Балалар әдебиеті туралы түсінік Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы


-билет Балалар логикасын, тілін дамытудағы жаңылтпаш пен жұмбақтардың тәрбиелік рөлі



бет9/13
Дата02.06.2023
өлшемі58,61 Kb.
#98185
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Балалар әдебиеті

14-билет

  1. Балалар логикасын, тілін дамытудағы жаңылтпаш пен жұмбақтардың тәрбиелік рөлі:

Жаңылтпашты балаға тілдің орфоэпиялық сөлейу нормасын меңгертуде, ана тіліміздегі игерілетін дыбыстар жүйесін толық, дұрыс, тез айта білуге жаттықтыру мақсатында пайдалануға болады. Ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде ата – бабадан мол мұра ретінде бүгінгі күнге дейін сақталып келген тілге орамды жаңлытпаштар уақыт өткен сайын балалар жазушыларының шығармашылығындағы жаңылтпаштармен толыға түсуде. Жаңылтпаш айтқызу баланың ой – өрісін кеңейтіп, тілін ширатады.
Жаңылтпаш оқу мен айтқызуда еске ұстайтын бір жайт, баланың жас ерекшеліктерні ескере отырып, жаңа дамып келе жатқан тілге жүктеменің, (нагрузка)шамадан көп түспеуін қадағалау. Ол үшін ата – ана ана тіліміздегі дыбыстардың баланың жас кезеңдеріне орай қалыптасып, айтылу ерекшеліктерін білуі керек. Мысалы, сәбилік шақта балаға айтылуы қиын дыбыстар орын алған жаңлытпаштарды күштеп айтқызу үлкен қателік, әрі жаңа қалыптасып келе жатқан тілге қолдан кедергі қоюмен пара – пар. Бала 5-6 жаста тілдегі дыбыстарды таза айтуға тиіс. Балалардың көп жағдайда тілі келмейтін, дұрыс айта алмайтындары «р-л», «н-ң», «с-ш» т.б.дыбыстар,ал халықтың ауызекі шығармашылығында осы дыбыстарды таза айтқызуға арналған жаңылтпаштар молынан.Мысалы:
«Шілікті шаптым, жілікті астым
Жілікті жақтым, жілікті шақтым»
«Асхат жамап — жасқап»
Жаңылтпаш сөздері қызықты, әрі күлдіргі, ұйқасқа құрылады.
Баланың тез жаттап алуына, есте сақтауына жеңіл.
Жұмбақ — қазақ фольклорында өзіндік ерекше орын алады. Әрі баланың ең сүйікті қызыға тыңдап, шешімін тез табуға тырысатын ауыз әдебиетінің бір жанры. Жұмбақтарды айтқызу арқылы ата – ана балаға ана тіліміздің сөздік байлығын меңгеріп қана қоймай, қоршаған орта туралы түсінігін, дүние танымын кеңейте түседі. Яғни, жұмбақтың бала үшін — танымдық рөл атқаратындығы көп дәлелдеуді қажет етпейді. Бос уақытында жұмбақтар айтқызу арқылы ата – аналар өздері мен балалар арасында жұмбақ жарысын ұйымдастырып бала тілін, ақыл – ойының дамуына жол аша алады. Жұмбақтар айтуда да баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, түсінігіне лайықты, қиындық келтірмейтін,балаға таныс заттардың, құбылыстардың шешімін табуға қиындық келтіретін жұмбақтардың айтылуы жұмбаққа деген қызығушылықты жоғалтуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет