалған Комитет мүшелері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы белгілеген ретпен және шарт бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының қорынын берілетін, Бас Ассамблея бекіткен сыйақы алады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет