«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет13/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Қызылшақа төбесі –


Күннің көзі өтіпті.
Жаңа кепкен денесі
Жарылып-ақ кетіпті.
Қол-аяғы құрысып,
Қозғалмайды, о несі?
Балшық тері тырысып,
Ашиды бар денесі.
Қылығына күйіне,
Жылай-жылай аһ ұрып,
Балшықұлы үйіне
Келді түнде бақырып...
Кейде жанды жолатпай,
Гөй-гөйіне ол салады. [78, 111 б]
Бұл – ойын қуып, суға шомылып, дене терісі күйіп, жарылып кеткен кәдімгі бала бейнесімен ұқсас құбылыс. Лирикалық кейіпкер әрекетіне балалар өмірінде ұшырасатын шындықты қабыстырған. Ақын балаларға ақылды тыңдамай, мөлшерден тыс суға шомылудың, күнге қызынудың зиянын танытады. Дене күнге қатты күйгенде терінің жарылып кететіні бала оқырманға таныс. Осындай күнделікті шындыққа автор ертегілік сипат дарытқан. Балшықбайдың арқасын вазелинмен майлауы, дәкемен жарасын байлауы – Айбаланың қамқорлық әрекеті. Балаларға лирикалық кейіпкердің ізгі әрекетін үлгі тұту да және балалардың дене күтімін жасай білуге де жетелеу бар. Күн ұзақ суға шомылып, терісі күнсіп, жарылып кеткен балаларға айтар ақылы да көрінеді.
“Балшықұлының мұрнынан неге су ақты?” бөлімінде лирикалық кейіпкердің ақыл тыңдамауынан тартқан бейнетін суреттей отырып, бала қабылдауына тілазарлықтың зиянын жеткізбек. Мұнда шағын тартыс та байқалады. Балшықұлының терісінің сыдырылуы, қалпағының түсіп қалуы – тілазар балалардың әрекеті. Шалдуар балалардың бейнесі ашылған. Балшықұлы Балшықбайдың Айбаланың тілін алмауы, суға түсуі, күнге көп қыздырынуы, жаңбырда далада ойнауы, ауыруы, машина қағып кетуі – мұның бәрі балалар өмірінің қарапайым шындығы. Ертегілік сипат дарыта отырып, балаларға тіл алмаудың, тентектіктің зиянын жеткізіп, ақын балаларды ойсыз әрекеттерден сақтандырады.
Аяқ болса, жалдап мен,
Аралар ем әлемді! –
Деп қояды, балдақпен,
Қайда барам мен еді. [78, 118 б]
Поэма түйінінде тентектіктің соңы өкінішке әкелген мүгедек талай баланың арманы өрілген. Мұнда ойлылыққа жетелеу бар. Бұдан соң лирикалық кейіпкердің сабағын дұрыс оқуы, денесін күтуі, қала ішін кезбеуі – ақылды бала әрекетінің көрінісі. Балаларды тәрбиелеу болғандықтан ақын лирикалық кейіпкерін тентек әрекеттерден арылтып, сабырлы әрекеттерге итереді. Балалар туындысының заңдылығын ескеріп, өмірден сабақ алу сипатын ашқан. Поэмада бала қиялына қалдырып, көңілін жақсы үмітке артады. Автор айтар ой: балаларды тентек, тілазар мінезден сақтандыру, өмірлеріне ұқыптылықпен қарай білу десек, ақын лирикалық кейіпкерді бір жақты сипаттамай, әр қырынан алып, балалардың алуан түрлі мінезін көрсетеді. Бірде тентек, сотқар, шалдуар бала бейнесі көрінсе, бірде ақылды, тілалғыш, тәртіпті бала бейнесі қылаң береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет