«Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»КММ
Дефектолог; Боранбаева Гулжан Сеилбековна
Ата-аналарға арналған нұсқау.
Тақырыбы; Бала өмірі кімнің қолында?
Дамуында ауытқуы бар балалардың ата-анасымен, жанұялық консультант болып жұмыс атқарғанда, бірінші болып, ата-аналарының балаларының болашағын қалай көретіндігі көзге түседі. Практика көрсеткендей, қабылдау әдістері өте кең диапазонда болады. Кейбір ата-ана, күнделікті балаға байланысты күйбелең тіршілікпен айналысып, оны алда не күтіп отыр деген сұраққа ойлануға мұршасы жетпейді. Кейбіреуіне баланың болашағы бұлыңғыр, оларды ойлау өте үлкен депрессияға түскенмен тең, орындалмаған қиял мен ормандар іспеттес. «Баланың болашағы сатымен көтерілу, әрбір жаңа қадам бұл «біз кімнен кембіз» деген сұраққа аргумент пен дәлел іздейтін ата-аналар да табылады. Баланың ауыр халін ата-анасы әркең айта беріп, өзінің қоғамдық орны өзін құрметтеу сезіміне берілетін жағдайлар аз емес. Осы айтылғанның бәріне тән белгі, баланы қоршаған адамдардың мына фактіні естен шығаратындығы: балалар жанұя ішінде қалыптасқан қарым-қатынас арқылы өмірді таниды. Эмоциялық әрекет ету арқылы, мимика, жесттер, дауысы арқылы ата-аналар махаббатымен бірге, балаларына еріксіз, адамдар мен заттарға, өзін ұстау формаларын т.б. үйретеді. Осы бүгінгі қарым-қатынас бала көріп жүрген, оның ертеңгі ішкі болмысы болады, оның негізгі «мен» болмысының қалыптасуының кірпіші болады. Өкінішке орай, көп жанұяның үлкен мүшелері өзара аз араласып, сөйлеседі, тек қажеттілікпен ғана араласады. Бұл кезде баланың аурумақ күйі көбінесе еріксіз әкесіне, «жағаласа беретін әжесіне» әсер ету құралы ретінде, ұрыс-тартыс пен жанұядағы керістерді шешетін «тиімді» құрал етіп қолданады.
Ата-аналардың осындай баланың өмірлік перспективалары, балаға да жанұяға да тиімсіз екендігін дәлелдемесе де болады. Бұл кезде балаға қажетті көңіл бөлінбейді, ата-ананың көңілі тек кейбір ньюанстарға (мысалы баланың сырт киіміне, қажетті біліктілік пен қоғамдық орнына назар аударылады), бұл кезде баланың «мені» қаралмай, басқа нәрсемен алмастырылады. Өкінішке орай баланы осылай жартылай тәрбиелеуді кейбір мамандар да қолдайды, олар ата-аналардың баласына деген күтулеріне барынша назар аудармай, өзінің жұмысында баланың дамуының нормалық талаптарына, яғни баланың ерекше күтіміне ғана назар аударады. Бала дамуының жалпы дамуына назар аударған педагог, ата-ананың баланың «бұлтсыз» болашағына деген сенімін қостау нәтижесінде баланың шынайы өмірмен кездесу уақыты кері шегеріледі. Ата-аналар баланы тезірек шынайы өмірлік қарым-қатынасқа енгізудің орнына, тиянақты әрі ұқыпты оны «қосымша жолға» жібереді, бір кезде бала өзі өздігінен стандартты білім беру маршрутына түседі деп ойлайды. Ең ерте жастан бастап бала жақсы дамуы үшін, баланы үздіксіз оқыту, (тәрбиелеу) процесіне енгізген жеткілікті емес. Ата-аналардың ең көп тараған қателігі: баланың оқудағы жетістіктерін шынайы өмірлік тәжірибемен тең етіп қоюы. Баланың психикалық даму механизмі оған білім, біліктілік пен дағды берумен шектелмейді. Бұл бала мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынаста жатады, бұл кезде бала өз бетімен әрекет етеді, стимул бермей-ақ.
Баланы коррекциялық түзетіп-дамытып оқыту, арнайы педагог және психологтармен жүргізіледі, ол баладағы қоғамдық тәжірибені шектеулі қабылдауға қарамай, бала өзіндік тәжірибе мен дағдыларда алуына көмектеседі, бұл дағдылар оны қоршаған өмірлік кеңістікте өз бетімен әрекет етуге бағытталған. Баланың өзіндік тәжірибені жинақтау жылдамдығы баланың мүмкіндігін шектейтін дефектіге байланысты, бірақ ол бұл процессті түгелдей анықтамайды. Көптеген мысалдар, медициналық жағынан бірдей кемшілігі бар балалардың әр түрлі жылдамдықта және әр түрлі бағытта дамитындығын көрсетеді.
Көпшілік үшін, бұл «баланың бассүйек миы солай орналасқан» немесе генетикалық жағынан дамуға жақын тағы басқа деп түсіндіруі мүмкін. Баланың ағзасында өздігінен психикалық дамудың дайын бағдарламасы жоқ. Бала қандай деңгейде және қандай жылдамдықпен дамитындығы оның айналасындағы адамдар мен қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан ағзалық кемшілік пен психикалық даму арасындағы байланыс жанама болады, біржақты және түзу емес. Көрнекі ғалымдардың бірі Л.С.Выготский баланың дамуы бірінші кезекте дамудың қоғамдық ситуациясына байланысты. Мүмкіндігі шектеулі баланың кейінгі өмірі ол тәрбиеленіп өсіп жатқан жанұялардағы ситуацияларға байланысты. Баланың дамуындағы бұл фактор көбінесе медицина және педагогика жұмысшыларының назарынан тыс қалып отырады. Бұл жағдайда балаға көмек көрсетудің жанұялық-орталықтандырған моделі көп реабилитациялық потенциалға ие, өйткені ол мамандардың жұмысын бала өмірінің микроқоғамдық белгілеріне, бірінші кезекте жанұяда қалыптасқан жағдайларды өзгертуге бағытталады.
Практика көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулі баланың жанұясы өзіндік психологиялық атмосферамен ерекшеленеді, бұл атмосфера бала мен ата-анасы үшін теңдей ауыр болуы мүмкін. Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың дүниеге келуі, ата-аналардың өмірге, өздеріне және басқа адамдарына деген көзқарасты өзгертеді. Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаға тұрақты үздіксіз қамқорлық ету қажеттілігі, ата-аналардың еңбек ету мүмкіндігін шектейді, қалыптасқан жанұя өмірін өзгертеді, жанұяның экономикалық және қоғамдық статусына теріс әсер етеді. Бұның барлығы жанұяда белгілі психологиялық ерекшеліктерді қалыптастырады: қарым-қатынас қиынға соғады, жанұяның өмірлік перспективалары кемиді, жанұя бірлігі кемиді. Бұл кезде жанұялық қарым-қатынастардың оптимальдық күйге жетуі және жанұяны қоғамдық дезадаптациялау кезінде баланы жақсы дұрыс реабилитациялау тек медициналық және педагогикалық әдістермен шешілмейді. Қол жеткізген нәтижелерді, ата-ана тарапынан дамуында және әрі қарай жетілдіруіне ықпал жасалуы қажет. Басқаша болған жағдайда баланың дамуындағы оң нәтижелер уақытша болады немесе нольге теңеледі. Сондықтан түзету процессі ұйымдастырудың тиімді әдісі, тек қана баламен жұмыспен шектелмейді, жанұямен белсенді әрекеті арқасында жүзеге асады, жанұя түзету жұмысының нәтижесіне тек жауапты мүше.
Оңалту орталығының мамандарының жұмысының бастапқы және маңызды кезеңі ретінде, жанұя, баладағы ағзалық (шектеулер) кемшіліктеріне қарамастан психикалық дамудың негізгі бұлағы болып табылады. Бұған байланысты жақын ересек адамның, мүмкіндігі шектеулі баланың оқыту және тәрбиелеуге деген жауапкершілігі көп ретке өседі. Бұл жауапкершілік баланың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру ғана емес, оған махаббат пен қамқорлық көрсетіп, эмоциялық қолдау көрсетіп қана қоймай, бұл баланың өзіндік белсенділігі мен автономиясын қолдап, қалыптастыру, өзіндік өмірлік тәжірибені жинауға көмектесу.
Ерте жасынан қалыптасқан жанұямен қарым-қатынас, оның психикалық дамуына ерекше әсер етеді, баланың соңғы өмірін анықтайды. Жанұя ішілік қарым-қатынастардың бұзылуы, баланың психофизикалық күйлеріне күйінің кемшілігін арттырады. Осыған байланысты бір көргенде «балалық» мәселелерді талдаған кезде, жанұяны түзету процесіне белсенді түрде енгізу қажет, «ата-ана» арқылы балаға ата-анаға кеңес беру нәтижесінде балаға әсер ету.
Осылайша, жанұялық-орталықтан әсер ету, түзетіп-дамыту процесін ата-аналарды белсенді қатысушы болып енгізуді талап етеді. Баламен жеке түзету жұмысының нәтижесін бекіту, ата-ананың психологты-педагогикалық компоненті болып табылады, баланың шектеулеріне конструктивті таңдау жасау, оларға компенсация жасау және баламен эмоционалды әсер етудің адекватты әдістерін үйрену. Біздің оңалту орталығында түзету процесі жанұяның қатысуы біздің мекемені басқа арнайы білім беру мекемелерінен ерекшелендіреді, оларда мамандардың барлық күш-қуаты тек баламен жұмысқа негізделген. Көптеген себептерге байланысты ата-аналарды түзету процесіне енгізу өте күрделі мәселе болып табылады. Алайда. Бұл мәселенің тиімді шешімі бала дамуына керемет әсер етеді.
Қолданылған әдебиеттер.
1.Олигофренопедагогика Р.Сулейменова
2.Основы дефектологии В.Лапшин. Б.Пузанов
изд.Москва «Просвещение» 1990г.
3.Психология умственно отсталого школьника
С.Рубинштейн изд.Москва «Просвещение» 1986г.
4.Логопедия Л.Волковой изд.Москва «Просвещение» 1989г.
5.Дефектология №3 2000г,№5 2002г,№2 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |