Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Батыр ерліктің эпосында, Қобыландының эпостарында және ертегілерінде жеңілмейтін Жауынгер бейнесі бейнеленген. Қобыланды батыр өз отандастарын босануға байланысты бөлмеді, ал ол қай жүздің тумасы екенін сұрамай, барлық далаларды сүйіп, қорғады. Жасөспірімдер жылдары ол көшпелі өзбек мемлекетінің билігіне Әбілхайыр ханға жақындады.
12-билет Махамбет өлеңдерінің патриоттық мәні:
Махамбет – балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ өлеңдерінің бір сыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Ерлікті дәріптейтін шығармаларды көп оқу балалар психологиясына тән нәрсе. Олар мұндай шығармаларды өте тез түсінеді, тез қабылдайды. Балалар әрқашан патриоттық күш – қайрат беретін, өздерін жігерлендіре түсетін шығармалардың ішіндегі кейіпкерлерге үнемі еліктеп отырады. Махамбетттің «Ереуіл атқа ер салмай », «Тарланым», «МАхамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Қызғыш құс» деген өлеңдері балалардың ойына қозғау салатын, патриоттық рух беретін, оң мен солын танытатын тәрбиелік күші басым шығармалар. Сонымен қатар, балалардың жаттап алуына жеңіл, орамы күшті, әсерлі сөздер мен жанды теңеулер бар. Өлеңнің құрылысы өлшемі шағын, қысқарлығы жағынан да балалар үшін ұтымды.
Махамбеттің елжандылық тақырыбындағы өлеңдер:
«Көшер еді -ау біздің ел», «Елмен қоштасу»
Туған ел, батырлық, елжандылық тақырыбындағы :
.
13-билет
Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі:
Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері:
1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.
5. Бата-тілектер.
Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопаната, Сиыр атасы – Зеңгібаба, Жылқы атасы – Қамбарата, Түйе атасы – Ойсылқара, Ешкі атасы – Шекшеката. Шопанатадан «Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер», Қамбаратадан «Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгібабадан «Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсылқарадан «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер», – деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған.