Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды


Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?



бет2/10
Дата14.05.2023
өлшемі41,89 Kb.
#93068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
буллинг

Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?
Психолог буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтады. Маманның сөзінше, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер етеді, дейді ол.
"Балалар арасындағы буллинг бұрыннан бар нәрсе. Тек қазіргі уақытта телефонға түсіріп алу, оны таратып жіберу секілді әрекеттер бұл мәселені одан бетер өршітіп жіберді. Сонымен қатар қазір буллингтің физикалық түріне қарағанда психологиялық шабуылы көбірек байқалады. Балалар арасындағы суицидтің көп белең алып кетуі де осыған байланысты. Алайда біз бұдан физикалық буллингке қарағанда оның психологиялық түрі қауіпті болады деп айта алмаймыз. Бұлардың екеуі де қауіпті. Мысалы, физикалық шабуыл кезінде қудалауға ұшыраған баланы итеріп жіберіп немесе ауыр соққы жасаса, психологиялық түрінде баланы шеттету, мазақтау, күлкіге айналдыру болады. Мұның барлығы да ақыл-есі қатпаған жасөспірімге ауыр әсер етеді", – дейді психолог.
Психолог мектептегі буллинг көбіне бастауыш және орта сыныптарда кездесетінін айтады. Сөзінше, 10-11 сыныптарда ми құрылымдарының жетілу процестерінің және жасөспірімдердің өзін-өзі реттеу қабілетінің аясында мұндай мәселелер бірте-бірте жойылады.
"Басталған буллингті тоқтату өте қиын. Оның қатысушылары да көп болады. Мәселен, буллер қудалауды ойлап тауып, оны жүзеге асырады. Бақылаушылар – олар даудан алшақ жүреді, бірақ болып жатқан жағдайға жақтау немесе қарсылық реакциясын білдіреді. Соңғысы – құрбан болған бала. Психологияда тіпті "бақылаушының жарақаты" деген термин бар. Көп жағдайда балалар үздіксіз зорлық-зомбылықтың куәгері болу тәжірибесін өз бетімен жеңе алмайды. Яғни буллинг тек құрбан болған баланың ғана емес, үнсіз бақылаушы баланың да психикалық денсаулығына зиян келтіреді", – деп түсіндіреді маман.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет