ОРЫНДАҒАН: 1-топ Әр адамның түсінігі бойынша Әр адамның түсінігі бойынша
Бақыт
Мансап пен қызмет
Даңқ пен атақ
Байлық
Бала
«Адам ұрпағымен мың жасайды»
Мақсаты: - Ата-аналарға баланың мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі отбасы қарым-қатынасының рөлі, ата-ана ескертуге тиісті жағдайлар жөнінде түсінік беру арқылы ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту.
мемлекет.Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты.Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.
“Отбасы –шағын мемлекет
Мен-президент, сен-премьер...”
Қ.Аманжолов
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана. Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамыйды: - адамгершілік
- бауырмалдық
- татулық
- қайырымдылық
- әдептілік
- инабаттылық
«Әкеге қарап ұл өсер,
шешеге қарап қыз өсер»
- Жанұядағы жанжал,
- үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,
- баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,
- біреудің сыртынан өсек айтуы
- балалардың көзінше арақ ішу,
- үсті-үстіне темекі тарту т.б.
«Балаңда өсер, көкейіңді тесер»
Танысу жаттығуы. Ата –аналар шеңбер бойымен тұрып,бір ата- ана есімін алға адымдап атайды, келесі ата ана сол аталған есімді қайталап өзінің есімін айтып арғарай солай жалғасады. Топқа бөлу. Ата-аналар тақтада жапсырылып тұрған жүрекшелерді таңдап алады.Қызыл гүлдер – 1-ші топ.Көк гүлдер – 2-ші топ.Жасыл гүлдер – 3-ші топ
«Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ»
ӘКЕ мен
ШЕШЕ
ІІ Топ:Үш байланыс
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
ІІІ Топ: Ата аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Ата аналармен жұмыс
Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар - 1-ші топ. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс –әрекетіне көңілі толмай «сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»деп айтып жататынын байқаймыз.бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
- 2-ші топ. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерін қадағалаңдар деп әкеп тастады. Балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес.Не істейсіз?
- 3-ші топ. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитын оқушылардың барлығында ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ.Күнде әпер деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?
Ата-анаға ұсыныс: - Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
- Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
- Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.
- Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
- Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар
Ата-анаға берілетін кеңес: - Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
- Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
- Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
- Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
- Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
- Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ой толғанысы ... - Егер баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды Балаға үнемі күлсе , бұйығы болып өседі Баланы қолдап отырса , білімге деген ынтасы артады
- Балаға сенім артса , ол батыл болады Бала төзімділікте өссе , адал болып жетіледі Бала қауіпсіз жағдайда өссе , ол адамға сеніммен қарайды
- Бала кекшілдікте өссе , ол қатыгез болып өседі Бала адалдықта өссе , әділ болып жетіледі Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді
Достарыңызбен бөлісу: |