Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі



бет4/6
Дата02.04.2023
өлшемі73,71 Kb.
#78389
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ғылыми жоба

Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәрбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал ұл бала үшін әкесі жынысына байланысты жақын және олардың мінезі-құлықтары мен қарым-қатынасында көптеген ұқсастықтар анықталады, сондықтанда ұл баланың қабілеттілігі әкенің ықпалына байланысты деп айтып жататыны осыдан. 

Әкенің балаға үлгісі.Әке ұлына күшті жыныс өкілі ретінде үлгі болады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек 

Әкенің балаға үлгісі.Әке ұлына күшті жыныс өкілі ретінде үлгі болады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек 

Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады және оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мәнін игеруге мүмкіндік тудырады, адамдарға қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді. 

Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу – бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Өйткені осы жастағы ер баланың бойынан шығармашылыққа, өзінің өмірден орнын іздеу сияқты талпыныстарын байқауға болады. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер кезінде бағыт-бағдар көрсетсетсе, бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады. Ер бала бойында болып жатқан кез келген өзгерістерді ескеріп, ата-ана баламен жүргізетін тәлімдік, тәрбиелік істерді олардың барлық қырынан зерттей, ішкі «Меніне» әсер ететіндей ешқандай іс-әрекетке бармай, жақын досындай ақыл-кеңес бере отырып жүргізуі қажет. Сонда ғана ата-анамен бала арасындағы қарым-қатына соң нәтиже береді. Сондықтан да, әрдайым өзіндік педагогикалық білімді толықтырып отыру, басқа да ата-аналардың тәжірибелерінің жағымды жақтарын қолдану, мектеп пен мұғалімдер мен бірігіп жұмыс істеуді қолға алу, ата-аналарға арналған өзіндік , әдебиеттерді оқу керек. Бірсөзбен айтқанда, егер сіздің балаңыздың өмірде белгілідеңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына еңбектендіре отырып, көмек беру қажет. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өтетиімді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет