Бала тәрбиесіндегі әкенің РӨЛІ



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі425,89 Kb.
#6972

 

 

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ 



 

  

Жүздеген мамандық, кәсіп түрі бар. Бірі темір жолын құрайды, 



басқасы  үй  салады,  үшіншісі  бидай  өсіреді,  төртіншісі  адамдарды 

емдейді,  бесіншісі  киім  тігеді.  Сөйте  тұра,  күзетшіден  бастап 

министрге дейін  барлық кәсіп иелерін  алмастыруға  болады.  Орнын 

толтыруға  болмайтын  бір  ғана  мамандық  бар.  Ол  –  ұлға  әке  болу. 

«Әке  көрген  тон  пішер»,  «Әкеге  қарап  ұл  өсер»,  «Бір  әкенің 

тәрбиесін  жүз  мектеп  бере  алмайды»  деген  нақылдар  «әке» 

мамандығының қадір-қасиетін артық ауыз сөзсіз-ақ ұғындырып тұр. 

Айтпағымыз  басқа  арна.  Мақаламыздың  жүрегі  – «Әкенің  балаға 

беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» деген хадис мәтіні болмақ. 

Әу  баста  өзінің  белінде  су  болып,  ертең  ұрпағын  жалғастырушы, 

мұрагер атанатын ұл бала әрбір әке үшін қымбат. Және ол баласына 

бойындағы  барын  да,  нәрін  де  бергісі  келеді.  Ендеше,  «ең  жақсы 

сыйымыз» қаншалықты мәнді әрі көркем болып жүр?

 

ӘКЕ БЕРЕТІН ДӘРУМЕН!

 

«Бірде  баласының  мазасыздығынан  әбден  мезі  болған 



Қожанасырдың әйелі ашуға беріліп: «Отағасы, бұл менің ғана балам 

емес. Сен де оның әкесі саналасың. Олай болса, бала бағуға сенің де 

көмектесуің  қажет.  Оған  12  сағат  мен  қараймын,  12  сағат  сен 

қарайсың»  деп  шарт  қояды.  Қожанасыр  амалсыздан  келіседі. 

Ұйқыда  жатса  әйелі  иығынан  түртіп:  «Тұр,  сағат  12  болды,  менің 

кезегім  аяқталды,  енді  сен  қарайсың»  деген  екен.  Сонда  ол:  «Сен 

өзіңе  тиесілі  бөлікті  қарап  біттің  бе?  Онда  менің  бөлігімде  жылай 

берсін» деп жауап береді».

 

Иә,  бұл  бір  сәттік  әзіл  болғанымен,  астарында  ащы  ақиқат 



жатыр.  Бала  бір  нәрсені  бүлдірсе,  бұзықтық  жасап  қойса  әке 

тараптан  анаға  айтылатын:  «Балаңа  қарамайсың  ба?»,  «Осы  сенің 



тәрбиеңнен!»,  «Осыған  ие  болмай  не  істеп  жүрсің?»  сынды 

айыптарды  құлақ  шалуымыз  соның  айғағы.  Еркектің  тұрмыс 

қамымен  түзде  жүретіндігі  рас.  Бірақ,  оның  бұл  әрекеті 

жауапкершілікті  әйелдің  мойнына  артуын  ақтамайды.  Өйткені, 

«әйел  беретін  дәруменді  еркек,  еркек  беретін  дәруменді  әйел 

ешқашан бере алмайды екен» (Б. Тілеухан). Су оттегі мен сутегінің 

қосындысымен  ғана  кемелдігіне  жететіндігі  секілді,  әке  мен  ана  өз 

орнында  болғанда  ғана  бала  тәрбиесі,  отбасы  иммунитеті  жақсы 

көрсткішке  жетеді.Балаға  теледидардағы  біреу  емес,  өз  әкесі  үлгі 

болса – ең үлкен жетістік.

 

ӘКЕ МІНЕЗІ БАЛАҒА ЖҰҒАДЫ!

 

Баланың  бойындағы  ер  мінезділік,  өжеттілік,  мәрттік 



қасиеттер  әке  арқылы  қалыптасады.  Әкенің  бойындағы  қасиет 

балаға беріледі немесе «жұғады». Қазір балабақшадағы, мектептегі, 

университеттегі  тәрбие  әйел  адамдардың  қолында  екендігі  де 

жасырын  емес.  Әсіресе,  осы  кезеңде  әкенің  тәрбиеге  араласуы  өте 

маңызды. Қарапайым ғана шеге қағу, балға ұстау, шұрып бұрау, ат 

міну,  аяқ  киім  тігу,  электр  тоғын  жалғау  сынды  әйелдің  шамасы 

келмейтін  шаруаларға  баулу  да  әке  мойнына  артылған.  Әке 

көрмеген  бала  ертең  балға  сұраса  ара  әкеліп  жатса  таңғалмаймыз. 

Баланы өзімен бірге ертіп жүру, шамасы жетпейтін шаруа болса да 

жай  ғана  қарап  тұруға  қалдыру,  көлік  жуғызу,  анасы  мен 

қарындастарына  ауыр  заттарды  көтертпеуге  үйрету  –  ертеңгі  күні 

жеміс беретін әдістерден.

 

«БАЛАҢДЫ АЯСАҢ, АЯМА!»

 

Әке балаға арнайы тапсырмалар беріп, белгілі бір жұмыстарды 



тапсыруы  қажет.  Және  кешкісін  оны  міндетті  түрде  тексеріп,  кем-

кетігін  үйреткені  абзал. Омар  ибн  әл-Хаттаб  (оған  Алла  разы 

болсын): «Қиын  өмірге  бейімделіңіздер,  себебі,  сіздерде  үнемі 

сәттілік  болмайды» деген  екен. «Балаңды  аясаң  аяма!»  деген 

тамаша даналық бар. Әкенің салқын қандылығы баланы шыңдайды. 

Ал  керісінше,  «балам  пәлеге  ұшырайды»,  «балам  қиналып  қалады» 

деп  шаруадан  тыю  –  үлкен  қателіктердің  бастауы.  Сөзімізді 

толықтыру  үшін  мына  бір  оқиғаны  айта  кетейік.  «Мейірімге 

шомылып,  еркелікке  бой  алдыра  бастаған  баласының  болашағына 

алаңдаған әке жанына шақырып алып: «Балам, бүгіннен бастап саған 

бір тиын бермеуге бел байладым. Маған өз маңдай теріңмен тапқан 

табысыңды  алып  келетін  бол.  Әйтпегенде,  шара  қолданамын»  деп 

тапсырма  береді.  Ақ  саусақ  бала  ары  жүріп,  бері  жүріп  мардымды 

жұмыс таба алмай анасына келеді. Анасы тығып азын-аулақ қаражат 

беріп, әкесіне табыстауға кеңес береді. Бала қуанып, әкесіне келеді. 

Әке  ақшаны  алды  да  жанып  тұрған  отқа  тастай  салды.  «Жоқ,  сен 

мұны  өз  еңбегіңмен  тапқан  жоқсың!»  деп  қабағын  шытты.  Бала 



шіміркпестен  жөніне  кете  барады.  Келесі  жолы  жары  мен 

баласының 

қарым-қатынасына 

алаңдаған 

анасы 

тағы 


да 

жанашырлық танытып ақша береді. Әкесі оны да бүлк етпестен отқа 

тастай салды. Бала бұл жолы да теріс бұрылып кетіп қалады. Арада 

біраз  уақыт  өтеді,  баласының  бейғамдығына  әкенің  қаһары  ояна 

бастайды,  өзінің  қалтасында  қаражаты  таусылып,  әбігерге  түседі. 

Ақыры қара жұмыс болса да істеуге бел буып, көрші ауылға кетеді. 

Бірнеше  күннен  кейін  алғашқы  табысын  алып,  кеудесіне  қуанышы 

сыймай  әкесіне  келеді.  Әке  тағы  да  ақшаны  алып  отқа  тастайды. 

Сонда бала шыдай алмай оттағы ақшаны өз қолымен суырып алады. 

Әке жымиып: «Еее, балам! Міне, сен мұны өзіңнің адал еңбегіңмен 

таптың!» деп басынан сипаған екен».

 

ҚАРЫНДАСЫ МЕН АНАСЫН ҚЫЗҒАНУ – ӘЙЕЛІН 



ӘЛПЕШТЕУДІҢ ҰШҚЫНЫ

 

Жасынан  қарындасына  қызғанышы  қалыптасқан  еркек 



әйелінің аманатына берік әрі оны әлпештей алатын болады. Өйткені 

қарындасы  –  ағасының  ар-ұятының  негізгі  өлшемі.  Қарындасты 

қызғану  бұл  -  әр  ер  адамның  бойынан  намысшылдық,  ұлтын  сүю 

секілді  қасиеттерді  оятатын  тәрбиенің  алғашқы  ұшқындары.  Қору, 

қызғану өзiне аяулы болған дүниенi өзгеге қимағандықтан болатын 

сезiм. Сондықтан,  балаға  қарындасын  қараңғыда  қалдырмауға, 

сөмкесін  көтеріп  жүруге,  аналарына  ауыр  көтертпеуге  үйрету,  әке 

жоқта үйге келген кісіге есік  ашып, сөйлесуге, телефон қоңырауын 

өзі  көтеріп,  жауап  беруге  дағдыландыру  қажет-ақ.  Ата-дәстүріміз 

бойынша, еркек үйде жоқ кезде бөтен ер кісілер үйге кірмеген. Осы 

нәрселерді  білген,  анасы  мен  қарындасын  қызғануды  түсінген  бала 

ертең әйелін де қызғанып, қорғай алады.

 

Еркек хайуандар да басшылыққа бейім!

 

Басқарушылықты  еркек  жыныстылардың  табиғатына  салып 



қойған  –  Алла.  Білесіз  бе,  айғырлардың  өзі  белгілі  бір  жасқа 

жеткенде үйір жасап, қарамағындағыларды басқарады. Тіпті, қасқыр 

шапқан кезде  сиырлардың  еркектері  дөңгелек  жасап  ұрғашыларын 

қорғайды.  Бұл  кез  келген  жыртқышқа  тән.  Ал  баланы 

басқарушылыққа  баулитын  –  әке.  Ол  үшін  әке  өз  отбасына  мықты 

басшы  болуы  тиіс. «Ер  –  бас,  әйел  –  мойын» дейді  дана  қазақ. 

Айырмашылық  бар  ма?  Әрине,  бар.  Бас  әрқашан  бас  болып  қалу 

керек.  Сол  себепті,  баланы  нәзіктік  пен  әйел  табиғатына  тән 

қасиеттерден  аулақ  ұстаған  жөн.  Балаңызды  жастайынан 

жылаңқылықтан,  арызқойлықтан,  асыра  сәнденуден,  айна  алдында 

көп  отырудан  тыйыңыз.  Ердің  әйелге,  әйелдің  ерге  ұқсауы 

шариғатта тыйым салынған нәрсе болып саналады.  Ата-ана оған өз 

жынысына тән жүріс-тұрыс, мінез, киім, сөйлеу әдептерін түсіндіруі 

керек.  Әрдайым  санасына  «Сен  –  өз  отарыңның  «бақташысысың, 



қорғансың,  отағасысың,  ел  тұтқасын  ұстар  ер  азаматсың»  деген 

сөздерді құйып отырудан жалығуға болмайды.

 

КӘСІП ҮЙРЕТ БАЛАҢА!

 

Отбасының  нәпақасы - отағасының мойнында. Еркек үшін ең 



үлкен  садақа  –  отбасына  жұмсаған  қаражаты  болмақ  әрі  кәсіп 

қылған  еркек  –  Алланың  сүйіктісі.  Еркектің  табысында,  шешімінде 

береке болады. Тіпті, Құран аяттарында еркектің қарамағындағылар 

үшін  қаражат  жұмсауы  себебінен  артық  етілгендігі  айтылады.  «Ер 

адамдар  әйелдерді  –  Алла  оларға  бір-бірінен  артықшылық  бергені 

әрі  олар  мал-дүниелерінен  жұмсауы  себепті  –  басқарады».  («Ниса» 

сүресі, 34-аят). Сол себепті, балаға дүние табуды, еңбек етуді үйрету 

–  тағы  да  әкенің  құзырындағы  нәрсе.  Бұл  нәрсе  іспен  көрсетіліп, 

өзімен  ертіп  жүріп,  ауызбен  айтып  немесе  арнайы  оқулықтарды 

оқыту  арқылы  жүзеге  асады.  Мәселен,  ауылдағы  7-8  жастағы 

жылқышының  баласы  сыртынан  қарап-ақ  жылқының  қайсысы 

қысыр, қайсысы буаз екендігін, қасапшының 6-7 жастағы баласы ірі 

малдың  қанша  елі  ет  беретіндігін  сыртынан  ақ  айтып  бере  алады. 

«Әке  көрген  оқ  жонар»  деген  осыдан  қалса  керек.  Және  балаға 

отбасының  асыраушысы  болатындығын  қайталаудан  қайтпау 

қажеттілігі осы жағдайға да қатысты.

 

 

 



ОБАЛ, САУАП, БОРЫШ

 

Әкенің балаға өсиет ететін тағы бір маңызды ұғымдары – обал, 



сауап,  борыш.  Бабаларымыздың  өмір  жолына  бір  үңілейік.  Бірде 

Малайсары би қасына келген жас Сырымға былай дейді:

 

Асусыз тауға кездестім,



 

Арылмас дауға кездестім,

 

Аямас жауға кездестім,



 

Өткелсіз суға кездестім,

 

Елсіз шөлге кездестім,



 

Табылмас жоққа кездестім

 

Дауасыз дертке кездестім, - осы жеті жұмбағымды шешіп бер дейді. 



Сонда Сырым былай деп жауап қайырады:

 

Асусыз тауға кездессеңіз –



 

Тізеңіз қалтыраған болар,

 

Таяқ ұстаңыз – таяныш болады.



 

Арылмас дауға кездессеңіз –

 

Балаңыз тыңдамайтын болар,



 

Аямас жауға кездессеңіз –

 

Келініңіз сыйламайтын болар.



 

Келін мен балаға керең болыңыз,

 

Тілсіз, үнсіз терең болыңыз.



 

Өткелсіз суға кездессеңіз –

 


Көзіңізді мұнар шалған болар.

 

Елсіз шөлге кездессеңіз –



 

Қатарыңыз аз қалған болар.

 

Табылмас жоққа кездессеңіз –



 

Орындалмаған арман болар.

 

Дауасыз дертке кездессеңіз –



 

Опасыз  жалған  болар,  -  деп  шешіпті.  Сонда  Малайсары:  «Тауып 

айттың, шыны солай. Енді есіңе сақтайтын үш сөз бар: обал, сауап, 

борыш.  Осы  үш  сөзді  есіңнен  шығармасаң,  айналаңнан  ел  кетпес, 

елің  кетпесе  сыртқы  дұшпан  ештеңе  етпес,  одан  кейінгі  ақылым  – 

жақынды жаралама, алысты қаралама!»- дейді.

 

Байқап отырсаңыз сұрақ-жауаптың соңы тәрбиеге толы ақылға 



ұласып  кетті.   Обал,  сауап,  борыш,  жақынды  жараламау,  алысты 

қараламау – бүгінгі қоғамға да ауадай қажет ұғымдар. «Обал» сөзі – 

өте  ауыр  азабы  бар  іс-әрекет,  күнә,  қылмыс,  азғындық  деп 

түсіндіріледі.  Қасиетті  Құранда:  «Олар  жасаған  істерінің  обалын 

тартады»  деген  аят  бар.  («Хашыр»  сүресі,  15-аят).  Бұл  аятты 

мұсылман  ғалымдары  «адамдар  жасаған  күнәлі  істерінің  жазасын 

бұл  дүниеде  де,  Ақыретте  де  тартады»  деп  түсіндірген.  Міне,  осы 

жағдайды жақсы ұғынған бабаларымыз жастардың құлағына «обал» 

деген  ұғымды  құйып  отырған.  Нанның  қиқымын  шашсаң  обал 

болады,  күшікті  немесе  мысықты  бекерге  қинасаң  обал  болады, 

малды ұрып-соқсаң обал болады, көктеп тұрған бұтақты сындырсаң 

обал  болады.  Мұны  сіңіріп  өскен  бала  күнә  деген  апатты  ұғынып 

өседі.

 

  



«Сауап» – жасалған жақсылық үшін Алла тарапынан берілетін 

қарымта  сый.  Алла  разылығы  үшін  жасалған  әрбір  жақсы  іс  сауап 

болып есептеледі. Мысалы, кұлшылық жасау, сабақ оқу, ғылыммен 

айналысу,  біреудің  қажеттілігін  өтеу,  қарыз  беру,  сәлемдесу,  аш 

адамды  тойдыру,  шөлдегенге  сусын  беру,  кішілерге  қамқор  болу  – 

бәрі  де  сауап  істер  қатарына  жатады.  Мұны  сіңіріп  өскен  бала 

жақсылық жасауға құштар болады.

 

Борыш  өтелмесе,  оның  артында  сұрауы  бар  екенін  жақсы  білген 



халықпыз.  Борыш  –  парыз  ұғымына  жақын.  Парыз  деп  –  шариғат 

иесінің,  яғни  Алла  Тағаланың  міндетті  түрде  орындалуын  талап 

ететін  іс-әрекеттерді  айтамыз.   Мұны  сіңіріп  өскен  бала  Раббысы, 

ата-анасы,  отбасы,  туған-туысы,  қала  берді  отаны  алдындағы 

міндеттеріне  салғырт  қарамайды.  Жинақтай  айтқанда,  қазақтың 

обал,  сауап,  борыш  деген  сөздерінің  астарында  ұшан  теңіз  мазмұн 

жатыр.  Малайсары  бидің  «Есіңнен  шығарма!»  деп  Сырымға  қатаң 

тапсыруының  бір  мәні  осында  болса  керек.  (e-islam.kz  сайтындағы 

материалдар пайдаланылды).

 


Бұл үшеуі де Алланың және адамдардың құрметіне жеткізетін 

қасиетті ұғымдардан саналады.

 

ӘКЕ МЫСЫ

 

Қазір ғаламтор  беттерінде:  «Балалар  «Тамақ  ішкім  келеді?», 



«Ақша бар ма?», «Қандай киім аламын?», «Кіммен дос боламын?», 

«Пәлен  деген  затым  қайда?»,  «Қайда  қыдырамыз?»,  «Сабағыма 

көмектесші» секілді барлық сауал-өтініштерін анасына бағыттайды. 

Әкелеріне  «анам  қайда?»  деген  бір  ғана  сауал  жолдайды»  деген 

мәтіндегі  сурет-видеолар  кең  таралуда. Иә,  әке  –  үйдің  патшасы. 

Өзінің  рационалдылығымен  баланың  өміріндегі  ең  маңызды 

таңдауларға жол сілтеуші. Дегенмен, бала тәрбиелеудің бабалардан 

жетіп,  алайда,  қаймағы  бұзылғалы  тұрған  тағы  бір  әдісі  бар.  Ол  – 

қас-қабақпен  басқару,  тәрбиелеу.  Яғни,  «әке  мысы»,  «сесі», 

«қатулығы».  Оның  бұл  қаталдығы,  талапшылдығы  баласын  жек 

көргенінен емес. Түздегі әке перзентін, ұрмаса да, ұрыспаса да, бала 

содан  қаймығып  сескеніп,  құрметтеп  өсуі  тиіс.  Еркек  образының 

жиынтығын әкесінен көргені абзал. Ол үшін аналарымыздың көмегі 

қажет.  Олар  балаларына  «әкең  біледі»,  «әкең  шешеді»  «әкеңмен 

ақылдас»,  әкең  ренжиді,  әкең  рұқсат  бермейді»  дегенді  жиі  айтып, 

өзі де күйеуіне патшадай құрмет көрсете білуі тиіс.

 

P.S:  Бірде  қарт  Құнанбай  баласы  Абайды  шақырып:  «Балам,  



сен әкеңе жете туғансың ба, өте туғансың ба?» деп сұрайды. Сонда 

Абай:  «Әке,  мен  өте  туғанмын,  өйткені,  мен  ақын  болдым»  деген 

екен. Аз ғана ойланған дана Құнанбай: «Жоқ, сен маған жете тудың. 

Өте туу үшін Абай секілді бала тәрбиелей алуың керек» деп жауап 

қатқан деседі.

 

«Жақсы маман – жұмысын жақсы атқарушы емес, білгенін үйретіп, 



жақсы маман дайындай білуші». Сол секілді, еркек қандай әке бола 

алғандығымен де бағаланады.

 

Ұлыңызға  беретін  «ең  жақсы  сыйыңыз»  мәнді,  берекелі,  жемісті 



болсын!

 

  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет