Шымкент қаласы
Қазақстанның зияткерлік “Бәйтерек” мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова А.Е.
Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту, ойын ойната отырып оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету, қисынсыз ойлауға дағдыландыру.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойын түрлерінің мазмұнына талдау жасау; бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлерінің жүйесін жасау, әдістемелік жинақ дайындау; дидактикалық ойындарды жүргізудің тиімділігін анықтау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру Мақсаты: Міндеті: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім а) Дидактикалық ойындардағы іс-әрекет ә) Ойынды өткізу түрлері б)Ойын арқылы іске асатын дағдылар в)Ойынға қойылатын талаптар г) Сабақтардағы ойындарды пайдаланудың тиімділігі. 3. Қорытынды Жоспары: Кіріспе Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында саналы да сапалы біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман дайындау делінген.
Ұлы жазушы М.Әуезов: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін –білім», -деген екен. Олай болса, еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты бағыттарының бірі-білім.
Кеше ғана көк туын желбіретіп, шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында –мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы –Ұстаз тұрады.
Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көзқарасты өзгертіп отыр.Бұл күнде әр адам сан-салалы өзгерістерге тез бейімделгіш стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет.
Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көзқарасты
өзгертіп отыр.Бұл күнде әр адам сан-салалы өзгерістерге тез биімделгіш стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет. .
Мұндай жағдай іс жүзінде асу үшін мектеп бітіргендерге арналған әр түрлі түсіндірме ( радиодан, теледидардан, мерзімді баспасөзден т.б.) жұмыстары жүргізілсе, жеткіншек ұрпақ үшін бұл аз. Бұған қосымша осы мақсатта мектепке келген күннен бастап, жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек.
Бұл жағдай өз кезегінде қазіргі мектепке дамыта оқыту мәселесін алып келді деп ойлаймыз.
Дамыта оқыту технологиясы оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.Оқушының ойлауы дамуының маңызы шарты-оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп-салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстырусияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.
Ал оқушылардың өз бетінше жұмыстарына стандартты емес тапсырмаларды қосып отыру ұсынылады.
Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады.
Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап (дербестігін, ізденімпаздығын, қызығушылығын, логикалық ойлауын т.б.) олармен жеке- дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, танымды ізденімпаздығы қалыптасады.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді.
Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде, үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның бәрі дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттігін дәлелдейді.