Балалар фольклоры



бет3/4
Дата13.04.2023
өлшемі31,67 Kb.
#82337
1   2   3   4
Байланысты:
Балалар фольклоры

Санамақ — қазақтың жас балаларға (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады.
Мыс.:
Бір дегенім не? — Бір дегенім білеу,
Екі дегенім не?— Екі дегенім егеу,
Үш дегенім не? — Үш дегенім үшкір,
Төрт дегенім не? — Төрт дегенім төрткүл.
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім - оймақ,
Он бір қара жұмбақ
Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады.
Сұрамақ – мазмұн, тақырып жағынан тақпақтармен үндескенмен, композициялық құрылымы, орындалу мәнерi жағынан олардан ерекшеленедi.
Сұрамақтар диалогқа құрылып, екi баланың кезектесiп айтуына ыңғайлы болып келедi, бiрақ кезектесiп орындау мiндеттi емес оны бала жеке де орындай бередi. Сұрамақтардың тағы бiр ерекшелiгi табиғат құбылыстарымен, жан-жануарлармен адам ретiнде тiлдесу болып табылады. Бұған қарағанда сұрамақтардың шығу тегiнiң тым тереңде екендiгiн байқаймыз. Оның түп негiзi адамзаттың ерте дәуiрдегi әр заттың бойында өзiнше жан бар деген анимистiк ұғымға қарай тартады.

Қарқ-қарқ қарғалар, Қар үстiнде жорғалар. – Жорғалар деп кiм айтар? – Аң аулаған аңшы айтар. – Аңшы айтар деп кiм айтар? – Мал қайырған малшы айтар, – Малшы айтар деп кiм айтар? – Сортаңдағы түйе айтар, – деп тiзбектеле айтылатын сұрамақтардың iшкi құрылымы да қызғылықты. Мұнда әрбiр жолдағы ең соңғы сөз, келесi жолдың басында қайталанып келiп өзгеше бiр ассоциация құрайды. Сол сияқты бiр сөзi ғана өзгерiп келiп отыратын қайталама сауалдар да өлеңге әр берiп отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет