Қызылшаның таралуына жол бермеу қажет.
|
1.Анықталған қызылша ауруын керекті инстанцияларға хабарлау.
2.Науқасты оқшаулау
3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру
4.Жұқпаның ауа – тамшымен таралуына жол бермеу
5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру
|
СЭС – қа хабарлау
анықталған қызылша ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау
Науқасты оңаша бөлмеде оқшаулайды.
Баланы бөртпе пайда болғаннан бастап 5 күнге дейін балабақшаға жіберуге болмайтынын анасына ескерту қажет.
Учаскеде қатынаста болғандарды анықтау
Карантин 21 күнге жарияланады (2 – 23 сәуір).
Карантин 23 сәуірде ошақта тағы қызылша анықталмаса ғана алынады.
Карантин кезінде қатынаста болғандарды бақылайды (күнде термометрия, жұтқыншақты, тері, шырышты қабықтарды, коньюнктиваны тексеру, катар және улану белгілерінің пайда болуын қадағалау).
Үйде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.
Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орыдалуын қадағалау.
Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.
Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.
Қатынаста болғандарға дәрігердің нұсқауымен қызылшаға қарсы вакцинация жасау.
|