1990 жылы 25 қазанда Қазақ кср жо­­ғар­­ғы Кеңесі «Қазақ кср-інің мем­­ле­кет­­­тік егемендігі туралы» дек­ла­ра­ция қабыл­дады. 1991 жылғы тамыз және желтоқ­сан оқиға­лары



бет1/3
Дата16.02.2023
өлшемі29,34 Kb.
#68441
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Парламентаризм биліктегі халық­тың барлық тобының өкіл­ді­гін қамтамасыз ете отырып, демо­кра­тия­ның негізгі элементі ретінде мем­лекеттік тұрақтылыққа және аза­мат­тық қоғамның дамуындағы сабақ­тастыққа ықпал жасауы тиіс. Бұл еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды институт болып саналады. Бүгінгі таңда азаматтық қоғам мен әлемдік өркениеттің дамуы пар­ла­ментаризмнің заманауи тенденция­ларымен анықталады. Сондықтан қазақ­стандық парламентаризмді дамыту мәселелері мен тетіктері өзекті. Қазақ­стандық парламентаризм инс­ти­тутының қалып­тасу кезеңі қателіктер мен қиын­дықтардан, түзетулер мен табысты алға ұмтылулардан тұратын күрделі жолдардан өтті.Тарихқа көз жүгіртейік. 1990 жылы наурызда он екінші шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы болды. Бұл сайлау толыққанды саяси партияларсыз өткізілсе де, тота­литар­лық жүйенің өзгеру үдерісіне қайтарым­сыздық сипат берді. Он екінші шақыры­лымдағы Жоғарғы Кеңес Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасу тарихында ерекше рөл ат­қарды. Бұл 90-жылдардағы бір­қатар маңызды құқықтық актіні қабыл­дау мен мемлекеттік саясатты заңна­ма­лық тұрғыдан қамтамасыз ету жетістік­терімен айшықталды.
1990 жылдың 24 сәуірінде «Қазақ КСР Президенті лауазымын белгілеу және Қазақ КСР Конституциясына (Не­гіз­гі заңына) өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» Қазақ КСР заңы­мен Қазақ КСР Президенті лауазымы бекі­ті­ліп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз­дің бірінші Президенті болып сайланды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жо­­ғар­­ғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мем­­ле­кет­­­тік егемендігі туралы» дек­ла­ра­ция қабыл­дады.
1991 жылғы тамыз және желтоқ­сан оқиға­лары – Мәскеудегі сәтсіз «бүлік» пен Беловеж келісімдері – КСРО тарихының соңғы нүктесін қойды, ал 1991 жылдың 16 желтоқ­санында Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының Мем­­лекеттік тәуелсіздігін жариялады. Рес­­пуб­ликадағы осы бір тарихи сәттен бас­­тап ұлттық тәуелсіздікті, азаматтық құ­қық­­тар мен бостандықтардың нақты кепіл­­дік­терін қамтамасыз етудің, демо­кра­­тия­лық қоғам мен құқықтық мемлекет құру­дың сапалық жаңа кезеңіне өту басталды.
1993 жылғы Конституция қазақстан­дық қоғамның дамуына оң динамика беріп, бірпартиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден және тарихи зорлық-зомбылық идеологиясынан бас тартуды бекітті. Сонымен қатар 1993 жылғы Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы Жо­ғарғы Кеңеске өте ауқымды өкі­лет­тіктер берді. Бұл билікті бөлу ұс­танымдарын жүзеге асыруды, тежеу мен теңгермелік жүйесін құруды қиындатты. Реформаларды одан әрі жүзеге асыру жедел өзгеретін оқи­ға­ларға шұғыл жауап бере алмайтын әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайтын республикалық органдардың, ең алдымен өкілетті биліктің тиімсіздігі анықталды. Тежеу мен теңгермеліктің жұмыс істемейтін тетіктері Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуға не­месе оны ауыстыруға мүмкіндік беріп, нәти­жесінде республиканың өкілді ор­ганы­ның қызметін мерзімінен бұрын тоқ­татуға және өзін-өзі таратуға әкеп соқты.
1994-1995 жылдар қазақстандық пар­ламентаризмнің қалыптасу тарихында өте маңызды кезең екенін атап өткен жөн. 1994 жылдың сәуірінен 1995 жыл­дың наурызына дейін жұмыс істе­ген он үшінші шақырылымдағы Жоғар­ғы Кеңес депутаттары тұрақты қызмет атқарған Қазақстанның алғаш­қы кәсіби Парламенті болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет