Балалар фольклоры



бет1/4
Дата13.04.2023
өлшемі31,67 Kb.
#82337
  1   2   3   4
Байланысты:
Балалар фольклоры


Балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған .Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табыладым
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры,шілдехана, мәпелеу жырлары, тақпақ, , санамақ, сұрамақ, қызықтама, мазақтама, санамақ,өтірік өлеңдерін қамтиды.


Бесік жыры - балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені, баяу әуенмен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жыры – сәбидің дұрыс жетілуінің бірден-бір кепілі. Нәресте үшін ана сүтінің маңызы қандай болса, бесік жыры да дәл солай құнды.
Әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шеберлік пен шешендікке ұмтылып өседі. Әсерлі әуенмен айтылатын ананың әлдиі ақ сүтімен қосылып баланың бойына сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар.
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да...
Қуанышым, арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.

Шілдехана - өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Шілдеханаға тән ерекшеліктердің бірі – бұл тойға қуаныш иесінің жора-жолдастары шақырумен де, шақырусыз да бара береді. өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той.

Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған.


Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын!
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып терлетсін,
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын берікті,
Қол қанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті, ‘
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты..




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет