Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды


Буллинг пен кибербуллингтің баланың болашағына әсері қандай?



бет5/10
Дата14.05.2023
өлшемі41,89 Kb.
#93068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Буллинг пен кибербуллингтің баланың болашағына әсері қандай?
Психолог мектеп кезінде үнемі қудалауға ұшыраған баланың өз-өзін көрсетуі, көшбасшылық қабілеттері мен өзіне сенімділігі төмен болатынын айтады. Мектеп табалдырығынан басталған буллинг баланы ер жеткен шағында да ізінен еріп жүруі мүмкін, дейді ол.
"Буллингке ұшыраған балаға дер кезінде көмек қолын созбаса, ол үнемі біреуден көмек күтіп, арқа сүйеп қалады. Үлкейгенде қолына билік түсетін болса, бала кезінен қалып қойған агрессиясын айналасындағыларға көрсетеді. Жан-жағындағыларға ұрсып, күш көрсетіп жүрген адамдарды психологияда жастайынан "жараланған" жан ретінде қарастырады", – дейді психолог.
Психолог сонымен қатар балалар арасындағы кибербуллинг мәселесіне де тоқталды. Маман балалардың өміріне түрлі гаджеттер мен ойындардың араласып кетуі оларға қарсы көрсеткіштердің болатынын айтады.
"Балалардың 80% телефон мен компьютерге тәуелді болып қалған. Көп жағдайда ойынға беріліп кеткен балалар виртуалды әлемді шынайы өмірмен шатастырып алады да, суицид пен басқа да әрекеттер оларға оңай болып көрінеді. Жоғарыда айтқанымыздай санасы қатаймаған балалар мұны жете түсіне алмайды. Сонымен қоса суицид туралы оқиғаларды балалардың көруіне шектеу қою қажет. Себебі мұны көрген баланың кейбірінің батылдығы оянып, кейбірінің қызығушылығы оянып, осындай әрекетке барып жатады. Себебі балалардың психологиясы әртүрлі болатынын айттық, осы себепті олар ақпаратты да әртүрлі қабылдайды", – деп түсіндірді психолог.
Қорытынды. Балаларды буллингтен қорғау
Психолог балалар арасындағы буллингті мүлдем жою мүмкін емес екенін айтады. Бірақ алдын алу шаралары арқылы оны азайта аламыз, дейді маман. 
"Елімізде мектептегі буллинг мәселесі балалар арасында қалыпты жағдай секілді болып қалған. Алайда бұл олай емес, бұл мәселемен кешенді күрес жүргізу қажет. Бұл ретте Еуропа елдеріндегі мектеп тәрбиесін зерттеп, керек жағын алғанымыз да абзал. Мәселен, еуропалық мектептерде балалардың киім үлгісіне еркіндік берілген. Сол секілді жасөспірімдермен жастайынан ашық әңгімелесіп, диалог орната алады. Бізде керісінше, бала ішіндегіні айтудан жасқанатын кездер аз емес. Осының барлығы бұл мәселені шешуді қиындатып жібереді. Біз буллингті түбегейлі жойып жібере алмаймыз. Бұл бұрын болған, қазір де қайталанады. Тек осыған өзіміз дайын болып, балалар арасындағы қудалау мен қысымды азайта аламыз", – деп түйіндеді психолог.
Психолог сөзін түйіндей келе әрбір ата-анаға өз баласымен ашық әңгімелесуді, мектеп қабырғасында өзі немесе басқа бала қысымға ұшыраса не істеу қажет екенін түсіндіруге кеңес береді. Сонымен бірге баланың өзі агрессорға айналып кетпес үшін, айналасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру қажет деп санайтынын баса айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет