Балабақшаға арналған тәжірбие-эксперемент картотекасы Тәжірибе Балаларға судың пішіні жоқ екенін көрсету. Тәжірибе мазмұны



Дата07.01.2022
өлшемі4,53 Mb.
#16933
Байланысты:
эксперименттік тәжірибе картотекасы


Балабақшаға арналған тәжірбие-эксперемент картотекасы

1.Тәжірибе

Балаларға судың пішіні жоқ екенін көрсету.



Тәжірибе мазмұны: Суда пішін жоқ, сондықтан қандай көлемдегі ыдысқа су құйсаң да, сол пішінді қабылдайды. Балалармен көлшік қалай пайда болатынын еске түсіру

2.Тәжірибе

Тәжирибе мақсаты: Балаларға судың дәмі жоқ екенін ұғындыру. Тәжірибенің мазмұны Судың дәмі жоқ. Тәжірибенің алдында балалардан судың дәмі қандай екенін сұрау. Балаларға қайнаған су беріп, дәмін сұрау. Екі стаканды алып, біреуіне тұз , екіншісіне қант салып араластырып, балаларға ұсыну. Судың дәмі қандай болғанын сұрау.

3.Тәжірибе

Тәжірибенің мақсаты: Балаларға судың буға айналатынына көз жеткізу. Тәжірибе мазмұны. Кақпағы бар ыдысқа суды қайнатып, қақпағын ашып, судан тамшы пайда болып, жерге түсетінін бақылату.

4.Тәжірибе

Тәжірибенің мақсаты:Су барлық тіршілік атаулыға жан бітіретін қасиеті бар екенін балаларға түсіндіру. Тәжірибенің мазмұны Судың қасиетін білу. Балалармен тез бүршік жаратын бұтақты кесіп алып, оны қарастырып, суға салып қою керек. Бұтақты балалар байқайтын жерге қою қажет. Уақыт өте ол жанданады.

5.Тәжірибе

Мақсаты: Доптағы ауаның қысымдығын тексеру.

Дайындау: қатты үрленген доп, шамалы үрленген доп, жәй үрленген доп, жақсы үрленген доп, жәй қарындаш.

Түсіндіруі: Доптың ішінде не бар? Ауа доптың бүйірлерін қысады, сондықтан ол секіреді. Суретті қарап салыстыр. Қандай доп секіре алмайды? Неліктен? Доп жақсы секіру үшін не қажет?

6.Тәжірибе

Мақсаты: қандай материалдар суды қалай сіңіреді. Дайындау : стакандағы су, пипетка, поднос, дәптердің парағы, картон, целофан, мата қиындысы, салфетка, жәй қарындаш. Түсіндіруі: кенеттен жаңбыр жауып кетті, ал сен көшедесің. Қолыңда қолшатырың жоқ. Бір –ақта сенің сөмкеңде әр түрлі заттар жатыр. Бет орамал, дәптер, картон қағаз, қағаздан салфетка және целован пакеті. Қолшатырдың орнына нені пайдалануға болады? Бірнеше тексереуден өткізейік. Суды пипетка арқылы подностағы заттарға тамыз

Қортынды:

Балалардың жасаған тәжірибелері басқа да іс-әрекеттермен тығыз байланысты болып, олар бір-бірімен екі жақты байланыста болады. Тәжірибелік әдістің басты жетістігі, ол балалардың жан –жақты дамуына мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет