Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.
Неміс дефектологы П.Шуман. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда нақты көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық қызмет болуы тиіс. Оның міндетіне балалармен қарым-қатынас орнатуда дамытушы немесе түзету жұмысы ғана емес, сонымен қатар, бағалау қызметін сүйемелдейтін ортақ тәсілдер, оқушылармен жұмыстың бірыңғай стратегиясын дайындау бойынша педагогтармен және ата-аналармен тұрақты ынтымақтастық орнату кіреді.
Инклюзивтік білім беру практикасын жалпы білім беру мектептерінде дамыту олардың құрылымдарында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының өзара бірлескен консилиум жұмыс жасайды. Консилиум мүшелері баланы оқыту мен тәрбиелеуде анықталған проблемаларды жою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. Бала өзгерген жағдайда баламен түзете дамыту жұмысының жоспарын әзірлейді. Консилиум мамандарының педагогтар ұжымымен немесе жеке мұғалімдермен, оқушының ата-анасы мен мектеп әкімшілігімен кеңеседі.
Ең алғашқы оқушым сөйлеу тіл бұзылыстарының салдарынан, инклюзивті білім алатын еді. Яғни сөйлеу тілінде бұзылысы бар болатын. Ең бірінші ата-аналарымен хабарластым. Сол кісілердің қолдауы арқылы сабақты әрі қарай жүргізе бастаған болатынмын. Оқушының өзімен төмендегідей бағытта жұмыстар жүргіздім:
Өзіне деген сенімділігін арттырып, жігерлендіретін сөздер айттым
Балаға сурет салдыру арқылы, талдау жүргіздім
Жеке қабілеттеріне байланысты түрлі бағыттар бойынша жоспармен жұмыстар жүргізілді
Музтерапия және арттерапия әдістерін қолдандым
Ойындар арқылы ойлауымен әңгімелесу арқылы тіл бұзылыстарын дамыту жұмыстарын жүргіздім.
Жалпы, онлайн оқу үшін ұстаздардар тікелей ата-аналармен байланыс орнатып отырады. Сонымен қатар оларға кеңес, қолдаулар көрсетілді. Яғни баланы қызықтыра білуге, олардың берілген тапсырманы орындауға қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс. Өйткені ұстаз экранның арғы бетінде болған соң, көп жағдайда ата-аналардың қолдауы қажет еді. Ата – аналарға қандай қолдау көрсетіледі?
Білімнің белестерін бағындыру үшін, балаға қолдау қажеттігі
Оқушы бойында озық қасиеттерін баса назарда ұстауларына
Үйден артикуляциялық жаттығуларды қайталау
Мектеп психологтары психологиялық кеңестер беріліп, тренингтер жүргізеді.
Ендігі мәселе жүргізілген жұмыстардан, нәтижесін көру болып табылады.
Баламен жұмыс істейтін барлық мамандар оқушыны қолдаудың жеке бағдарламасының мазмұнын орындауға міндетті болады. Баланы қолдау бойынша негізгі жүктеме мұғалімге жүктеледі, ол оқушының оқудағы және әлеуметтенудегі жетістіктері үшін жеке жауапкершілікте болады.
Психологиялық-педагогикалық қызметтің мүшелері кәсіби этиканы сақтауы, психологиялық-педагогикалық тексеру, консультативтік қызмет немесе басқа да қызмет түрінің барысында алған мәліметтерді оқушыға мәдени түрде жеткізу керек.
Педагог-дефектолог мүмкіншіліктері шектеулі балаларға терең зерттеу жүргізеді, әрбір баламен түзету-дамыту жұмысының жоспарын анықтайды, оны іске асырады, тәрбиеленушілердің даму динамикасын қадағалайды, тәрбиелеу мәселесі бойынша педагог қызметкерлерге ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді.
Осындай мамандардың ынтымақтастықпен жасаған жұмысының нәтижесі мүмкіндігі шектеулі бала үшін маңызы зор.
Біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз айқын. Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын әрбір ұрпаққа жақсы тәрбие мен білім беру. Ерекше білімді қажет ететін балалардың отбасына және жеке өздеріне қолдау көрсету. Психологиялық тренинтер өткізіп, олардың қалыпты жағдайда болуына көмек қолын созу. Егер міндетімізді орындасақ, мақсатымызға жеткендігіміз болады.
Жарқын болашақты қалыптастыратын – Жас ұрпақ!