Алдын алу. Арнайы емес алдын алуға: науқасқа және қатынаста болғандарға қатысты барлық іс – шараларды толығымен өткізу жатады. Қызылшадан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады. Қызылша, қызамық, паротитке (ҚҚП) қарсы бір күрделі вакцина салынады. Вакцинаны 12 айлық жасында 0,5 мл мөлшерде тері астына егеді. Ревакцинация – 6 жаста. Арнайы емес алдын алуға: үнемі бөлмені желдету, ылғалды тазалау жұмысын жүргізу, адамдардың топталып бір жерге жиналмауы, балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, баланың иммунитетін көтеру мақсатында шынықтыру, витаминотерапия, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру жатады.