Балабақшамен қоштасу Мақсаты



бет3/3
Дата03.11.2022
өлшемі20,17 Kb.
#47112
1   2   3
Байланысты:
Балабақшамен қоштасу

Ойын шартыБалалар ойыншықтардың арасынан оқу құралдарын жинау керек.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндердің балабақша қызметкерлеріне айтатын алғысын қабыл алыңыздар !!!
Кәусар: Тәтті тағам пісілген,
Айран,сүтін ішкізген
Ұлбосын аспаз апайым
Айтамын сізге мың алғыс!
Барлық балалар: «Мың алғыс»
Бағнұр: Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер Бақыт апайға мың алғыс!
Барлығы бірге: «Мың алғыс»
Жасия : Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз
Тәрбиеші апайлардың
Еңбектерін ақтаймыз
Тәрбиеші Анар, Гүлзат
Апайларыма мың алғыс!
Нұрай : Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!

Барлығы бірге: «Мың алғыс»
Бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектерімізге кішкентайларымыздың ыстық лебізін тыңдасақ.
Сұлтан: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқада жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың.
Раяна: Қош, балалар, сәт сапар
Үлгілі бәрің болыңдар
Жақсы оқып әрқашан
Тек «5» -тікті алыңдар
«Төлдер» әні орындайтындар: Нұрай мен Балжан
«Жұмбақ әлем» Мақсаты: Балаларға ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысу,өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Орындық Мөлдір: Ойын шарты: Балаларды айналдыра отырғызады. Тәрбиеші бір баланы ортаға шақырып, құлағына бір сөзді сыбырлайды. Бала сол сөзді қимыл — әрекет ету арқылы отырған балаларға түсіндіреді. Балалар оны табу керек. Дұрыс сөзді тапқанша түсіндіре береді. Тапқан бала ортаға шығады. Ойын жалағаса береді.


«Оқуда озат боламын» әні орындайтын Жасия Жаңа өмір басталсын, Үміт сенім ақталсын.
Алғашқы бүлдіршін вальсі Көңілде мәңгі сақталсын.
Түлектеріміздің қоштасу вальсін қабыл алыңыздар
Би: «Вальс»
Ән: «Шіркін сурет сабағы»

Жүргізуші: Әр бір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Сол ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата-ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата-аналарға сөз кезегін береміз.
Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі завучы Боранбаева Әлия апайға сөз кезегін береміз. (Балаларға сыйлықтар табысталады.)
Жүргізуші: Барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет