Балабекова Айман Турдибековна Пән/Сынып: Физика, сынып Қай аптаның нешінші сабағы апта 27 сабақ



Дата13.06.2023
өлшемі244,34 Kb.
#100875
түріСабақ
Байланысты:
8 сабақ Тартылыс құбылысы.


ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Балабекова Айман Турдибековна

Пән/Сынып:

Физика, 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы 3 апта

27 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

ІІІ тарау. Денелердің өзара әрекеттесуі.

Сабақтың тақырыбы:

§16. 17. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Дененің салмағы.

Оқу мақсаты:

7.2.2.10 – масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату

Бағалау критериі:

  • Ауырлық күші мен бүкіләлемдік тартылыс заңын түсінеді;

  • Ауырлық күшінің еркін түсу үдеуіне тәуелділігін талдайды;

  • Салмақ пен ауырлық күш ұғымдарын ажырата алады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс:
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.
1 тапсырма
Суретте кескінделген күштерді анықтаңыз. Әр күшті сәйкес әріптермен белгілеңіз.
2 тапсырма
Графикалық диктант . ия немесе жоқ

Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындайды

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме! Біз сіздермен тақырыбын оқып-үйренесіңдер.
Бүгінгі сабағымыздың алғашқы тақырыбы: Бүгінгі сабақта: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Дененің салмағы.
Сенің білетінің:

  • күш дегеніміз не?

  • денелердің массасы.

Сенің меңгеретінің:



  • Қандай күшті ауырлық күші деп айтатынын білетін боласыңдар;

  • Бүкіләлемдік тартылыс заңымен танысасыңдар.

Сабақтың мақсатымен таныстыру







Презентация
Слайд 1,2

8 минут


Жаңа сабақ

Проблемалық сұрақ:
1.Неліктен күн жүйесіндегі планеталар орбитадан шығып кетпейді?
2.Бір - бірімізбен сөйлесіп тұрғанда арамыздағы тартылысты неге сезбейміз?
3.Адам неге құс сияқты ұшып кетпейді.

Олай болса осы сұрақтарға жауап беру үшін бейнебаянға қарайық:


https://www.youtube.com/watch?v=wQ_tDRSg72g

Денелердің ерекше қасиетттерінің бірі олардың бірін-бірі тіпті алыс қашықтықтан да тартуы жатады. Жердегі, ғарыштық кеңістіктегі барлық денелер бір-біріне тартылады. Күн жүйесінің планеталары Күнге тартылады. Мұндай өзара әрекеттесу гравитациялық өзара әрекеттесу деп аталады.


Ұлы ағылшын физигі Исаак Ньютон гравитациялық өзара әрекеттесуді зерттей отырып 1666 жылы Бүкіләлемдік тартылыс заңы, ашты және ол былай тұжырымдалады.

Анықтама; Бүкіләлемдік тартылыс күші өзара әрекеттесетін денелердің массаларына тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал.








Мұндағы - G - гравитациялық тұрақты деп аталатын әмбебап тұрақты шама.


Гравитациялық тұрақтының сан мәнін лабораториялық жағдайда бірінші рет 1798 жылы ағылшын ғалымы Генри Кавендиш сезгіштігі аса жоғары бұралатын таразылардың көмегімен анықталған болатын.
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/bukilalemdik-tartylys-tartylys-kushi
Формуласына енетін барлық шамалардың тәжірибеде анықталған мәндеріне сүйеніп, гравитациалық тұрақтының сан мәні анықталған:


Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс күшімен түсіндіріледі.

Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы,

Жердің жасанды серігінің қозғалыстары ,

Баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы

Жерге жақын денелердің қозғалысы,

Денелердің жерге құлауы,

Тасу және қайту,

Сарқырамалар,

Қол сөмкесінің ауырлығы.


Жер атмосферасының болуы т.б құбылыстар динамика заңдарымен және бүкіләлемдік тартылыс заңы арқылы түсіндіріледі.





Жаңа тақырыпты меңгеру







Презентация
Слайд 3
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/bukilalemdik-tartylys-tartylys-kushi

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6


Слайд 7,8

9 минут





Тапсырма 1
Суретте кескінделген күштерді анықтаңыз. Әр күшті сәйкес әріптермен белгілеңіз.

Дескриптор;


- суретте кескінделген күштерді ажыратады;
- күштердің сәйкес белгілеуін қолданады.
Дұрыс жауап

Ауырлық күші

Тірек реакция күші

Салмақ күші



Жаңа тақырыпты меңгеру












2 тапсырма
Графикалық диктант:
1.Бүкіләлемдік тартылыс күші дене массаларына кері пропорционал
2.Жердің денелерді тарту күші ауырлық күші деп аталады
3.Ауырлық күшінің өлшем бірлігі джоуль
4.Еркін түсу үдеуінің мәні барлық планеталарда бірдей
5.Бүкіләлемдік тартылыс заңын Кавендиш ашты

Дискрипторлар:


-оқушылар ауырлық күшінің анықтамасын біледі
-бүкіләлемдік тартылыс заңын біледі
-бүкіләлемдік тартылыс күшінің формуласын біледі


Дұрыс жауабы:
1.жоқ
2.ия
3. жоқ
4. жоқ
5.жоқ
Дискрипторлар:
-оқушылар ауырлық күшінің анықтамасын біледі
-бүкіләлемдік тартылыс заңын біледі















2 минут



Бекіту

Сабағымызды қорытындылайық.
Оқу тапсырмасы:
3- тапсырма. Есептер шығару
1.Ай бетінде өздігінен жүретін аппараттың массасы 840 кг. Осы аппаратқа Жерде және Айда қандай күші әрекет етеді.
2.Ғарышкерлер қайсыбір планетада болып, онда дененің массасы мен оған әрекет ететін ауырлық күшін өлшеді. Өлшеулер нәтижелері 1,5 кг және 16,95 Н. Ғарышкерлер қандай планетада болып қайтқан?
3.Суы бар ыдысқа әрекет ететін ауырық күші 24,5 Н.Бос ыдыстың массасы 500г. Ыдыстағы судың көлемі қандай?
Бүгінгі сабақта:
Ауырлық күші мен бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіндірдім;
Ауырлық күшінің еркін түсу үдеуіне тәуелділігін талдадық;
Салмақ пен ауырлық күш ұғымдарын ажырата алатын болады.



Тақырыпты меңгергенін анықтау







Слайд




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет